Біз спортты жақсы көреміз
Спорт, спорт, спорт,
Денсаулыққа пайдалы,
Денсаулыққа пайдалы,
Секірген әрі жүгірткен
Жаттықтырған адамды,
Хоккейменен волейбол.
Допты теуіп қақпаға,
Ойнаймыз біз футбол.
Шаңғы, коньки, шанамен
Биік таудан асамыз.
Бокс пенен күресте
Алтын, күміс аламыз.
Ерте жастан әрбір адамға міндетті түрде спортқа деген сүйіспеншілік пен ұмтылысты бойына ұштастыру керек, өйткені ол денсаулықты сақтайды және денені шыңдайды, ол көптеген қиындықтарды жеңуге көмектеседі, өзінің көңіл-күйін жақсартады. Спорттың не екенін білдіретін тәсілдің бірі - ол сурет салу. 2020 жылғы 11 ақпанда біз тақырыптық спорттық суреттерге балалар конкурсын ұйымдастырдық. Аталмыш конкурс балаларға танымдық сезімін ғана сыйлаған жоқ, сонымен қатар қызықтырып, тіпті бір-бірімен жарысып сурет салуға да мүмкіндік берді.