Сенім телефоны
55-98-37
email: sad27@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Жәшһүр Жүсіп көшесі, 27/1
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ата аналарға арналған ұсыныстар

Балаларды психологиялық педагогикалық бейімдеу.

         Кішкентай баланың әлеуметтенуі неден басталады? Ең алдымен отбасынан. ал шындығына келгенде ол сәбидің балабақшаға келгенінен басталады. Сол жерде ол бейтаныс адамдармен – ересектермен және балалармен қарым – қатынас жасауды үйрене бастайды, мінез – құлық нормалары мен тәртіп ережелерін  меңгереді, қоғамда өмір сүруді үйренеді. Кішкентай баланың жаңа жағдайға дағдылануы кімге байланысты болады, қалай өтеді, оның дене психикалық дамуы соған байланысты өтеді.  Ата-аналар, баланы мектепке дейінгі білім беру ұйымына берер кезде оның болашағына аландаушылық білдіреді, бұл негізді де. Көпшілік балалар бейімделу кезінде жылауық болып, тұйықталып алады, агрессивті, мазасыз болып кетеді. Бұл оладың негізгі талаптарының бірі – қауіпсіздігі мен қорғалғандығы қанағат таппағандықтан. Бала бейтаныс жағдайда бірінші рет жақын адамдарынсыз қалап отыр. Отбасында барлық назар соған аударылады, ал балабақшада ол өзі сияқты көптің бірі. Бұл балада қалыптасқан стереотипті бұзады, психологиялық қайта құрылуды, мінез – құлқындағы өзгерісті, жаңа біліктерді қалыптастыруды талап етеді. Ал бала жаны жараланғыш, оның организмі түбегейлі пісіп – жетілмеген, оған бейімделу қиын, ересектердің: ата-аналары мен тәрбиешілердің көмегі қажет. 

 

Балалары МДБҰ-на бейімдеуде педагогтер жұмысын қалай

дұрыс ұйымдастыруға болады?

Бейімделубұл организмнің жаңа жағдайға қалыптасуы, ал бала үшін балабақша жаңа, әлі белгісіз кеңістік, айналасы да, қарым – қатынас та жаңаша. Бейімделу жеке бас әрекетінің кеңдігіне, баланың психо-физиологиялық және жәке басының ерекшеліктеріне байланысты, қалыптасқан отбасылық қатынастарға, МДБҰ жағдайына байланысты әрекеттер жиынтығынан тұрады.

            Әрбір бала балабақшаға өзінше үйренеді, дегенмен бейімделу кезеңінің бірқатар заңдылықтарын атап өтуге болады.

             2 - 3 жасқа дейін бала құрдастаымен қарым – қатынас  жасау қажеттілігін сезіне қоймайтынын есте ұстаған жөн, өйткені ол әлі қалыптаспаған. Бұл жаста ересек ойындағы серіктесі, еліктеу үлгісі болып, баланың мейірімділік пен ынтымақтастыққа деген қажетін қанағаттандырады. Мұны құрдастары бере алмайды, өйткені өздері де соны қажетсінеді.

            Сондықтан қалыпты бала бөбекжайға жылдым бейімделе алмайды, өйткені анасын қатты қажетсінеді, ал оның қасында болмауы әсіресе бала әсерленгіш әрі эмоциялық сезімтал болса, оның кушті қарсылығын тудырады.

            2-3 жасқа дейінгі бала бейтаныс адамдармен жаңа қарым – қатынас жағдайында қорқыныш сезінеді, бұл бөбекжай кезеңінде толығымен көрініс табыды. Кейде жаңа адамдар мен бөбекжайдағы жағдайдан қорқу салдарынан бала ашушан, жараланғыш, өкпелегіш, жылауық болып, жиі ауыратын болады, өйткені стресс ағзаның қорғаныс кушін әлсіретеді.

          Психологтар мынадай қарама - қайшылықты көрсетеді: бала МДБҰ-на неғұрлым ертерек берілсе ол соғұрлым ұ жымшылдыққа бейім келеді.

          Балабақшаға  жаңа келген балалардың жеңіл бейімделуінің басты фактор-ларының бірі – топта және тұтас алғанда балабақшада қолайлы жағдайдың жасалуы болып табылады. Бұл үшін пәндік-дамытушылық ортаны ғана емес, эмоциялық – дамытушылық ортаны да, яғни ерте жастағы баланың одан әрі табасты және уйлесімді дамуы үшін қажетті оның бейімделушілік мүмкіндіктерін арттыруға жәрдемдесетін эмоциялық – сезімдік аймағын толыққанды әрі жан  -жақты дамытуға мүмкіндік беретін орттаны ұйымдастырған жөн.  

 

Балалардың бейімделе алмауының алдын алу бойынша жұмыс кезең-кезеңмен жүргізіледі.

1.               -         келген баламен толығырақ танысу үшін ата ө аналармен сауалнама жүргізу;

-         баланың психоэмоциялық жағдайын бағалау;

-         баланың МДБҰ-на бейімделу факторларына сәйкес бейімделу деңгейін анықтау.

2.      Баланың білім беру ұйымы жағдайына бастапқы бейімделу кезеңінде туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған психопрофилактикалық және түзетуші – дамытушы жұмыстар.

3.     Қайталама бақылаушы диагностика – бейімделу кезеңі аяқталғаннан кейін.

 

Баланың жаңа әлеуметтік жағдайға төмендегідей 3 кезеңнен тұратын әдеттенуінің орны да маңызды:

-         Ширығысты немесе бейімделе алмау  (әдеттегі мінез ө құлық стереотиптері мен жаңа шағын әлеуметтік әлем ортасы талаптарының арасында үйлесімсіздік болуы, яғни күн тәртібінің, үйреншікті өмір салтының өзгеруі).

-         Бәсең ширығысты немесе бейімделу (бала жаңа ортаны белсене меңгереді, тәбеті түзеледі, бірақ ұйқысы мен эмоциялық жағдайының бұзылуы жалғасады).

-         Компенсация немесе бейімделушілік (барлық тіркелетін көрсеткіштері қалпына келеді).

АТА – АНАЛАР ӘРЕКЕТІ:

1       кезең – бейімделу кезеңінің шешуші фазасы.

- Балабақша режіміне барынша жақындатылған күн режімі.

- Балабақшадан кейін баламен серуендеу.

- Үйде су құйыну рәсімін жасауға болады; бұл баланы балабақша жүктемесіне тиімді бейімдейді, шырыш қабатынан патогендік флорасын жуып тастап, күнді «ваннаға дейін және кейін» деп бөлуге мүмкіндік береді.

- Баланы басқа балалармен бірлесіп ойнауға үйрету үшін аулада немесе балабақша маңында серуендеу.

- Баланың балабақшамен қоштасу дәстүрін қалыптастыру.

- Баламен балабақшада болған жақсы жайларды еске алу: қарапайым ғана «Не жедің?» «Қандай ойын ойнадыңдар?» және «Қалай киіндің?» деген сұрақтар қойып, жақсы жағына баса көңіл бөлген дұрыс.

- Сабырлылық пен төзімділік таныту, қатты жазалаудан сақ болу.

- Тәрбиешілер кеңесі мен ұсыныстарына құлақ қою.

 

2       кезең – бейімделу кезеңінің бәсеңдеу фазасы.

- Балабақша режіміне барынша жақындатылған күн режімі.

- балабақшадан кейін баламен серуендеу, теледидар бағдарламаларын қарауды шектеу.

- Сабырлылық пен төзімділік таныту, қатты жазалаудан сақ болу.

- Денсаулық жағдайын бақылау (күзгі – көктемгі кезенде дәрумендер қабылдау ұсынылады).

- Тәрбиешілер кеңесі мен ұсыныстарына құлақ қою.

Әр баланың балабақшаға бейімделу процесі әр түрлі болып келеді.

Бірақ ересектердің өзара келісіп әрекет етуі (педагог пен ата-аналар)  баланың жаңа ортаға қиындықсыз бейімделуіне, оның көп уақытын  өткізетін жерді ұнатуға максималды мүмкіндік береді.

Бейімделу кезіндегі ересектердің сақтау ережесі:

1.      БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ БАЛАБАҚШАҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАМАУ.

2.      БАЛАНЫ БАЛАБАҚШАҒА ДЕНЕ САУ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА ЖІБЕРУ.

3.      АЛДЫН-АЛА БАЛАБАҚШАНЫҢ КҮН ТӘТІБІНДЕГІ ЖАҢА КЕЗЕҢДЕРДІ БІЛІП АЛУ ЖӘНЕ БАЛАНЫҢ ҮЙДЕГІ КҮН ТӘРТІБІНЕ ЕНГІЗУ.

4.      ШЫНЫҒУ ШАРАЛАРЫН РОЛІН АРТТЫРУ.

5.      «ҚҰПИЯЛАРДЫ АШУ»  БАЛАҒА ҮЛКЕН АДАМДАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ –ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫН ТҮСІНДІРУ.

6.      БАЛАНЫ ТЫҢДАМАҒАНЫ ҮШІН ЖАЗАЛАУ РЕТІНДЕ БАЛАБАҚШАМЕН ҚОРҚЫТПАҢЫЗ.

7.      МАЗАЛАҢБАҢЫЗ ЖӘНЕ БАЛАБАҚШАҒА БАРАР АЛДЫНДА БАЛАҢЫЗҒА ӨЗ ҮРЕЙІҢІЗБЕН ҚОРҚЫНЫШЫҢЫЗДЫ КӨРСЕТПЕҢІЗ.

8.      БАЛАҢЫЗҒА СІЗ ҮШІН ОНЫҢ ҚАНДАЙ ҚЫМБАТ ЕКЕНІН ЖӘНЕ ОНЫ ЖАҚСЫ КӨРЕТІҢІЗДІ АЙТЫП ТҮСІНДІРІҢІЗ!

 

*************

 

Қоршаған ортамен үйлесімді қарым - қатынастағы бала

         Балабақша – бұл балаларды әлеуметте өмір сүруге үйрететін бірінші әлеуметтіқ институт. Нақ осы балабақшада баланың өз бетімен айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуі жүзеге асады, осы жерде ол жүртпен қарым-қатынас жасауды үйренеді. Құрдастарымен  қарым-қатынас жасау балаға жаңа біліктерді меңгеруге, жаңа білімдерді алуға мүмкіндік береді, өйткені ерте жаста біреуге еліктеушілік аса күшті болады. Балабақшада табысты бейімделуге тәрбиешілер көмектеседі, олардың мақсаты балаға кез келген жағдайда көмек көрсету болып  табьлады. МДҰ педагогтері  барған сайын үй тәрбиесінде болған балалармен жиі  кездеседі, өйткені  МДҰ-ның барлығында дерлік ата-аналарға арналған консультациялық пункт қызмет жасайды.

Демек, МДҰ-ға бармаған балалар көбіне мектеп ұжымына бейімделуде күрделі  жағдайға тап болады.  Оларға мектепте сабақ оқу балабақша түлектеріне қарағанда күрделірек, өйткені олардың қарым-қатынас дағдылары жеткіліксіз.

       Оның үстінде балабақшада тәрбиелену баланы мінез-құлық еркіндігіне, ез тілектері мен өзгелердің тілегі арасында ымырашылдық таба білу білігіне баулиды. Бала өзгелердің мүдделеріне залал келтірмей, өз мүддесін қорғауды үйренеді. Сондай-ақ бала балабақшада өзін – өзі реттеуді  меңгереді. Яғни бала сабақты өз бетімен таңдап алады және таңдаған  ісіне белгілі бір мерзімін арнауға үйренеді. Нақ осы білігі баланың үйде және (келешекте) мектепте ұйымшыл болуына негіз салады. Аталған сапалар балабақшада ойын барысында табиғи түрде қалыптасатыны да аса маңызды факт, ойын  - тәрбие процесінің ажырағысыз бөлігі болып табылады. Нақ осы ойын барысында баланың дербестігі, қарым-қатынас жасау және келісімге келе білу білгі қалыптасады.

        Балабақшадағы мектепке дейінгі тәрбие баланың даму мен қарым-қатынас жасау қажеттігін қанағаттандырады. Үй жағдайында білім беру, сөзсіз, баланы өзіне-өзі қызмет жасаудың барлық дағдыларын және мектепке даярлық үшін қажет білімді меңгеруін қамтамасыз етеді, бірақ ол баланы ұжымда өмір сүруге үйрете алмайды. Қоршаған адамдармен тіл табыса білу білігі адамның есейгенде табысты болуының кепілі болып саналады.

       Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру баланың мектепке дейінгі білм беру барысында алуға тиісті барлық негізгі сапаларын, біліктері мен дағдыларын көрсететін «бітіруші үлгісін» жасауды қажет етеді. Бітіруші үлгісі деп МДҰ түлегінің бойында болуы тиіс, баланың жеке басының неғұрлым маңызды сапаларын сипаттайтын балабақша мен отбасының бірлескен әрекетінің болжанатын нәтижесі түсініледі.

           «Бітіруші үлгісі» деп аталатын әрекетті жасаудың маңызды сәттерінің бірі-педагогтер мен ата-аналар арасында сенімді серіктестік қарым-қатынасын орнату болып табылады. Мектепке дейінгі жастағы бала тәрбиелеп отырған әрбір отбасы баланы тәрбиелеу мен оқыту бойынша кәсіби көмекті, когнитивті дамуының жарқын көріністерін анықтау, қабілеттерін дамыту туралы ақпараттарды қажетсінеді.

      МЖМС сәйкес, отбасы - бұл әлеуметтік институт, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруға аса зор әсер етеді: үлкендерді сыйлау, салт-дәстүрлерді  сақтау, мінез – құлық пен әдеттер  мәдениеті, өз Отанының, халқының тарихына сүйіспеншілікке тәрбиелеуге ықпал етеді.

       Тұтасынан алғанда, МДҰ-дағы «Бітіруші үлгісі» қазіргі жағдайда өзіне

төмендегідей параметрлерді біріктіреді:

- дене дамуының деңгейі;

- шынығу дәрежесі;

- гигиенаның негізгі дағдыларын игеруі;

- қозғалыс белсенділігінің негізгі түрлерін меңгеруі;

- мектепте оқуды бастау үшін зияткерлік алғышарттарын қалыптастыру;

- жұмысқабілеттілік;

- әлемге қызығушылығы, танымға ұмтылысы дамуы;

- шығармашылық әрекетке қызығушылығы;

- қиялының дамуы;

- дербестікке ұмтылысы;

- қарым – қатынас мәдениетінің негіздерін алуы;

- негізгі тәртіп  ережелерін меңгеруі;

- өз мүмкіндіктерін саралау дәрежесі;

- ұжым мақсатында әрекет ету білігі.

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесіне сәйкес, әрбір жекелеген балабақшада

«Бітіруші үлгісі»ұсынылған құрамалардың бірлі-жарымын жоққа шығаруы, немесе оларды МДҰ спецификасына сай сипаттармен толықтыруы мүмкін.

 

Әрине, «Бітіруші үлгісін» жасаудың бірнеше көзқарастары бар. Бірақ оларды ортақтастыратын басты нәрсе - МДҰ педагогтер ұжымының тәрбиеленушілер ата-аналарымен келісілген тек қана шығармашылықты ұжымдық бірлескен әрекет нәтижесі.