Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Жаңа жылдық ертеңгіліктер
02-02-2020 20:11

Жаңа жылдық ертеңгіліктердің кезі ол әдемі, мейірімді ертегі кезеңі, қысқы суық күндер келе бастаған мезетте тағатсыздана күтетін әр жылдың қорытындысын көрсететін, балабақшамызда жыл сайын өткізілетін мерекелердің кезеңі. 

2019 жылғы 24-ші желтоқсан мен 27 желтоқсан аралығында біздің балабақшамызда музыка жетекшілері Тючкалова Н.Н. мен Айтенова А.Е. дайындаған жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізілді. 

Мереке кезіндегі көңіл-күйлер балаларды шалқытып жіберді, көптеген тосын-сыйлар, жұмбақтар, ертегі кейіпкерлерімен кездесу, ойындар, конкурстары, әндер, билер көп болды.  

Жаңа жылдық көріністерде қатысқан тәрбиешілер, мамандар мен ата - аналар өздерін жақсы әртістер екенін көрсетті, өз шығармашылықтарын ортаға салды, ұйымдастырушылық қабілеттері көрінді. Олар түрлі кейіпкерлер бейнелеріне енді: Аязата, Ақшақар, Арман перизаты, Мыстан кемпір, Аққала, Қоян, Сұлтан т.б. болып көрінді. Ата - аналар да қалыс қалған жоқ, олар қошеметтерімен көңіл көтерді, көңілді шеңбер жасады, балалардың көңілдері бір серпіліп қалды. Мерекелер соңында естелікке суреттерге түсті.