Мектепішілік жоспарға сай 2018-2019 оқу жылының қыркүйек айында ОЖСБ-ға дайындық туралы бұйрық шығарылып, 4-ші, 9-шы сыныптарда негізгі пәндер бойынша қосымша сабақ кестесі бекітілді. І жартыжылдықта осы кестеге сай қосымша сабақтар өткізілді.
Сынып жетекшілерінен сынып оқушылары туралы толық мәліметтер алынды. Мұғалімдер туралы да ақпарат жинақталды. Оқушыларға ОТЖжДО-лары, сынып жетекшілерімен бірге ОЖСБ тапсыру туралы ережелер – өткізуге берілетін уақыт, қандай пәндерден өткізілетіні және қойылатын талаптар түсіндірілді.
Ата-аналар жиналысы да ОТЖжДО-ның қатысуымен өткізіліп, ОЖСБ тапсыру ережелерімен таныстырылды.
24-ші қарашада 4-ші, 9-шы сыныптарда сабақ беретін пән мұғалімдерінің есептері тыңдалып, папкалары тексерілді. І жартыжылдық барысында негізгі пәндер бойынша мектеп әкімшілігі сабақтарға қатысты және ОЖСБ-ға дайындық барысында қайталау жұмыстарының жүргізілуіне көңіл аударды.
9 «А», 9 «Ә» сыныптарында ОЖСБ-ға дайындық ретінде алдын-ала тестілеу жұмыстары ұйымдастырылып, мониторинг жүргізілді. Әр тестілеу өткізілген сайын пәндер ауысып отырады.
Мектеп бойынша ПМПУ-да орналасқан тестілеу пунктімен байланыс орнаған. Сұрақ кітапшаларына сұраныс берілді.