Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бухар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник с 16.00 до 18.00 часов Четверг с 14.00 до 16.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Павлодар қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі» ММ Қамқоршылық кеңестің қалыптасуы және оның 2020-2021 жылының құрамы жайлы ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды.

Қамқоршылар кеңесі ҚР «Білім туралы» Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес білім беру ұйымының өзін-өзі басқару нысаны болып табылады.

Қамқоршылық қеңесінің негізгі мақсаты - жалпы білім беру мекемесінің тиімді қызметі атқару үшін жағдай жасау.

ҚҚ қарастыратын сұрақтар :

1) білім беру ұйымының оқушылары мен тәрбиеленушілері құқықтарын сақтауға, сондай-ақ білім беру ұйымдары алатын қайырымдылық көмекке жұмсалатын қаржыны қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

2) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

3) Қазақстан азаматтарының отбасыларында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ұйымдастыру мәселелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымына түскен қаржылық ресурстардың бөлінуіне қатысады және оның мақсатты шығысы туралы шешім қабылдайды;

5) Білім беру ұйымының жұмысында қамқоршылар кеңесі анықтаған кемшіліктерді жою үшін тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға ұсыныстар енгізеді;

6) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметтерін сапалы қамтамасыз ету, қайырымдылық көмек көрсетуді қолдану туралы есептерін тыңдайды және жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандықтардың отбасыларында ұйымдастыру шараларын қабылдайды;

7) білім беру ұйымдарының қызметі туралы конференцияларға, кездесулерге, семинарларға қатысады;

Қамқоршылық қеңестің құрамына білім беру процесінің қатысушылары мен мекеменің қызметін жетілдіруге және дамытуға мүдделі тұлғалар кіреді, сондай-ақ тиісті органдардың ұсынысы бойынша облыстық және жергілікті атқарушы органдар, бизнес, қаржы және ғылыми топтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қауымдастықтардың өкілдері кіре алады.