«Көрісу күні – Амал мерекесі»
Бүгін, 14 наурызда Қазақстанда «Көрісу күні – Амал мерекесі» мерекесі аталып өтуде. Дәстүр бойынша, бұл күні адамдар бір-біріне қонаққа барады, кездескенде: «Өткен жылыңыз құтты болсын!» - деп қол алысады. Бұл күні №51 балабақша ұжымы ұстаздық еңбек ардагерлеріне алғысын білдіреді. Сіздерге ұзақ өмір, бейбітшілік және көптеген қуанышты сәттер тілейміз. Біз сіздердің еңбектеріңізді әрқашан есте сақтаймыз және сізбен кездесуге қуаныштымыз!