Жас әдіскерлерге арналған семинар
2016 жылғы 13 мамыр айында «Павлодар қаласының №35 сәбилер бақшасының» базасында қаламыздың жас әдіскерлеріне арналған «Білім беру үрдісінде сыни тұрғыдан ойлаудың әдіс-тәсілдерін қолдану» атты семинар өтті. Семинарда әдіскерлер балалармен жұмыс жасаудағы сыни ойлаудың әдіс-тәсілдерімен танысты, осы әдіс-тәсілдерді тәжірибеде іс-жүзінде қолданды.
Семинарда әдіскерлер қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, және семинар жұмысының белсенді өтуіне үлес қосатын: ойлау, бағалау, мамандандыру, ақпаратты сыни тұрғыдан анализдеу, қорытынды жасау сияқты мүмкіндіктерге ие болды.