Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Үштілдік – заман талабы

логотип 25-летия независимости

Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы.

Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру адамның жеке және кәсіби қызметінің қазіргі қоғамның ажырамас компоненті болып отыр. Осының өзі үлкен көлемде адамдардың практикалық және кәсіби тұрғыда көп тілді меңгеру қажеттілігін тудыруда. Ағылшын тіліне ерте жастан оқыту жақсы әрі еркін меңгеруге ғана емес, сонымен бірге адамның интеллектуалдық, тәрбиелілік және рухани потенциалын жақсартатынын бүгінгі таңда түсіндіріп жатудың қажеті жоқ.

Көпжылдық зерттеу көрсеткендей, ағылшын тіліне ерте жастан оқыту балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді, бастауыш мектепте тәрбиенің жалпыбілімдік құндылығын көтереді, балаларды өзге ұлт мәдениетін білуге үйретеді. Бүгінде еліміз жаңа ғасырдың табалдырығын абыройлы көрсеткіштермен аттап, дамыған елу елдің қатарына қосылуға бет бұрғандықтан, еліміздің білім беру жүйесі де әлемдік білім талаптарына сәйкес болуы тиіс. Сондықтан ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілікпен қатар, бүгінгі таңда полимәдениеттілік білімнің базалық құзыреттілігі ретінде танылып отыр.

Осыған орай жаратылыстану-математика бағытында бір не одан да көп пәндерді ағылшын тілінде оқыту; Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту; Орыс тілі мен әдебиет пәндерін орыс тілді мектеп бағдарламасымен оқыту ескерілген.

Көптілді білімнің дамуына байланысты қазақ-орыс-ағылшын тілді ортаны кеңейту қажеттілігі туындайды. Сондықтан ағылшын тілі мұғалімдерінің басқа пән мұғалімдерін ағылшын тіліне үйретуі қарастырылған. Жаңа оқу жылынан бастап аптасына 1 рет эксперименттік сыныптарда интеграциялық сабақтарын өткізу жоспарланып отыр. .

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ» атты Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның бүкіләлемдік білім жүйесіне енгендігінің куәсі. Біздің түлектеріміз әлемнің ең жақсы университеттерінде білім алуы үшін ағылшын тілін жақсы деңгейде білулері керек.