Сенім телефоны
8(7182)548075
email: sad112@goo.edu.kz; @yasli_sad_112 on Instagram
Мекенжайы: Естай көшесі, 91/1
8(7182)548075 басшы, 8(7182)548076 вахта, 8(7182)548073 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 09.00- 13.00 Жұма 14.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақтың ұлттық ойындары.

                                                                     «Ойын деген, менің түсінуімше, 

                                                                        көніл  көтеру,  жұрттың  көзін         

                                                                        қуантып, көнілін  шаттандыру

                                                                        ғана емес,ойынның өзінше бір          

                                                                        ерекше мағыналары болған»

                                                                                                           М.Әуезов.

 

Бала өзін қоршаған дүние туралы алғашқы түсінікті ойын  үстінде  алады, ол дүние сырларын түйсініп аңғарады, тәжірибе жинақтайды.

         Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті,  батылдықты,  шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты  т. б.  мінезқұлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді.

         Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату  т. б.  спорттық сипатпен бірге  үлкен тәрбиелік

маңызға да ие болады. «Ақсүйек», «Орда» ойындарындағы ерешелік олардың

түнде ғана ойналатындығында емес, бұл ойында болашақ жауынгерлерге қажетті қасиеттер: қырағылық, байқағыштық, бағытты бағдарлай білу, тапқырлық, сергектік, жүйріктік, алғырлық, батылдық,  өжеттік,  тағы  басқарлар – тәрбиеленумен бірге оның түнде ойналатын  тағы  бір  сыры – алдымен  жау шебіне барлау жасау үшін түнде жерді айыра білуге, бағытты дәл табуға жаттығуда.

         Қазақтың қай ойыны болса да айтыс, өлең – жырмен өріліп, көрермендер мен тыңдаушыларға өрелі өнеге беріп, қатты әсер етеді.  Сөйтіп,  дүниені танып білуге  арналған  бейнелі,  жүйелі  оймен  астасып,  қабысып  жатады. Мұндай мақсатты, адамгершілік  іс - әрекет, әдетғұрыпқа қаныққан,  белгілі бір жүйеге негізделген ұлт ойындарының  бояуы  қоюланып,  баланың,  жас жеткіншектердің дене,  ақыл – ой жағынан да дамуына тамаша мүмкіншілік туғызады. Ойын тегін  адам  баласының  коллективтік  творчествосы  орындалуы да көбіне  коллективтік  түрде  болатындықтан, ойын үстінде жолдастық,  достық  қарым – қатынасқа  әдеттенуге,  тәрбиенуге  мүмкіншілік  мол. Ойынның тіл дамытудағы ролі ерекше. Бала сөзбен де ойнайды. Осы сөзбен ойнағанда, өз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғынады. Ойын үстінде бала еш  нәрсеге тәуелсіз. Өзін еркін ұстайды, ал  еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдығы.

         Қазақтың ұлт ойындарының тағы бір ерекшелігі – оған өлең сөздің аралысып келіп отыратындығында. Егер ойын барысында тақпақ, өлең жолдары кездеспесе, оны ойында жеңіліп, өз ұпайын өтеушілер орындайды. Олар тақпақ айтып, өлең оқып, ән салады. Мақал – мәтелдер мен жұмбақтар, жанылтпаштар орындалады. Шындап келгенде, ұлт ойындары – ауыз әдебиетінің бір саласы. Ұлан – байдақ қазақ даласына ауыз екі тарай келіп, ол түрленіп, өзгеріп отырған. Өйткені олардың мазмұны кеңейіп, әсерлене түседі.

         Қазақтың ұлт ойындарының бір қыдыруы асық ойынынан  тұрады. Кезінде  мән  беріп,  дұрыс  бағасын ала  алманған  бұл ойындар бүгінде мүлде ұмыт  болуға  айналған.  Асық ойындары  алдымен адамның нерв жүйелерін шындап,  ұстамдылыққа, дәлділікке,  тұрақтылыққа  тыныс  мүшелерінің қалыпты дамуына, т. б. тәрбиелейді.

         «Бала ойынмен өседі» деген өмірлік қортынды жасап, осы тәжірибелік қорытындыны өздерінің бала тәрбиесі туралы  көзқарастарының  негізгі  арқауы етті. Бала ойынды тоқтатса, одан қол үзіп үйде көбірек бола  берсе, ол 

баланың  денсаулығы  ата – аналарын  мазасыздандыратын  болады. Ересек адамдардың еңбек етуі қандай қажет болса, баланың ойыны да сондай қажет нәрсе  ретінде  қабылданған. Ойын әрі білімдік,  тәрбиелік құрал ретінде, әрі бала денсаулығын байқайтын дәргілік диагностика ретінде де қолданылған.

         Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін  оятып,  бүкіл  өміріне  ұштаса  береді. В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда:  «Ойынсыз ақыл – ойыдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің  маздап  жанар  оты». Міне, ойын  дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін  осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз.