Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)606387
email: yaslisad3400@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қ., Гагарин к-сі, 63
8(7182)606387 (басшы), 8(7182)606388 (вахта), 8(7182)650602 (бухғалтерия).
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жұмыс уақыты: сағ.9.00 – 18.00, түскі үзіліс: сағ. 13.00 – 14.00 Азаматтарды қабылдау: Сәрсенбі: сағ. 15.00 – 17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Балалар бақшасында қазақ тілін үйрету барысында театрландырылған іс-әрекеттердің элементтерін пайдалану туралы
22-09-2011 04:01

 

Балалар бақшасында қазақ тілін үйрету барысында театрландырылған іс-әрекеттердің элементтерін пайдалану туралы

 

Қазақ тілін білу - әрбір азаматтың парызы және оны білу қазіргі заманның талабы болып табылады.

Екінші тілді үйренуге деген бұл біздер, үлкендердің міндетіміз болып табылады. Ойындар, ойын ойнау жағдайлары, көркемдік сөздер тек қана тіл дамыту емес, сонымен қатар есте сақтауды, назарда ұстауды, байқай білуді де дамытады.

Театрландырылған іс-әрекеттер балалардың қиялдауын, есте сақтау мен ақыл-ой қабілеттерін де дамытады. Театр әлемі – бұл ғажайыптары, жұмбақтары, әзіл-сықақтары бар ерекше әлем. Және оны балалардың өздерінің ойнағандары әлдеқайда қызық. Атап айтқанда театр ойындарын ойнай отырып, бала сөзді қайталауды, дауысын қаттырақ шығарып айтуды, мәтін бойынша түрлі қозғалыстары мен қимылдарды көрсетіп, кейіпкердің сипатын бере алады. Баланың сөздік қоры байи түседі, дыбыстарды дыбыстауы түзеледі.

Мысалы, 2 сәбилер тобында тіл дамытудан "Алтын айдарлы әтеш" ойын-инсценировкасы бойынша:

Әтеш– таңертеңгілікте:

Сәлем!– деп айқайлайды.

Балаларға қайталату арқылы олардың ойында таңертең ерте тұру керек екенін, балабақшаға балалардың қалып немесе кешікпеуіне әтеш өзінің айқайымен көмек беретінін түсіндіріп, келтіреді.

2-ші сәбилер тобында ойлау және есте сақтауға үйрету әдістерінің тиімді түрі – «саусақ ойындары». Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған және уқалау (массаж) жасау арқылы мына сергітулерді көрсетуге болады, мысалы: "Балақан":

Балалар қос-қостан бір-біріне қарап тұрады да:

Бала, бала, балақан – сұқ саусақпен

Қане, қайсы алақан – алақанды көрсетеді

Саусақтарың әйбәт – саусақтарды көрсетеді

Былай, былай ойнат – бір-бірін алақандарын тосып, ойнайды.

"Сәлем" ойын-жаттығулары бойынша

Таңертең мен тұрамын – қолдың саусақтары жұмулы

Бәріңе сәлем жолдаймын - қолдың саусақтары жазылады.

Сәлем, Ата! – үлкен саусақтың ұшын көрсетеді

Сәлем, Әже! – сұқ саусақтың ұшын көрсетеді

Сәлем, Ана! – ортаңғы саусақтың ұшын көрсетеді

Сәлем, Әке! – шылдыршүмек саусақтың ұшын көрсетеді

Сәлем, Бала! – кішкентай саусақтың ұшын көрсетеді

Бұдан кейін «Сәлем, Сәлем» деп бір-бірінің қолдарын қысады. "Біз үйде нешеуміз?", "Қуырмаш", "Тәй-тәй, балақай" ойын-жаттығулары балалардың ашылуына, бір-бірінен ұялмауға, педагогтің алдында қысылмауға үйретеді. Балалардың есте сақтаулары, тақпақтарды тез ұғулары қалыптасады, сөздік қорлары молаяды.

Ересек жастағы балалар драмалау ойындарын ойнауға қызығады (рөлдік ойындар). Мысалы, "Дәрігердің қабылдауында", "Дүкенде", "Отбасы" – атты ойындарды рөлге кіру арқылы ойнағанда балалардың бір-бірімен еркін сөйлесуі жақсарады. Мысалы, "Қашқын қоян", "Ақ қоян-ау, ақ қоян", "Түлкішек" ойындарында балалар қоянның және түлкінің бас киімдерін немесе маскасын киіп алып, рөлдерді орындайды.

-Түлкі, түлкі, түлкішек! –

-Түнде қайда барасың? – балалар

-Әжем үйіне барамын – түлкі

-Әжең саған не береді? – балалар

-Ешкі сауып сүт береді, – түлкі

-Оны қайда қоясың? – балалар...

Өз тәжірибеме «Үйшікей», «Бауырсақ», «Тарғыл тауық» ертегілерін немесе олардың фрагменттерін сценарилеуді енгізгенмін.

Бұл ойындар арқылы балалардың тілдік сөйлеу байланысы жақсарады, театрландыру элементтерін пайдалану балалардың танымдық және сөйлеу іс-әрекеттеріне деген қызығушылығын арттырады. Жоғарыда баяндалғандардан шығатын қорытынды, балалардың сөйлеу қабілеттерінің белсенділігін арттыру үшін, олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ тілі сабағында түрлі әдістерді қолдану қажет және пайдаланылатын әдс-тәсілдерді түрлендіру керек.