Телефон доверия
32-30-51
email: raduga96pvl@mail.ru
Адрес: Лермонтов к-сі, 97
32-73-06.32-33-86
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
часы работы: с 9.00 до 18.00, перерыв на обед: с 13.00 до 14.00 прием граждан: среда - с 16.00 до 19.00, пятница -с 8.00 до 11.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Психологтың кеңестері

Психологтар кеңесі

Ата-аналар мен педагогтарға арналған кеңестер
Балалардың отбасылық және ішкі мәселелерін ашық талқылаңыздар.
Отбасылық жанжалдарға балаларды араластырмаңыздар.
Баланы тыңдай, оның сұрақтарына жауап бере, оның мәселелерін талқылай білу қажет.
Оның өмірінде немқұрайлы емес, шынайы қатысу қажет.
Оған сеніңіз, кездейсоқ еркелігін кешіріңіз.
Балаларыңызға шынайы мақсаттарды қоюға және оларға қол жеткізуге ұмтылуға көмектесіңіз.
Кедергілерді жеңуге міндетті түрде жәрдемдесіңіз.
Баланың үйдегі, балабақшада және даладағы құқықтары мен міндеттерін нақты анықтай біліңіз. Бұл жерде дөрекілік емес, табандылық қажет.
Оны кемшіліктері үшін айыптамаңыз, кінәламаңыз, оны қорқыныш, жалғандық, жауласу әлеміне жолатпаңыз. (Әрекетті сынға алуға болады, бірақ адамды емес!)
Баланың кез-келген құнды оң бастамаларын сөзбен және іспен қолдаңыз.
Ешқандай жағдайда күш қолданатын жазалауды қолданбаңыз.
Өсіп келе жатқан балаларыңызды жақсы көріңіз, қамқоршыл болыңыз және өте
маңыздысы, олармен әдепті болыңыз. Бір-біріңізді балаға билік етумен бопсаламаңыз.
Қиын сәтте жанында болатын қамқоршы, жақсы көретін адамға көп нәрсе тәуелді.
Ол потенциалды суициденттің өмірін құтқарып қалуы мүмкін.
Ең бастысы, баланың дамуына көмектесіп, әсер ету нәтижесін, өз еңбегіңіздің нәтижесін ала отырып, өз баларыңызды қалай бар, солайша қабылдауға үйреніңіз. Құрметті ата-аналар, сіздердің әр қайсысыңыз, балаңыңызда мәселесі қайда (қандай) екеніне ойлансаңыздар. Бала тағдырына қызығушылық таныту, сіздің көмектесуге әзірлігіңіз оған эмоционалдық тірек болады, Сіздің көмегіңізді қабылдай отыра, дұрыс қадам жасағанына көз жеткізеді. Бұл жағдайдан шығуына көмектесу үшін дереу шаралар қолдану қажет. Жасөспірімдерде депрессияның алдын алу өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуда өте маңызды болып табылады. Жасөспірімдерде депрессияның алдын алуда ата-аналары маңызды рөлге ие. Баламен сөйлесу, оның жағдайы туралы сұрақтар қою қажет, болашақ туралы әңгімелесу
Жасөспірімге күн тәртібін сақтау қажет. Оның ұйқысы жақсы қанып, жақсы тамақтануы.

Ата-аналарға психологиялық кеңес

1.    Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

2.    Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.

3.    Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.

4.    Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.

5.    Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.

6.    Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.

7.    Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.

8.    Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.

9.    Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.

10.     Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.

11.     Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.

БАЛА ҚАШАН РЕНЖИДІ
Барлық сәтсіздіктерді саған артса, ренішті;
Жетістіктері байқалмаса, ренішті;
Егерде саған сенбесе, ренішті;
Сенің қолыңнан келетін істі басқа адамға тапсырса, ренішті;
Басқалары қызықты нәрсемен айналысқанда, сені жабырқаңқы,
тез болған іспен айналысуға мәжбүрлегенде, ренішті;
Түсінікті және қызықты іс машақатқа, құтыла алмайтын іске айналғанда, ренішті;
Үшінші тұлғалардан өзін туралы «жаңашылдық» білгенде, ренішті;
Өз шаруаларымен жүріп, сен туралы ұмытқанда, ренішті;
Сенен күмәнданса, ал сенде ақталу мүмкіндігі болмағанда, ренішті;
Біз еске алмағдандардың көбі үшін ренішті.

Готовность к обучению в школе

Портрет тревожного ребенка

Рекомендации родителям

Развитие предпосылок к школьному обучению