Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Визит картасы

"Бүлдіршіндер елі" сурет студиясы 4 және 10 жас аралығындағы балаларды қабылдайды.

Мектептің ең кішкентай оқушыларын оқытудағы басты міндеттер болып олардың қиялдары мен шығармашылық елестетулерін осы жас санатындағы балаларға қызықты болатын оқу тапсырмалары арқылы дамыту және көркемсурет материалдырымен жұмыс машығын дағдыландыру табылады.

Балалар тек гуашь, акварель, фломастер, пастель сияқты құралдармен ғана жұмыс істеп қоймай, сонымен қатар қолданбалы өнер және мүсін техникаларымен жұмыс жасайды. Мысалы: түрлі түсті және табиғи глина мүсіндеу, витраж, қағаз пластикасы және т.б.

Балалар қабылдау емтихандарын тапсырып, солардың қорытындылары бойынша оқуды 0-ші немесе 1-ші сыныпта жалғастырулары мүмкін. ("Бүлдіршіндер елі" тәрбиеленушілері негізгі мектепке емтихансыз қабылданады)

Қабылдау емтиханы арқылы баланың натюрморт салуда қарындаш пен бояулармен қолдану негізгі икемі тексеріледі.

Қабылдау емтихандарын сәтті тапсырған оқушылар құжаттарын тапсырғаннан кейін 1 БКСМ оқушыларының тізіміне қосылады (10 жас - 0-ші сынып, 11 жас - 1-ші сынып)

Құжаттар тізімі:

- фото 5х6 - 2 дана

- туу туралы куәлігінің көшірмесі

- баланың ИИН көшірмесі

- үй кітабының көшірмесі

- педиатрдан баланың созылмалы ауруларының бары не жоғын анықтайтын қағаз

- пластикалық тезтікпе

Қыркүйек айына дейін баланың жалпы орта білім беру мектебіндегі аусымына байланысты сыныптар құралады.