Телефон доверия
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережелері



1.   Сақ болыңдар, абайлаңдар, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындаңдар.

2.   Жұмыс орнын мұғалімнің рұқсатынсыз бос қалдыруға болмайды.

3.   Жұмыс орнындағы приборларды, материалдарды, құралдарды  мұғалімнің нұсқауы бойынша орналастырыңдар.

4.   Жұмыс орнына қажетсіз заттарды қоймаңдар.

5.   Жұмысқа кірісер алдында  мақсаты мен нұсқауларын мұқият   оқыңдар.

6.   Электр тізбегін құрастыру, жалғау, монтаждау және электр приборларды ремонттау токкөзі ажыратылған кезде жасалуы  керек.

7.   Ток көзін мұғалімнің рұқсатынсыз қосуға болмайды.

8.   Ток көзіндегі және тізбек бөлігіндегі кернеудің бар екенін  прибормен тексеріңдер.

9.   Сымдардың изоляциясы бүтін болуын қадағалаңдар.

10. Бақылау және өлшеуді орындағанда, ашық сымға жоламаңдар.

11.  Конденсаторға ток көзі ажыратылған соң да тиісуге болмайды, оны зарядсыздандыру керек.

12. Сынап организмге қауіпті, сондықтан термометрді дұрыс қолдана білген жөн.

13. Спиртовканың темір қақпағы болуы керек. Шамдарға бензин құюға болмайды.

14. Шыныдан жасалған приборлармен жұмыс істегенде, сақ болған  жөн.

15. Жұмыс соңында алдымен ток көзін үзу керек, содан тізбекті жинау керек.

16. Приборлардың бұзылғанын байқағанда ток көзінен ажыратып,  мұғалімге хабарлау керек.