Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
61-69-42
email: sadik115@yandex.ru
Мекенжайы: Кривенко көшесі 87/1
Басшы 61-69-43, әдістемелік кабинет - 61-69-42
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Басшы :дүйсенбі, бейсенбі 15.00 - 18.00 Медбике: күн сайын 9.00 -17.00 Бухгалтер күн сайын 15.00 - 18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілі мұғалімі
Қазақ тілінен ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы Білім бөлімі: Қатынас Тақырып: Құстар. Мақсаты: Жай сөйлем құрастыру. Міндеттері: 1.Құстардың атауларымен таныстыру. 2.Сөздерді орынды қолдана білуге жаттықтыру. 3.Құстарды жақсы көруге, оларды аялауға тәрбиелеу. Сөздік: құстар, бүркіт, торғай, қарлығаш, қарға, көгершін. Құралдар: әліппе-дәптерлер , құстар суреті, құстардың дыбысы жазылған диск,үлестірмелі материалдар, тапсырмалар
Іс-әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс- әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Балаларды музыкалық залға кіргізеді.Жылы қарым- қатынас орнату мақсатында таңғы шеңберді ұйымдастырады.      Балалармен амандасады. -Сәлеметсіңдер ме, балалар ! Балалардың назарын келген қонақтарға аударып, амандастырады. -Бүгін біздің сабағымызға сендердің қазақ тілін қалай үйреніп жатқандарыңды байқау үшін қонақтар келді. Кәне, қонақтармен амандасыңдар. - Өте жақсы, балалар ! Ал мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Тыңдаңдар ! Сниться ночью червяку Чудо-юдо на суку. Длинный клюв и два крыла, Прилетит, плохи дела! А кого червяк боится, Угадали? Это… (Птица) Құстардың дауыстары жазылған диск қосылады. Балалардың назарын жасыл алаңға аударады - Не болып жатыр екен ? Балалар қараңдаршы алаңқайда құстар араласып кетіпті ғой. Енді оларды бір-бірінен ажыратайық. -Мынау қандай құстар ? -Ал, мына құстар ше ?   Балалар музыкалық залға кіреді.Шеңбер жасап, мұғалім артынан қайталайды.Сәлем саған! Сәлем маған! Сәлем, көк аспан! Сәлем достарым! - Сәлеметсіз бе ! – деп мұғаліммен амандасады.         Қонақтармен амандасады. -Сәлеметсіздер ме ?! Балалар жасырынған жұмбақты шешеді. Жұмбақтың шешуін қазақша атайды. ПтицаҚұс Құстардың дауысын тыңдайды. Балалар жасыл алаңқайға келіп құстарды ажыратады. Балалар үй құстарын бір бөлек, дала құстарын бір бөлек ажыратып, сұраққа жауап береді. Әтеш, тауық, қаз, үйрек – үй құстары. Ворона, воробей - ....
Ұйымдастырушылық -ізденушілік  Дала құстарымен таныстырады.Балалар мынау - торғай, ал мынау - қарға. Мынау – қарлығаш. Мынау – көгершін, ал мынау – бүркіт. Артикуляциялық жаттығуды орындатады: - Ға ,–ға, -ға – кішкентай торғай - Қа , - қа, -қа – қара қарға - Кі- кі –кі –үлкен бүркіт Балалар кәне партаға жақындайық. Мен сендерге тосынсый дайындадым. Партаға жақындайды. -Мәссаған, қарандаршы біреу мына суреттерді ұшырып әкетіпті. Бөліктері түгел емес. Қандай бөліктері екенін білу үшін құстың құрлысын есімізге түсірейік. «Құс құрлысын ата» ойыны. Мақсаты: дене мүшелері тақырыбы бойынша өткен материалды еске түсіру. Мұғалім жаңа сөздермен таныстырады. (Қанат, құйрық, тұмсық) -Жарайсыңдар, балалар ! Енді оларды жинауға кірісейік. Ол үшін алыс сапарға шығамыз. Онда көп кедергілер кезігеді. Біздің алдымызда үлкен өзен кедергі болып тұр. Оны өту үшін мына тапсырманы орындауымыз қажет. Ол «Неше құс ? Ата» деп аталады. Назарларын суретке аударады. «Неше құс ? Ата» ойынының мақсаты: сан есім мен зат есімді қосып сөз тіркесін құрастыру. Өзеннен өткізіп, құстардың екінші бөліктерін береді. -Жарайсыңдар ! Енді біздің алдымызда ну орман. Қараңдаршы ағаштары қалай көп. Оны өту үшін «Біреу-көп» ойынының шартын орындау керекпіз. «Біреу-көп» ойынының мақсаты: зат есміді жекеше және көпше түрде атау. - Алақай , біз ну орманнан да өттік. Үшінші бөлігін береді. - Ал біздің сапарымыз әлі біткен жоқ. Енді қарандаршы алдымызда не күтіп тұр. Иә ,бұлар – таулар. Таудан өту өте қиын.Ол үшін тағы тапсырмаларды орындауымыз қажет. Ең бірінші «Салыстыр» ойынын мақсатын орындайық. Балалардың назарын суретке аударады. «Салыстыр» ойынын мақсаты: сын есім мен зат есімді қосып сөз тіркестерін құрастыру. -Біз таудың шыңына жеттік, қараңдаршы тау шыңында қандай құс отыр. Бірақ ол бізді көріп, ұшып кетті. «Не ұшты ?» ойыны. Мақсаты: зат есім мен етістікті қосып, сөз тіркесін құрастыру. Балаларды таудан түсіріп, құстардың төртінші бөліктерін таратады.   -Балалар бізідің құстар әлеміне жасаған сапарымыз аяқталды. Енді балабақшамызға оралайық. Қазір орындыққа отырып, «Сөйлемді толықтыр. Оқы» дидактикалық тапсырмасын орындаңдар. - Өте жақсы. Бүгін біз тапсырмаларды жақсы орындадық. Қандай құс атауларымен таныстық? Құстар туралы тақпақ білесіңдер ме ?Өте жақсы Мұғалімнің артынан қайталайды.- Дала құстары- Торғай - Қарға -Қарлығаш - Көгершін -Бүркіт Артикуляциялық жаттығуды орындайды. Ға ,–ға, -ға – кішкентай торғай Қа , - қа, -қа – қара қарға Кі- кі –кі –үлкен бүркіт       Балалар жауап береді. - Иә.     Балалар, үстелге жақындайды.       Сурет қиындысын аударады.   Балалар сурет бойынша құс құрлысын атайды.       Балалар қайталайды.               Балалар ойынның шартын орындайды.     Өзеннен өтіп, құстардың екінші бөлігін қояды. Суретке назар аударады.     Балалар «Біреу- көп» ойынының шартын орындайды.         Құстың үшінші бөліктерін жинастырады.             Балалар суретке қарап, құстарды салыстырады.       Балалар сұраққа жауап береді. -Бүркіт     Балалар ойынның шартын орындайды.   Балалар соңғы бөлікті орынына қойып, кімді қандай құс екенін атайды. - Менде торғай.           Орындыққа жайғасып, әр бала сөйлем құрап, оқиды.     Хормен жауап береді: -бүркіт - торғай - қарлығаш -қарға. Білетін балалар тақпақтарын оқиды.  
Рефлексивтік – түзетушілік 4.Рефлексия. Алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу, мадақтау Қоштасады.
Күтілетін нәтиже: Білу керек: құстардың қазақша атауын атауды Игеру керек: сөздерді орынды қолдана білуді Үйрену керек: жай сөйлем құра білуді