Сенім телефоны
8 (7182) 533271
email: Licei_Lingva@mail.ru
Мекенжайы: 140001 индексі, Павлодар қ., Ак. Сатпаев к.,17/1
8-(7182)-533271 8-(701)-685-37-76
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Информация о руководителе

Сәлеметсіз бе! Құрметті сайтымызды пайдаланушы! Біздің парақшамызға қызығушылық танытқаныңызға алғыс білдіреміз!

«Лингва» жеке меншік мектебі 2019 жылғы қыркүйек айынан жұмысын бастады және бүгінгі таңда Павлодар облысындағы жалғыз жеке меншік мектеп болып табылады.

«Лингва» - мектепке дейінгі бөлім мен бастауыш мектепті біріктіретін оқу орны. Мектеп Павлодар қаласының әкімшілік орталығында орналасқан. Мектептің айналасы жақсы жабдықталған, оқу бөлмелері заманға сай.

Біздің мектеп – бұл жайлы және қауіпсіз оқу орны. Мектеп толық күн, сағат 9:00 – 18:00 аралығында жұмыс істейді. Әр оқу бөлмесі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, әртүрлі білім салалары бойынша үйірмелер мен факультативтер жұмыс істейді.

Тәрбие жұмысының нысаны – оқушыға өз мүмкіндіктерін, дарындарын және дағдыларын максималды дамыту үшін барлық жағдайлар жасалуы тиіс.

Бұған сыныптардағы балалар санының аз болуы, педагогикалық құрамның жоғары кәсіби деңгейі септігін тигізеді.

Жеке меншік мектепте күнделікті жұмысында оқытудың жаңа әдістерін, білім берудің алдыңғы қатарлы технологияларын пайдаланатынпікірлес адамдардың ұжымы жұмыс істейді. Мектеп даму үстінде және заманға сай, өз алдына қойған мақсаты: білім берудің жоғары дәрежесіне жету.

Мектептің жанында мемлекеттік дотациядағы «Лингва» балабақшасы жұмыс істейді.

Біз мемлекеттік және орыс тілдерінде оқитын 1,6-5 жас аралағындағы балалармен жұмыс жасаймыз.

Балабақшада да, мектепте де тәжірибелі білікті мұғалімдер жұмыс істейді. Балабақша тәрбиеленушілері үшін дамытуға бағытталған барлық жағдай жасалған. Қосымша үйірмелер бар: логопедпен және хореографпен сабақтар ұйымдастырылған. Әр топта бейнебақылау жүргізіледі.

Біз 5 жастан балаларды мектеп алды дайындау қызметін көрсетеміз. Жазғы уақытта бала күні бойы мектепте мұғалімдердің бақылауында болатын, ағылшын тілін үйрене алатын, қимыл-қозғалыс ойындарын ойнайтын лагерь жұмыс істейді.

Біздің жеке меншік мектеп және «Линва» балабақшасы үлкен жауапкершілікті ескере отырып, бұл қиын міндетті шешуге дайын. Біз балаңызды оқытып, тәрбиелеп, зердесін дамытып, әртүрлі қабілеттерін таныту мүмкіндігін беріп балабақшадан бастап бастауыш мектепті бітірген сәтке дейін жеткіземіз.

Біздің мектепке және балабақшаға қош келдіңіздер!

Құрметпен Айтмағамбетова Дина Амантайқызы.