Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Мектеп асханасындағы дәмді түстік ас үшін рахмет!
Голосовать
Шайың шай емес бал екен! - 1
Тегін ыстық тамақ үшін ата-аналар атыннан алғысымызды білдіреміз - 1
тағамдарыңыз өте дәмді - 0
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Нашақорлыққа "ЖОҚ" де!

Нашақорлық - ғасыр дерті.

  
   Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Тіпті ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр. Неге? Оның әр түрлі себептері бар. Ең негізгісі - жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі - мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері әр түрлі. Біріншіден, олар өз-өздеріне есеп беріп жатпайды. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді. Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Адам болған соң әркімнің мінезі де әр түрлі болады емес пе? Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» өзі де білмей қалады. Ал есірткінің қарамағына бір іліксең, одан аман-есен құтылып шығудың екіталай екендігін ата-аналарымыз, ұстаздарымыз қаншама айтып, теледидар, газет-журналдарда көрсетіліп, жазылып жүр. Нашақорлардың өмірі көбінесе қайғы-қасіретпен аяқталатынын естіп, көріп те жүрміз.

    Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп туғызады. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп отырғаны ешкімге жасырын емес.

   Жас достар! Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу - біздің қолымызда, өйткені біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын таза, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты перзентіміз... Ойланайық! Санамызға сала пайымдайық! Нашақорлыққа ымырасыз болуға барлықтарыңызды  шақырамыз! 

   "Өмір" атты кемеде тұңғиыққа батпай, шексіз-шетсіз ғарыш кеңістігінде бізге аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтерейік, достар!