Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де көркем, кербез көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қыстың қаһары қайтып, әсем ерекшелігімен көңілді көтеріп, сезімге үміт ұялатқан қыз мінезді көгілдір көктемнің көрікті мерекесінде сарқылмас бақыт пен мәнді де мағыналы ұзақ ғұмыр тілеймін.
Көкжиектен күлімдеп көтерілген күміс күннің шуағы мен ерке көктемнің желпіндірген майда самал желі көңілдерніңізді көтеріп, жүректеріңізге асқақ арман сыйласын.
Отбасыларыңызға және өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, әйел бақытын және білім беру саласы жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.
Бөлім басшысы Г.Қадырбаева