Қазақ тілі мұғалімі
Қазақ тілінен ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы Білім бөлімі: Қатынас Тақырып: Құстар. Мақсаты: Жай сөйлем құрастыру. Міндеттері: 1.Құстардың атауларымен таныстыру. 2.Сөздерді орынды қолдана білуге жаттықтыру. 3.Құстарды жақсы көруге, оларды аялауға тәрбиелеу. Сөздік: құстар, бүркіт, торғай, қарлығаш, қарға, көгершін. Құралдар: әліппе-дәптерлер , құстар суреті, құстардың дыбысы жазылған диск,үлестірмелі материалдар, тапсырмалар
Күтілетін нәтиже: Білу керек: құстардың қазақша атауын атауды Игеру керек: сөздерді орынды қолдана білуді Үйрену керек: жай сөйлем құра білуді
Іс-әрекет кезеңдері | Мұғалімнің іс- әрекеті | Балалардың іс -әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Балаларды музыкалық залға кіргізеді.Жылы қарым- қатынас орнату мақсатында таңғы шеңберді ұйымдастырады. Балалармен амандасады. -Сәлеметсіңдер ме, балалар ! Балалардың назарын келген қонақтарға аударып, амандастырады. -Бүгін біздің сабағымызға сендердің қазақ тілін қалай үйреніп жатқандарыңды байқау үшін қонақтар келді. Кәне, қонақтармен амандасыңдар. - Өте жақсы, балалар ! Ал мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Тыңдаңдар ! Сниться ночью червяку Чудо-юдо на суку. Длинный клюв и два крыла, Прилетит, плохи дела! А кого червяк боится, Угадали? Это… (Птица) Құстардың дауыстары жазылған диск қосылады. Балалардың назарын жасыл алаңға аударады - Не болып жатыр екен ? Балалар қараңдаршы алаңқайда құстар араласып кетіпті ғой. Енді оларды бір-бірінен ажыратайық. -Мынау қандай құстар ? -Ал, мына құстар ше ? | Балалар музыкалық залға кіреді.Шеңбер жасап, мұғалім артынан қайталайды.Сәлем саған! Сәлем маған! Сәлем, көк аспан! Сәлем достарым! - Сәлеметсіз бе ! – деп мұғаліммен амандасады. Қонақтармен амандасады. -Сәлеметсіздер ме ?! Балалар жасырынған жұмбақты шешеді. Жұмбақтың шешуін қазақша атайды. Птица – Құс Құстардың дауысын тыңдайды. Балалар жасыл алаңқайға келіп құстарды ажыратады. Балалар үй құстарын бір бөлек, дала құстарын бір бөлек ажыратып, сұраққа жауап береді. Әтеш, тауық, қаз, үйрек – үй құстары. Ворона, воробей - .... |
Ұйымдастырушылық -ізденушілік | Дала құстарымен таныстырады.Балалар мынау - торғай, ал мынау - қарға. Мынау – қарлығаш. Мынау – көгершін, ал мынау – бүркіт. Артикуляциялық жаттығуды орындатады: - Ға ,–ға, -ға – кішкентай торғай - Қа , - қа, -қа – қара қарға - Кі- кі –кі –үлкен бүркіт Балалар кәне партаға жақындайық. Мен сендерге тосынсый дайындадым. Партаға жақындайды. -Мәссаған, қарандаршы біреу мына суреттерді ұшырып әкетіпті. Бөліктері түгел емес. Қандай бөліктері екенін білу үшін құстың құрлысын есімізге түсірейік. «Құс құрлысын ата» ойыны. Мақсаты: дене мүшелері тақырыбы бойынша өткен материалды еске түсіру. Мұғалім жаңа сөздермен таныстырады. (Қанат, құйрық, тұмсық) -Жарайсыңдар, балалар ! Енді оларды жинауға кірісейік. Ол үшін алыс сапарға шығамыз. Онда көп кедергілер кезігеді. Біздің алдымызда үлкен өзен кедергі болып тұр. Оны өту үшін мына тапсырманы орындауымыз қажет. Ол «Неше құс ? Ата» деп аталады. Назарларын суретке аударады. «Неше құс ? Ата» ойынының мақсаты: сан есім мен зат есімді қосып сөз тіркесін құрастыру. Өзеннен өткізіп, құстардың екінші бөліктерін береді. -Жарайсыңдар ! Енді біздің алдымызда ну орман. Қараңдаршы ағаштары қалай көп. Оны өту үшін «Біреу-көп» ойынының шартын орындау керекпіз. «Біреу-көп» ойынының мақсаты: зат есміді жекеше және көпше түрде атау. - Алақай , біз ну орманнан да өттік. Үшінші бөлігін береді. - Ал біздің сапарымыз әлі біткен жоқ. Енді қарандаршы алдымызда не күтіп тұр. Иә ,бұлар – таулар. Таудан өту өте қиын.Ол үшін тағы тапсырмаларды орындауымыз қажет. Ең бірінші «Салыстыр» ойынын мақсатын орындайық. Балалардың назарын суретке аударады. «Салыстыр» ойынын мақсаты: сын есім мен зат есімді қосып сөз тіркестерін құрастыру. -Біз таудың шыңына жеттік, қараңдаршы тау шыңында қандай құс отыр. Бірақ ол бізді көріп, ұшып кетті. «Не ұшты ?» ойыны. Мақсаты: зат есім мен етістікті қосып, сөз тіркесін құрастыру. Балаларды таудан түсіріп, құстардың төртінші бөліктерін таратады. -Балалар бізідің құстар әлеміне жасаған сапарымыз аяқталды. Енді балабақшамызға оралайық. Қазір орындыққа отырып, «Сөйлемді толықтыр. Оқы» дидактикалық тапсырмасын орындаңдар. - Өте жақсы. Бүгін біз тапсырмаларды жақсы орындадық. Қандай құс атауларымен таныстық? Құстар туралы тақпақ білесіңдер ме ?Өте жақсы | Мұғалімнің артынан қайталайды.- Дала құстары- Торғай - Қарға -Қарлығаш - Көгершін -Бүркіт Артикуляциялық жаттығуды орындайды. Ға ,–ға, -ға – кішкентай торғай Қа , - қа, -қа – қара қарға Кі- кі –кі –үлкен бүркіт Балалар жауап береді. - Иә. Балалар, үстелге жақындайды. Сурет қиындысын аударады. Балалар сурет бойынша құс құрлысын атайды. Балалар қайталайды. Балалар ойынның шартын орындайды. Өзеннен өтіп, құстардың екінші бөлігін қояды. Суретке назар аударады. Балалар «Біреу- көп» ойынының шартын орындайды. Құстың үшінші бөліктерін жинастырады. Балалар суретке қарап, құстарды салыстырады. Балалар сұраққа жауап береді. -Бүркіт Балалар ойынның шартын орындайды. Балалар соңғы бөлікті орынына қойып, кімді қандай құс екенін атайды. - Менде торғай. Орындыққа жайғасып, әр бала сөйлем құрап, оқиды. Хормен жауап береді: -бүркіт - торғай - қарлығаш -қарға. Білетін балалар тақпақтарын оқиды. |
Рефлексивтік – түзетушілік | 4.Рефлексия. Алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу, мадақтау | Қоштасады. |