Телефон доверия
8(7182)557851
Адрес: город Павлодар, улица Каирбаева 84
8(7182)557851, 8(7182)651120
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
четверг с 17.00 до 19.00
Мемлекеттік тілге арналған пед.кеңес өтті
13-12-2012 07:55

Біздің балабақшада мемлекеттік тілге арналған  «Педагогтардың сөздік қорын мемлекеттік  тілдегі терминдармен және сөйлеу мәнерін байыту көмегімен ойын тәсілінің үйлесімділігі» тақырыбында пед.кеңес өтті.

Пед.кеңес алдында алдын - алу жұмыстары жүргізілді. Топ тәрбиешілері  ата – аналар жиналысында ата – аналарды бақшадағы мемлекеттік тілдің жағдайымен таныстырып, термин сөздер, диалогтар берді. Мемлекеттік тілде  ашық сабақтар, күн тәртібі, ойын әрекеті, ұйымдастыру  әрекеттерін көрсетті.

Пед.кеңес барысында қазақ тілі мұғалімі «Көптілді қоғамдағы тіл саясаты тақырыбына» баяндама оқыды. Сәбилер бақшасы басшысы С.Т.Түсіпбекова балабақшаның оқу – тәрбие барысында мемлекеттік тілді үйрету жұмысы әртүрлі іс – әрекеттерде жүргізілетіні туралы айтып өтті

-         күн тәртібінде;

-         оқу – тәрбие барысында;

-         ойын әрекетінде.

Пед.кеңес соңында барлық жас ерекшелігі топтарының тәрбиешілері қазақ тілінде ойындар дайындап, өз ойындарының тұсау кесерін жүргізді.