Мектепке дейінгі бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары
- Жалпы ережелер
- Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді. Қағидалар «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі ұйымдарын қоспағанда, меншік нысандарымен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – мектепке дейінгі ұйымдар) қызметінің тәртібін айқындайды.
- Мектепке дейінгі ұйымдар бір жастан бастап мектеп жасына дейін жеткенше тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту мен дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көлемін орындауды қамтамасыз етеді.
- Мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеттері:
- Мектепке дейінгі ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымының негізгі құрылымдық бірлігі мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілер тобы болып табылады. Топтар жас ерекшелігі бір немесе жас ерекшелігі әртүрлі қағидаты бойынша жасақталады.
- Мектепке дейінгі ұйым топтарының толымдылығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
- Топтар тәрбиеленушілердің болу уақыты бойынша бөлінеді және мынадай режимде қызмет етеді:
- Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» Заңды, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысымен бекітілген Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын, мектепке дейінгі ұйымның Жарғысын және осы Қағидаларды басшылыққа алады.
- Мектепке дейінгі ұйымдар меншік нысаны бойынша мемлекеттік және жеке меншік болып табылады.
- Балаларды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
- Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға тұрақты немесе уақытша орналасуға қабылдау онда бос орынның болуына қарай жыл бойы жүргізіледі.
- Мектепке дейінгі ұйымда баланың орны мынадай:
- Басшы баланы мектепке дейінгі ұйымдардан мынадай:
- Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда баланы күтіп-бағу үшін ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды және оны құрылтайшы белгілейді.
- Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардан немесе заңды өкілдерден төлемақы алу тәртібін мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді.
- Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды күтіп-бағу тегін негізде ұсынылады.
- Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымның басшысы үш жылда бір рет «Білім туралы» Заңға сәйкес аттестаттаудан өтеді.
- Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің тәртібi
- Мектепке дейінгі ұйымды құрылтайшы құрады және ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әділет органдарында тіркеледі. Тіркелгеннен кейін мектепке дейінгі білім беру ұйымдары өз қызметі туралы білім беру басқармаларының органдарына хабарлайды.
- Мектепке дейінгі ұйымдар «Білім туралы» Заңның 41-бабы мен осы Қағидалар негізінде өз жарғысын әзірлейді.
- Мектепке дейінгі ұйымдар:
- Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы штат саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына сәйкес белгіленеді.
- Мектепке дейінгі ұйымдар алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің аумақтық медициналық ұйымдарымен бірлесіп балаларды мектепке дейінгі ұйымның штатына кіретін медициналық қызметкерлер жүзеге асыратын ағымдағы медициналық бақылауды, иммундауды және профилактикалық тексерулер ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын тегін медициналық тексеруден өтеді.
- Мектепке дейінгі ұйымдар балаларды үйлесімді тамақтандыруды қамтамасыз етеді. Балаларды тамақтандыру жас ерекшеліктерін, жұмыс режимін ескере отырып жүргізіледі, оның жиілігі санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен және Жарғымен айқындалады.
- Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі ұйым басшысы белгілеген тәртіппен білім беру, сауықтыру сипатындағы қосымша ақылы қызметтер көрсетеді. Ақылы қызметтерден түскен қаражат мамандарға еңбекақы төлеуге, құралдар сатып алуға, тиісті дамытушы орта құруға бағытталуы мүмкін.
- Отбасы мен баланы әлеуметтік-педагогикалық қолдау мақсатында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін мектепке дейінгі ұйымдарда консультациялық пункттер құрылады.
- Мектепке дейінгі ұйымдарды басқару дара басшылық және алқалық басқару қағидаттарында құрылады. Алқалық басқару нысандары педагогикалық, қамқоршылық кеңестер болып табылады.
- Мектепке дейінгі ұйымды тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады.
- Мектепке дейінгі ұйым басшысы:
- Мектепке дейінгі ұйымның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
- Мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері мектепке дейінгі ұйым дербес әзірлейтін ішкі тәртіп қағидаларында және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарында нақтыланады. Бұл ретте көрсетілген актілерде белгіленген құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Заңға, өзге де заңнамалық актілер мен ұйым жарғысына қайшы келмеуі тиіс.
- Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген бағдарламаларға және оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымның жарғысымен айқындалады.
- Тәрбиелеу-білім беру процесінің негізгі қатысушылары балалар, ата-аналар немесе заңды өкілдер, педагогикалық қызметкерлер болып табылады.
- Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық қызметпен айналысуға білімі және біліктілігінің тиісті деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттармен расталған педагогикалық білімі бар (техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі) адамдар жіберіледі.
- Мектепке дейінгі ұйымдар және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мектепалды топтары және білім беру ұйымдары мектепалды сыныптарының педагог қызметкерлеріне айлық еңбекақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі 24 сағаттан артық емес болып белгіленеді.
- Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары тиімді тәрбиелеу-білім беру процесін қамтамасыз ету мақсатында балама авторлық бағдарламаларды дербес таңдайды және қолданады, мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын сақтау шартымен тәрбиелеудің, оқытудың және сауықтырудың жаңа технологияларын енгізеді.
- Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісінің, ата-аналары мен қызметкерлерінің қарым-қатынасы тәрбиелеу-білім беру процесіне қатысушылардың ынтымақтастығы, өзара сыйластығы негізінде және жеке ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеленушіге даму еркіндігін ұсынуды ескере отырып құрылады.
- Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе заңды өкілдер арасындағы өзара қарым-қатынастар баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде жасалатын шартпен реттеледі. Шартта баланың мектепке дейінгі ұйымға бару режимі, тамақтану жиілігі, қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін көрсету деңгейі және ұсыну мерзімі, мектепке дейінгі ұйымда баланы күтіп-бағу ақысының мөлшері, қосымша ақылы қызметтер және өзге де шарттар айқындалады.