Телефон доверия
8(7182)606387
email: yaslisad3400@mail.ru
Адрес: Павлодар қ., Гагарин к-сі, 63
8(7182)606387 (басшы), 8(7182)606388 (вахта), 8(7182)650602 (бухғалтерия).
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Жұмыс уақыты: сағ.9.00 – 18.00, түскі үзіліс: сағ. 13.00 – 14.00 Азаматтарды қабылдау: Сәрсенбі: сағ. 15.00 – 17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Шалқан"
15-11-2018 19:55

Күзгі каникул күндері кезінде сәбилер- бақшасында №34 сәбилер-бақшасының даярлық «А» тобының жас актерлерінің орындауында "Шалқан" ертегісінің алғашқы қойылымы өтті.
"Жемчужинки" даярлық тобының жас әртістері өздерінің алғашқы көрсетіліміне сәбилер-бақшасының барлық балаларын шақырды. Олар көрермендер алдында "Шалқан" атты халық ертегісін музыкалық сүйемелдеумен ойнап көрсетті.
Қойылымда көрермендер ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, әрқайсысы өздерінің рөлдерін орындап, ән айтып,би биледі. Спектакльдің барлық қатысушылары әртістік шеберліктерін, басқа образға құбыла білулерін, диалог жүргізулерін, ән шырқап, би билеулерін көрсетті. Бұл үшін көрермендер оларды үздіксіз қол шапалақтаумен марапаттады. Жас әртістер өте риза болып бүлдіршіндерге тағы да одан да көп тамаша ертегілерді көрсетулеріне ықыластарын білдірді. Бұл қойылым музыка жетекшісі Любовь Васильевна Федичкина үшін де сәтті болып шықты. Ол қойылымға және костюмдерді таңдап іріктеуде едәуір шығармашылық күш салды.
Әртістерімізге және оның жетекшісіне сәттілік тілеп, жаңа спектакльдерді асыға күтеміз!