Біздің балабақшада сюжеттік-рөлдік ойындар көрмесі болып өтті. Әр ойынға атрибуттар құрастырылып және көрнекі материалдар әзірленді. Ең жақсысы көптеген заттар педагогтардың қолынан шықты. Мектепке дейінгі жас баланың дамуындағы және оның жеке болып қалыптасуындағы маңызды кезең болып саналады. Бұл кезеңде бала өзін қоршаған орта туралы білім алады, оның жалпы қоғамға және үлкендерге деген қатынасы қалыптасады, мінезі мен құлқының әдептері қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті болып ойын саналады. Ойын ойнай отырып бала рухани және дене күшінің бітімі қалыптасады, жады, ойлауы, тәртіптілігі, ұжымдылығы дамиды. Бала үшін бұл ойындар - үлкендер өміріне апаратын жол болып саналады, яғни үлкеннің рөлін "өзіне кигізу" әрекеті екені анықталады, өмірлік тәжірибе алады. осылайша әрбір топтар өздері аталмыш көрмені жас педагогтарға, балаларға, ата - аналарға ойдағыдай көрсетіліп, жоғарғы бағаға ие болды.
"Сюжеттік-рөлдік ойындар" көрмесі