Біздің балабақшамызда 2020 жылғы 27 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында ата – аналармен бірлескен «Мамандықтар бойынша қуыршақтар» шығармашылық көрме-конкурс ұйымдастырылды, бұл конкурста ата – аналар мен балалар түрлі мамандықтар бойынша қуыршақтарға киімдер әзірлеу шеберліктерін көрсетті, сонымен қатар түрлі техникаларды қолдана отырып қуыршақтарды да әзірледі. Бұл конкурста тоқылған, матадан тігілген қуыршақ-аспаздар, балериналар, пошташылар, өрт сөндіруші, матрос, тіпті спецназ сарбаздары да бар. Әр топ өз жас шамасына сай қуыршақтарды жасады. Ұсынылған қуыршақтар әріректе театралды ойындарда, қойылымдарда қатыса алады, өйткені мамандықтар туралы және басқа да білімдер алу өте қажет, не болмаса болашақ мамандығын да таңдауына көмектесе алатын болады. Барлық қатысқан шеберлер алғыс хаттармен және жеңімпаздар грамоталармен мадақталды.
Мамандықтар бойынша қуыршақтар