Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
2018-2019 оқу жылындағы ОЖСБ –ға дайындық барысы туралы ақпарат

         Мектепішілік жоспарға сай 2018-2019 оқу жылының қыркүйек айында ОЖСБ-ға дайындық туралы бұйрық шығарылып, 4-ші, 9-шы сыныптарда негізгі пәндер бойынша қосымша сабақ кестесі бекітілді. І жартыжылдықта осы кестеге сай қосымша сабақтар өткізілді.

        Сынып жетекшілерінен сынып оқушылары туралы толық мәліметтер алынды. Мұғалімдер туралы да ақпарат жинақталды. Оқушыларға ОТЖжДО-лары, сынып жетекшілерімен бірге ОЖСБ тапсыру туралы ережелер – өткізуге берілетін уақыт, қандай пәндерден өткізілетіні және қойылатын талаптар түсіндірілді.

        Ата-аналар жиналысы да ОТЖжДО-ның қатысуымен өткізіліп, ОЖСБ тапсыру ережелерімен таныстырылды.

        24-ші қарашада 4-ші, 9-шы сыныптарда сабақ беретін пән мұғалімдерінің есептері тыңдалып, папкалары тексерілді. І жартыжылдық барысында негізгі пәндер бойынша мектеп әкімшілігі сабақтарға қатысты және ОЖСБ-ға дайындық барысында қайталау жұмыстарының жүргізілуіне көңіл аударды.

       9 «А», 9 «Ә» сыныптарында ОЖСБ-ға дайындық ретінде алдын-ала тестілеу жұмыстары ұйымдастырылып, мониторинг жүргізілді.  Әр тестілеу өткізілген сайын пәндер ауысып отырады.

     Мектеп бойынша ПМПУ-да орналасқан тестілеу пунктімен байланыс орнаған. Сұрақ кітапшаларына сұраныс берілді.