Сенім телефоны
87182531781
email: pavlodar033@mail.ru
Мекенжайы: Торайгыров көшесі, 16
87182531781 87182535279 87182537490
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Әр айдың дүйсенбі күні сағат 16.00-18.00 дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жалпы ережесі

Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) және отбасы жағдайында тәрбиеленетін балаларға арналған консультациялық пункт туралы

ЕРЕЖЕСІ

1.     Жалпы ережелер

1.1. Отбасы жағдайында тәрбиеленетін балалар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультациялық пункт сайтта және мектепке дейінгі мемлекеттік жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 33 сәбилер бақшасы» КМҚК-да (бұдан әрі – «Павлодар қ. №33 сәбилер бақшасы» КМҚК) ұйымдастырылады.

1.2. Консультациялық пункт мектепке дейінгі мемлекеттік жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын «Павлодар қ. №33 сәбилер бақшасы» КМҚК-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.3. Консультациялық пункт ата-аналар (заңды өкілдеріне) және білім беру мекемесіне бармайтын балалар үшін жасалады.

1.4. Осы ереже «Павлодар қ. №33 сәбилер бақшасы» КМҚК-де жұмыс істейтін Консультациялық пункт қызметін реттейді.

1.5. Консультациялық пункт мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі мен дамуында отбасыға көмек көрсету нысандарының бірі болып табылады. 

 

2. Консультациялық пункттің жұмыс істеу мақсаттары мен міндеттері

2.1.Консультациялық пункті отбасы мен қоғамдық тәрбиенің бірлігін және келісімдігін қамтамасыз ету, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, «Павлодар қ. №33 сәбилер бақшасы» КМҚК бармайтын балалардың жан-жақты дамуына демеу болу мақсатында құрылады.

2.2. Консультациялық пункттің негізгі міндеттері:

«Павлодар қ. №33 сәбилер бақшасы» КМҚК бармайтын балалардың дамуы үшін жағдайды қамтамасыз етуде, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жан-жақты көмек көрсету;

Мектеп жасына дейінгі баланың тәрбиесі, оқытуы мен дамуының әртүрлі мәселелері жөнінде ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жан-жақты көмек көрсету;

«Павлодар қ. №33 сәбилер бақшасы» КМҚК бармайтын, мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтенуіне көмек көрсету;

«Павлодар қ. №33 сәбилер бақшасы» КМҚК және балалар мен ата-аналарға (заңды өкілдеріне) әлеуметтік және медициналық жәрдем беретін өзге де ұйымдар арасында өзара әрекеттестік қамтамасыз ету  болып табылады.  

3. Консультациялық пункт қызметін ұйымдастыру

3.1. Сайтта және «Павлодар қ. №33 сәбилер бақшасы» КМҚК-да қажетті консультациялар, ата-аналар (заңды өкілдерінің) сұранысы бойынша жеке және топтық консультациялар беру, жазбаша өтініш, телефонмен хабарласу, білім беру мекемесі сайтының жұмысын ұйымдастыру арқылы және т.б. бойынша сырттай консультациялар ұйымдастыру - консультациялық пункт қызметінің негізгі нысандары болып табылады.

3.2. Консультациялық пункт ата-аналарға (заңды өкілдеріне) өзінің консультациялық көмегін мынадай мәселелер бойынша жүзеге асыра алады:

Балалардың жас және психикалық ерекшеліктері;

Мектепте оқуға дайындық;

«Павлодар қ. №33 сәбилер бақшасы» КМҚК-на бармайтын, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу бұзылуын алдын алу;

Балалардың шынығуы мен сауықтыруы үшін жағдай жасау.

3.3. Консультациялық пункт айына 1 рет консультация түрінде сайтқа жаңа ақпарат орналастырады және әр апта сайын мына телефондар: 53-17-81 бойынша хабарласып, керекті ақпаратты алып немесе өз проблемаңызды хабарлауыңызға болады.

3.4. Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру мамандар: әдіскер, (аға тәрбиеші), басшы, медициналық қызметкер, логопед қызметтерінің бірлестігі негізінде құрылады. 

Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) консультация беру бір немесе бірнеше өкілдерімен бір уақытта өткізілуі мүмкін.

3.5. Консультациялық пункттің қызметін белгілеу үшін мынадай құжаттарды жүргізу қажет:

Консультациялық пункттің жұмыс жоспары;

«Павлодар қ. №33 сәбилер бақшасы» КМҚК басшысымен бекітілген Консультациялық пункттің жұмыс кестесі.