Сенім телефоны
8 (7182)332662
email: pavlschool30@mail.ru
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Бір жылда2336496
Бір айда191640
Бір аптада40950
Кеше7766
Тәулік1078
Дені саудың жаны сау!

«Дені саудың - жаны сау» (лат. «Mens sana in corpore sano») — латынның қанатты сөзі. Тұжырымдамасы: өз денесін саулықта сақтайтын адам өз жанының саулығын да сақтайды.

Көп жылдар бойы денсаулығыңыз мықты болу үшін не істеу керек?

1. Дұрыс тамақтану.

 2. Көп қимылдау, спортпен шұғылдану.

 3. Дұрыс демалу мен сергу.

 

Дұрыс тамақтанудың негізгі ережелері.



Тамақ ішу тәртібін жүйелі түрде сақтамау асқазан ауруларының дамуының негізін салады, ағзадағы зат алмасуының бұзылуын туындатады.Осындай ретсіз тамақтану асты көп ішу дағдыларын қалыптастырады, яғни дене салмағының артуына , ал кейде семіруге әкеп соқтырады. Әсіресе, организмі калыптасу мен қарқынды өсу деңгейінде болатын жеткіншектер дұрыс тамақтану тәртібін сақтағаны маңызды.

Таңертеңгіліқ ас қою, нәрлі болсын; түскі аста негізгі тамақ қабылданады; кешкі ас калориялығы жөнінен таңертеңгіліқ аспен бірдей болып, ұйқыға кемі 1,5-2 сағат қалғанда ішілуі керек. Тамақты өте кеш, ұйықтар алдында қабылдау зиянды, ол ұйқыны қашырады, ас қорытуды қиындатады, май жиналуына себепші болады. Кейде үйықтар алдында бір стакан айран ішкен пайдалы . Бұл ретте кешкі ас жеңілдеу болғаны жөн.

Тамақтану режимінің маңызды элементтерінің бірі- тамақтың қайда ішілетіндігі, тазалығы т.б. «Жүріп келе жатып», не өте ыстық немесе суып қалған тамақты ішуге болмайды. Бірінші және екінші ыстық тамақтың температурасы шамамен 50 С болуы тиіс. Негізгі тағамдарды ішу арасында тәтті тағамдарды жемеу керек, өйткені бұлар тәбетті, ішек- асқазан жолы жұмысының ырғағын бұзады. Спортпен шүғылданғаннан кейін, үлкен дене жүктемелерін орындағаннан кейін, бірден дастарханға отыру ұсынылмайды.

 



Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:



1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);

2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);

3) Тамақ нәрлілігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;

4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;

5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы. 

 

Міне осы!

Осының бәрін іске асыру қиын ба?

Жоқ!

Дұрыс!

Ендеше, СӨС баста!

 

ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ - ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ


1. Дәрілерден жақсы.


Ауа райы жақсы болса қыста да, жазда да, таза ауаға серуенге шығу керек. Киімдеріңіз ауа райына сай болуы керек. Қыс күндеріндегі серуен дәрігердің жазған дәрілерінен де жақсы. 


2. Ас қорыту жүйесін жақсарту.


Физикалық жаттығулар ас қорыту жүйесін жақсартады. Адамның денсаулығына көп пайда әкелетін келесі бір сәттері болады: тамақтанғаннан кейін далаға шығып, басыңызды тік ұстаңыз, иықтарыңызды түзетіңіз және кішкене физикалық жаттығуларды істеңіз.  


3. Басқа да аурулардан сақтанайық!


Таңертеңгі жаттығу, серуен, белгілі бір физикалық жұмыс - қан айналымының дұрыс жұмыс жасауына көмектеседі. Сонымен күнделікті таңғы жаттығу денсаулығыңызды нығайтып, көптеген аурулардан сақтайды.


4. Оқушылар мен студенттер үшін.


Негізгі тұрыс, бастапқы қалпынан және қозғалыста заттармен жаттығулар орындау. Қозғалыс үйлесімділігіне, тыныс алуды белсенді етуге, тұлғаға бағытталған жаттығулар. Мойын, кеуде, аяқ пен қолдардың еттерін нығайту жаттығулары. Күш пен иілгіштікті дамыту үшін жұппен орындалатын жаттығулар. Ырғақты гимнастика кешенін (8-10 жаттығу) орындау. Шапшаңдық-күштілік қасиеттерін қалыптастыру үшін арқа мен іш еттерін нығайтуға арналған жаттығулар. Бір орында екі және бір аяқтап секіру. Гимнастикалық қабырғадағы жаттығулар. Босаңсуға арналған жаттығулар.