«Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
27 қаңтар күні біздің бақшамызда мектеп алды топтардың отбасылары қатысқан "Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз" мерекесі өтті. Мерекеге Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылары шақырылды. Ата-аналар балалармен бірге қазақ тілін үйренуде білімдерін, ұлттық салт-дәстүрлерін көрсетті.