Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)548075
email: sad112@goo.edu.kz; @yasli_sad_112 on Instagram
Адрес: Естай көшесі, 91/1
8(7182)548075 басшы, 8(7182)548076 вахта, 8(7182)548073 бухгалтерия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 09.00- 13.00 Жұма 14.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ұлттық ойынды ұмытпайық

Мектепке  дейінгі  мекемелерде  балаларға  өз  халқының ойындары кең мағлұмат беру міндеті. Мектепке дейінге балалардың негізгі ісәрекеті ойын болғандықтан, көптеген  тәрбие  жұмыстарын  сол  арқылы жүзеге асыруға бізде мүмкіндік  шілігіміз бар. Ұлттық  ойындары  тіл ағырлығына, жылдамдыққа, көпшіл болуға үйретеді. Мысалы: бір күнің ғана алып, қандай жұмыстар атқаруғаның болатыннына тоқталайық.

         Ертеңгілік тамаққа дейін дене жаттығуы алдында балалар жиналғанша  «Дәл басу» ойынын  ойынаймыз.

Ойын мақсаты:Кеңістікі бағдарлауға,ептілікке үйрету, көз мөлшерін дамыту  Ойын барысы: бір бала кішкене орындықты тікестінен қойып, соны дәл басу үшін  балалардың  көзін  кезекпен  байлап, бірнеше  қадамдай  жерге апарып қояды. Көзі  байланған бала қадамдап  келіп, тігінен тұрған нәрсені дәл үстінен басуы қажет. Оны  орындай  алмаса, айып тартады (тақпақ, өлең айтады немесе би билейді). Кім дәл тапса, сол жеңіп шығады.

Тамақтанып болған соң сабақ алдында ойын ойналады:«Орамал тастамақ».

Ойын мақсаты:зеректікті, жылдам ойлау қабілетін, тездікті арттыру..

Ойын барысы:Ойыншылар екі топқа тең бөлініп, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарамақарсы қатарға тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол орамалды өзінің қарсыласының біреуне тастайды да «қа» деп дауыстайды, ол қағып алып, «ғаз» деуі керек, немесе «ла» дейді. Сонда «қағаз», «қала», т.б. сөздер шығады. Айтылатын сөз екі буыннан  ғана  тұруы қажет. Орамал қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай екінші буынды уақытында тауып  айта  алмай  қалса,  ортаға шығып өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады. Лақтырған кезде жаңағыдай сөздердің бірінші буынын айтуы керек. Осылайшы екі топтың ойыншылары орамалды бір-біріне лақтырып, ойынды жалғастыра береді.

Дене шынықтыру  сабағы  үстінде  түрлі  ұлттық  ойындарды ұйымдастыруға болады. Солардың бірі – «Бөрік жасырмақ» ойыны.

Ойын мақсаты:ептілікке, тездікке тәрбиелеу.

Ойын барысы: оған қатысушылар араларынан бір ойыншыны шығарады, сосын  алыстау  жерге барып, бөркін немесе басқа бір белгілі затын жасырады. Қалған ойыншылар іздеуге кіріседі. Кімде-кім тығылған бөрікті көріп, алуға қам  жасаса, оны  иесі бермеуге  тырысады. Екеуі бірдей бас салып, бөрікке таласпайды. Кім шапшаңдық  көрсетсе, сол  алады. Ал көрген ойыншы ала алмай қалса, иесі қорып, бөрікке жібермеуге тырысады. Ал басқалардың қай-қайсысы да бөріктің иесіне қол тигізіп, күш жұмсауына болмайды. Қайткенде де  алдаусыратып оны  ойын жүргізушіге  ертіп келулері керек. Келесі жолы бөрікті әкелген ойыншы барады да, ойыншылардың ойыны одан әрі жалғаса береді.

Серуенге шыққанда табиғат аясында «Қасқұлақ» ойынын ұйымдастыруға болады. Мұнда қой бағу ата-бабамыздың негізгі кәсібі болғандығы айтылады.

Ойнын барысы: іштерінен «күзетші» және «қасқыр» сайлайды. «Қасқырдың» басына ақ орамал байланады. Қалған ойыншылар «қой» болады да жан-жаққа бытырап тығылады. «Қасқыр» да өз бетінше «күзетшінің» көзіне түспес үшін ұзап барып тығылады. «Қойлар» әбден жайғасып болғаннан кейін «күзетші» көзімен көріп, қойларын күзетуге кіріседі. Ал «қойлар» болса, тығылған беттерінде козғалмайды. «Күзетшінің» мақсаты «қасқырдан» қорғау, ал қасқыр күзетшінің  көзін ала беріп «қой» ұрлайды. Сонымен «күзетші» мен «қасқыр» бірін – бірі  андумен  болады. «Қойлардың»  жатқан  жерін  екеуі де білмейді. Себебі «қойлар» тығылғанда «күзетші» мен «қасқыр» екеуі де теріс қарап тұрады. Ал «қасқыр», «қойға» шапқан кезде «күзетшінің» көзіне түспеуі керек. Егер  көзге  түсіп  қалса,  қашуға мәжбүр болады. Ал «күзетші», «қойларын» одан аман алып қалуға тырысады. Басында ақ орамал бар «қасқыр» түрегеліп жүрсе, бірден көзге түседі. Ойынның шарты бойынша «қасқыр» «күзетшінің» көзіне түспеуі тиіс. Егер «қасқыр» «қойды» үстап алса, ол қашпауы керек. Ондай жағдайда екеуі күзетшіге келіп орындарын алмастырады. Ал «күзетші», «қасқырды» қуалап, «қойды» аман алып қалса, «қасқырдан» құтылған «қой» «күзетші» болып ойнайды. Ал басқа «қойлар» бірден, екіден, үштен тығылған  бойларында  қала  береді.  «Қасқыр»  мен  «күзетшінің» арасында болып жатқан өзгерісті «күзетші» қатты дауыстап басқаларға жеткізіп тұрады. Осылайша ойын жалғаса береді.

 Күннің екінші жартысында балалармен «Арқан тарту», «Әуе таяқ» ойында-рын ұймдастыруға болады.

Тақырып:«Әуе таяқ» (аланда өткізіледі)

Ойын мақсаты: дәлдікке, тездікке тәрбиелеу.

Ойын  барысы:Ойынға  ұзындығы  80см - ден  аспайтын,  жуандығы  4-5см, жұмыр таяқ  керек. Ойынаушылар бірнеше жұпқа бөлінеді. Ойын  жүргізуші екі  адамның  әрқайсысына бір таяқтан береді. Олардың біреуі таяғын лақтырады. Екіншісі  ұшып  бара жатқан таяқты  өз таяғымен    ұрып түсіруі керек. Егер ойыншылар екі топқа бөлінсе, таяқтарын көп тигізген топ жеңген болып есептеледі,  келесі  жолы лақтырушылар мен тигізушілер орын алмастырады. Егер  ұсынылған  ойындарға  үнемі  мінездеме  беріп,  мазмұнын  түсіндіріп отырсақ, балалар бұл ойындарды бос уақыттарында, балабақшадан тыс жерлерде де ойнайтынына күмән жоқ.