Балаларды мектепке дайындау барысында тәрбиешілер, ата-аналарға баланың балабақшадағы ұйымдастырылып жатқан күн тәртібімен таныстырды, сонымен қатар балаларға мектепке дейінгі оқу білім бағдарламалық жүктемесімен толық түсіндіріп таныстырды, бұл бала үшін 1 сыныпқа бару кезінде жағымды әсерін тигізеді және баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, салыстыру мен ажырату процестерін дамытуға жол салады.
Мектеп арасындағы сабақтастық мақсатын шеше отыра біздің балабақшада 22 ақпанда № 2, 35 ЖОМ мұғалімдерімен ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өтті.
Бастауыш сынып мұғалімдері ата-аналарға мектеп ережелерімен таныстырды, бала тәртібіне қандай талаптармен ұсыныстар қойылады, бала тәртібімен біліміне неге назар аудару керек екніне түсіндірді: баламен қандай тақырыптарға әңгімелесуге, қандай кітаптар оқуға, тәрбие жұмысында қандай шығармашылық шығарылымдарын пайдалануға болатының айты.
Жиналыстын нәтижесінде, осы жұмыс бағытында ата-аналарда балаларды мектепке дайындау жолында білім беру жүйесі сапалы турде қалыптасқан.
№ 2, 35 ЖОМ Ұстаздарымен кездесу