Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182) 32-04-03
email: sad122@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Академик Сәтбаев к-сі, 39
басшы: 8(7182) 32-04-03 есепші: 8(7182) 32-94-87 вахта: 8(7182) 32-04-16
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
9.00-18.00
Бақша тарихы

Біздің балабақша 1992 жылдан бері жұмыс істейді. 1994 жылы біз гимназия мәртебесіне ие болдық.

Бөлінген 50 миллионға балаларға арналған және спорттық алаңдар ойын құралдарымен жабдықталды, робототехника, шахмат, мультимедиялық кабинеттерге арналған жабдықтар, топтарға арналған интербелсенді топтамалар, ән-күй залы жабдықталып, топ бөлмелері, кір жуатын бөлме мен медициналық бөлімі жабдықталды. 2018 жылы  балаларға арналған және спорттық алаңдарын, демалыс алаңын, интеллектуалды алаң мен автожолды ойын модульдерімен жабдықтау мен құралдар алынды.

Жас ерекшелігіне сай түрлі бағыттағы модульдермен жабдықталған ойын алаңдары бар. Олар ағаштан, жарқын түстерден жасалған. Көріп тұрғаныңыздай, балалардың демалысын ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалған. Құмдауық, әткеншектер, қадамдар, төбешік топтамалары, сюжеттік-ролдік ойындарға арналған модульдер.

Біздің бүлдіршіндер бірнеше мәрте халықаралық және республикалық шығармашылық байқаулардың, қалалық және облыстық фестивальдардың, шығармашылық қабілеттіліктерін көрсететін сайыстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары болып табылады. Жылы мезгілде біздің балалар осы алаңда өздерінің демалыстарын өткізеді: тақырыптық концерттер, флешмобтар және тағы басқа ойын-сауықтар.

 «ИграMIX» ойын паркідене шынықтыру сабағы кезінде балалардың қозғалыс белсенділігін арттыру үшін қажетті, түрлі бағыттағы мықты, жарқын конструкциялармен жабдықталған кешен.   Мұнда балалар ойын түрінде бой жазады. Тартылу мен өрмелеуге арналған спорттық кешен, үстел үстіндегі тенниске арналған үстел бар. Төбешіктер, сатылар, әткеншектер және тағы да басқа модульдер кешені педагогтарға көлік түрлерімен немесе өз қалауы бойынша басқа да қызмет түрлерін ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі гимназия қабырғасында балалардың интеллектуалдық дамуына ғана көңіл бөлмей, сонымен қатар олардың физиологиялық дамуы мен оларды спорттық ойындарға да үйретуге назар аударамыз. Бізде өзіміздің футболдық командамыз бар.

Сондай-ақ, осы алаңда стритбол ойынына арналған алаң және ойын модульдері - қылыш сермеу жаттығуларына арналған қабырға бар. Бұл жерде балалардың техникалық дағдылары мен осы ойындарға, жалпы спортқа деген қызығушылықтары артады.

Біздің гимназияның бағыттарының бірі - интеллектуалдық даму. Мына ойын модульдерінде бала қимыл іс-әрекеті және ойын кезінде сандар мен әріптерді естеріне сақтап, санауда сайысады.

Сіздердің назарларыңызда: сандар қаласы, әріптер қаласы және таным ағашы.

Қазіргі уақытта біздің гимназияға 3 және 6 жас шамасындағы 189 бала қатысады. Оқу-тәрбие үдерісіне 24 педагог қатысады, олардың ішінде 55% жоғары және бірінші санатты, 67% педагогтың - жоғары білімі бар.

Балабақшада жас ерекшеліктеріне сай 6 топ жұмыс істейді.

Балалардың жолда жүру қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру мақсатында автожол құрылып, электрмобильдер сатып алынды.

STEM білім беру бағыты бойынша жұмыс істеуді жүзеге асыру барысында біртұтас білім беру ортасы құрылып, коллаборация кіріктірілген жобалары: ағылшын тілі мен информатика, математика мен логика, құрастыру мен робототехника құрылды. Сонымен қатар, замануи форматтағы клубтар: "Шахмат клубы", "Футбол клубы", "Ағылшын тілі клубы", "Дарынды Players", "Робототехника клубы" жұмыс істейді.

         Ал біздің педагогтар мен тәрбиешілердің авторлық әдістемелік кешендері бар:

  • Вариативтік бөлім: «Жүзу бағдарламасы», «Ырғақ», «Ағылшын тілі», «Компьютерлік сауат ашу», «Театр әрекеті»,
  • Әдістемелік және авторлық бағдарламалар: «Дьенеш блогтары», «Кьюзенери таяқшалары», «Монтессори», «Тірек-кесте».
  • Клуб бағдарламалары: «Баскетбол клубы», «Мен- зияткермін», «Робототехника клубы», «Вокал», «Құм терапиясы», «Ритмопластика», «Балғын бояу әлемі», «Хатха-Йога».

Информатика маманы Алькеева Жаннат Арманқызының "Дарынды Players" авторлық бағдарламасы қалалық "Үздік авторлық бағдарлама-2019" байқауында 3 орын, облыстық "Педагогикалық шеберлік-2019" байқауында 2 орын және "Үздік авторлық бағдарлама-2019" республикалық байқауында сертификатпен марапатталды.

Авторская  интегрированная программа «КомпьютерLand» кіріктірілген авторлық бағдарламасы «Панорама педагогических идей-2019» республикалық байқауына қатысты ИПК ПК «Өрлеу».

 

Мультимедия кабинеті

Біздің лингафондық мультимедиялық кабинет лингафон жүйесімен, жеке дара тыңдау-лингафондық құлаққап құралдарымен, арнайы жиһазбен, заманауи мультимедиялық гаджеттермен (интербелсенді үстел, интербелсенді тақта), электрондық оқулықтар мен оқу бағдарламаларымен жабдықталған. Басты бағыты - тілдік оқыту мен компьютерлік сауаттылық.

Гимназиялық бөлімді дамытып, пәнді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ететін кабинеттік жүйе жұмыс істейді. Бастысы біздің бүлдіршіндердің ойлаудың ғылыми-бағытталған түрін қалыптастыру, басты құзіреттілігін дамыту, шығармашылық және көшбасшылық мүмкіншілігін дамыту болып табылады.

Нақты мәселелерді жүзеге асыруда шахмат және робототехника кабинеттерінің тигізетін әсері зор.

Робототехника кабинеті

Робототехника кабинетіне арнайы құрылғы алынды. Информатика мұғалімінің жетекшілігімен балалар робототехниканың қыр-сырын меңгереді. Кабинетте пластикалық бөлікті және минимум электронды бастапқы топтамалармен қатар, модельдерді, датчиктерді басқаруға және құралдарды қолдануға арналған күрделі жиынтықтар да бар. Сонымен қатар оқу бағдарламаларын онлайн тәртіпте көруге арналған интербелсенді тақта да құрылған.