Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Қазақстан және Ертіс өңірінің көрнекі жерлері
27-10-2019 17:53

Қазақстан көрнекі жерлерге бай, тіпті ашық аспан астындағы үлкен бір ғаламат мұражай деуге де болады. Біздің мемлекетімізде өзінің тарихы бар, бай мұрасы бар, естен кетпес естеліктері бар қалаларды табу қиын емес. Осыған орай біз қонақтарымызға, балаларымызға және ата - аналарымызға Қазақстан елінде қандай жерлер бар екенін көрсетуді құп көрдік. Осы мақсатпен "Қазақстан жерінің және Ертіс өңірінің көрнекі жерлері" атты мәдени көрмесін ұйымдастыруды жөн көрдік. Ата - аналар өте жақсы дайындалыпты және көптеген мәдени ғимараттарды, монументтерді және жер таңбаларын т.б. жасап әкеліпті. Көрмеде Астана, Тараз және өзіміздің Ертіс өңірінің сәулетті ғимараттары бой алдырған. Көрме 21 қазан мен 28 қазан аралығында ұйымдастырылды. Бір апта бойы балалар көптеген жаңалықтарды, тарихқа бай Қазақстан жерін білді десек артық болмас. Ата - аналар мен қонақтарға үлкен алғысымызды білдіреміз!