Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 533271
email: Licei_Lingva@mail.ru
Мекенжайы: 140001 индексі, Павлодар қ., Ак. Сатпаев к.,17/1
8-(7182)-533271 8-(701)-685-37-76
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Рухани Жаңғыру

 

 

 

«Рухани Жаңғыру» - барлық заманауи тәуекелдер мен жаһандық жанайқайды қоса алғандағы қазақстандық рухани құндылықтың жандануына бағытталған Мемлекет басшының бағдарламалық мақаласы. Мақала ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтар санасының ашықтығы мен білімге баулуын дәріптеу, прагматизм, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қоғамдық сананың жаңғыртудыдың маңыздылығын алға тартады. Бұл қасиеттер заманауи қазақстандықтардың негізгі бағыты болуы қажет. 

    «Туған жер» - барлық уақытта ұлттық бірегейліктің іргетасы ретінде сонда мекендеген барлық этнос мәдениеті мен дәстүрлерін өзіне қалыптастырады. Мұндай киелі сезім, іс жүзінде барша тіршілік қарекетіндегі жаңа жетістіктерге жетелеген отанға деген махаббат іспеттес. «Туған жер» - азаматтардың туған өңірін көркейтуге тарту, сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің шешуіне бағытталған «шағын отанның» дамуына үлес қосатын бағыттағы арнайы жоба болып саналады. 

   «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»  – тарих пен мәдениетке, адамның рухани дамуына және оның туған жеріне деген байланысына негізделе отырып адам мен оның өміріне бағытталған. Кейбір тұлғаларды мәңгі еске сақтауда ұлтты мәдени байыту мен мінәжат етуге арналған орындар түріндегі ұлы ата-баба ерліктерін осындай бағдарға жатқызуға болады. Осындай орындарды білуіміз көптеген нәрсені үйретіп, олардан қажетті өмірлік қуат алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, Киелі мекен жағырапиясының құрылуы - адамның рухани баю мәселесін алға тартып қана қоймай, сонымен қатар  мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, бай тарихымыздың құндылықтарын көрсетеді. Бұл бөлім аймақтық және республикалық  киелі мекендерді, олардың тарихы мен ерекшеліктері туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді.

   Заманауи Қазақстан мәдениеті. Қоғам дамуының басты көрсеткіші болып әрдайым оның мәдени жетістері болды.  Сол себептен, бұл жетістіктерді әлемдік деңгейде таныту қажет. «Жаһандық өмірдегі заманауи Қазақстан мәдениеті» арнайы жобасының арқасында отандық мәдениеттің заманауи жетістігімен барша халықтың танысу мүмкіндігі туады.

   Сонымен қатар, кез-келген бәсекеге қабілетті қызмет түрі сияқты мәдениет те жіті ойланып барып өмірге бейімделгіш болуы қажет. Бұл бөлім суретшілер, отандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар, жазушылар және басқа да мәдениет қайраткерлері, көркем сурет, әдебиет жайындағы барлық шығармаларды қамтиды.  Бөлімнің мультимедиалық бөлігінде фото,- видео материалдар,  отандық әртістердің орындауындағы бейнелерді көруге, сонымен қатар отандық әртістердің Қазақстандағы және шетелде өтетін мәдени іс-шаралары туралы ақпараттар ала алады.

   Жаһандық дәуірде ең басты сын-тегеурін мен қатерлерді ұғынатын жаңа ұрпақты қалыптастыру өте маңызды. Сол үшін басты құрал – білім болып табылады.

   Әлеуметтік-гуманитарлық салада 100 жетекші оқулық аудармасы –прагматизм мен бәсекеге қабілетті рухани жетілдіруде жаңа Қазақстан ұрпағын қалыптастыруда нақты қадам болып табылады. Бұл бөлім өз кезегінде тәржімаланған кітаптар мен авторлары, оқулықтарға сілтеме, сонымен қатар рецензиялар туралы ақпарат береді.

   100 жаңа тұлға. «Болашаққа бағдар: Қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасын» құруды ұсынған болатын. Бұл жобада Тәуелсіздік кезеңін бағындырған адамдардың тарихы жинақталады. Бұл тарихта түрлі аймақтардағы жастардың, ұлттардың, жеке және қоғамдық өмірдегі әрі жұмыстағы азаматтардың жетістіктері баяндалады. 

   Латын әліпбиіне көшу. Бұл бөлім халықты қазақ әліпбиінің латыншаға ауысуын хабардар етуге бағытталған. Сонымен қатар, бөлімде жаңа әліпбиді үйрену жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілетін болады.