Сенім телефоны
8(7182)548075
email: sad112@goo.edu.kz; @yasli_sad_112 on Instagram
Мекенжайы: Естай көшесі, 91/1
8(7182)548075 басшы, 8(7182)548076 вахта, 8(7182)548073 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 09.00- 13.00 Жұма 14.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагог - психолог (1 жүктеме) бос лауазымына ашық конкурс

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №112 сәбилер бақшасы»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

(мекен-жайы: Павлодар қ. Естай көшесі 91/1, тел.54-80-75, э/почта: sad112@goo.edu.kz)

31.07.2024 г.

 

Педагог - психолог (1 жүктеме) бос лауазымына ашық конкурс жариялайды

Педагог - психолог бос лауазымына ашық конкурс жариялайды.

Конкурс ҚР БҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 "мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі туралы" бұйрығының негізінде өткізіледі.

Байқаудың өтетін күні мен орны: Павлодар қаласы, Естай көшесі 91/1.

Байқау кезеңдері:

 1) Конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттар қабылдау;

3) үміткерлердің құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;

4) конкурстық комиссияның отырысы.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі мен орны: бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасуға арналған құжаттар Павлодар қаласы, Естай көшесі 91/1 мекенжайы бойынша «Павлодар қаласының №112 сәбилер бақшасы» КМҚК (электрондық пошта немесе қағаз тасымалдағышта) қабылданады.

Біліктілік талаптары:тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білім беруді растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды;

Лауазымдық міндеттері:

Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге бағытталған қызметті жүзеге асырады;

            Баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды. Психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды;

            Мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді;

            Қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ оны педагог-ассистент іске асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу жөніндегі бағдарламаларды жасайды, оларды жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде іске асырады;

            Мектепке дейінгі жастағы шығармашылықпен дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді;

              Ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді;

 

            Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;

Кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;

             Балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;

             Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

      Білуге тиіс:

            Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының Білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілері;

             Жалпы психология, педагогикалық психология және жалпы педагогика, тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика;

             Педагогикалық этиканың нормалары;

            Арнайы мектепке дейінгі педагогика, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;

Белсенді оқыту әдістері, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингі;

            Ата-аналарға арналған жеке және топтық кәсіби кеңес берудің заманауи әдістері, баланың дамуындағы бұзылыстарды диагностикалау және түзету;

            Еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты жерін және байланыс телефондарын көрсете отырып – бар болса);

 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

10) Педагогтердің білімін бағалау сертификаты (бұдан әрі – ПББ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары:8 (7182) 54-80-75, электрондық мекенжайы: sad112@goo.edu.kz