Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Aурудың алдын-алу

Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде

Тұмаудыңалдын алу шаралары бойынша дәрігерлер ерте қамданып, алдын алу шараларына кірісіп те кетті. Бірақ, ауруханаларда дәл осы уақытта балалар арасында тағы бір қауіпті дерттің белең алатыны белгілі. Жедел респираторлық ауру ОРЗ белгілері тұмауға ұқсас. Бұл маусымдық қауіпті дерттің алдын алу шаралары ата аналардың өз қолында. Күздің қара суығын елеп ескермеген ересектер де төсек тартып қалатыны жасырын емес. Ал, балалар үшін оның қауіптілігі аталмыш ауру да тез тарайтын жұқпалы дертке жатады. Вирус адам ағзасын бірден әлсіретіп жібере алады.

Адам өз бойындағы барлық қабілеттерді игеріп, аурудың алдын алуға қауқарлы. Бұл дәрігерлердің ұсынысы. Ақ халаттылар барлық адам ағзасында кез келген ауруға қарсы тұра алатын «антивурус» барлығын айтады. Ең бастысы аурудың алдын алуға әрекет ету. Иммунитетті көтеру үшін алдымен адам өз ағзасын артық заттардан үнемі тазартып отыру керек. Бұл алдымен жеке бас тазалығын сақтау болып табылады. Содан кейін жақсы тамақтану, жаттығу жасау, көп жүру және денені салқын ауа райына үйрету болып табылады. Сондай ақ, соңғы кездері мамандар аурудың алдын алу үшін ет, балық сияқты тағамдардан бас тартуды да ұсынып жүр. Иммунитетті түсіретін тағамдарды көп пайдалану да ағзаның жұмысын нашарлатады.

Тыныс жолдарының ауруы

Аурудың алғашқы белгі-лері біліне бастағанда кәдімгі пияздың иісімен де емделуге болады. Ол үшін ұсақтап туралған пиязды шыны ыдысқа салып, оны иіскеу арқылы да ауруды аластатуға болады екен. Мұны күніне үш - төрт рет қайталауға болады. Фитонцид деп аталатын қышқыл жұқпалы дерттің ви-рустарын бірден жойып жіберуге ықпал етеді.

Алғашқы күні жедел респераторлық тыныс ауруларының адамды алқымнан алып, мазасын қашыратыны анық. Бұл күні өзіңізге демалыс жариялаңыз. Тіпті, науқасқа теледидар көрудің өзі аса ауыр салмақ болады. Мұрын қуыстарының бітеле бастағанын байқасаңыз, үш төрт тамшы алоэ сығындысын тамызуға болады. Бірден жедел әсер ететін антибиотик пен сироптарға жүгірудің қажеті жоқ. Ал, дене қызуы көтерілгеннен қорқудың да қажеті жоқ. Мамандар 38 градусқа дейін қызуы көтерілген науқастарға уақытша тамақ ішуден бас тартуға кеңес береді. Дене қызуы күрт көтеріліп кеткен науқас ашығу арқылы да аурудың бетін қайтара алады екен. Ол үшін тіпті екі күнге дейін тамақ іш-пеуге тура келеді. Алдымен бұл кезде адам ағзасы артық заттардан әбден тазарады. Тамақ ішпеу деген тәулік бойы нәр татпау деген сөз емес. Дегенмен, артық тамақтанудың салдарынан ас ауырған адамның бойына дарымайды деген қағиданы есте ұстаған абзал.Соның кесірінен де науқас бірден әлсіреп кетуі мүмкін. Ашығу кезінде қайнаған суға лимон қосып осы сұйықтықты тәулігіне бірнеше рет ішіп отырған абзал. Егер дене қызуы 37 градустан сәл ғана асып тұрған болса мұндай кезде ет, балық, жұмыртқа сияқты ауыр тағамдардан бас тарту керек. Қара қарақат мұндайда ауырған адамға теңдесі жоқ дәрумен. Дене қызуының бірден көтеріліп кетуінен қорқудың қажеті аз. Өйткені адам бойындағы қызу ауруды жоюға бағытталған күш.

Вирустық ауруларды антибиотик жеңе алмайды

Әрине, алқымнан алған ауруды оңай жеңу жолдарының бірі антибиотик қабылдау. Ал, қазір дәрігерлер сол дәрі түйірлерінің кері әсерінің көп екендігін дәлелдеп бағуда. Мысалы, антибиотик адам ағзасындағы ішек бактерияларын жойып жібереді екен. Сондықтан бірден дәріге жүгіруге болмайды. Көпшілік дене қызуы көтерілген кезде әсері мықты дәрілер қабылдаған дұрыс деп шешеді. Қазіргі заманғы медицина оны теріске шығаруда. Салқын тиіп ауырған науқас дәрігердің бақылауында болып, оның тұмау еместігіне көз жеткізген соң өздігінен де емделуге мүмкіндік бар. Тіпті, бүгінде дәрігерлер ағза қызуы 39 градусқа жетпей әсерлі дәрілер ішуге кеңес бермейді. Жарнамадағы дәрі түйірлерінің тек ақша үшін көрсетілетінін естен шығармаған абзал. Егер, дене қызуыңыз көтеріліп, әлсіреп кеткеніңізді бай-қасаңыз, ваннаға дейін жететін қауқарыңыз болса, төрт бес минут жылы душ қабылдауға да болады. Мұндайда адамның бойы сергіп, күш қуат жинайды. Содан кейін жылы орамалға оранып он минуттай демалып алыңыз. Тіпті, мұндай жылы душты күніне үш төрт рет қабылдауға да болады. Бірақ, су құйынудың уақытын ұзартып алмау қажет.Бұл да иммунитетті көтерудің табиғи және ең пайдалы түрі. Бойды сергітіп алған соң, халық еміне жүгініңіз. Бал қосылған жылы шәй ішіп терлеуге де болады. Қазіргі кезде дәріханаларда әртүрлі пайдалы шөптердің орнын алмастыратын капсулар да бар. Олар шөптен жасалғандықтан, ағзаға ешқандай кері әсері болмайды. Мысалы БАД: Капсула құрамында цинктен бастап көптеген пайдалы дәрумендер бар. Бұл құрал бір жағынан аурудың алдын алуға да септігін тигізеді. Екіншіден аурудың алғаш-қы белгілері біліне бастаған күндері пайдасы көп. Және шөптен жасалған құралдың бағасы да онша қымбат емес. Толық емделіп кету үшін күніне жеті сегіз капсулаға дейін ішуге болады.

Бірден дәріге жүгірудің қажеті жоқ

Бүгінгі күні балалар арасында тамақ ауруларының көптеген түрі кездеседі. Олар бронхиттен бас-тап, ларингит, трахеит, тонзилит т.б. Асқынған аурулар жедел тыныс жолдары ауруларына ұласады. Аурудың вирусы асқынып кетсе, адамның басқа ағзаларын зақымдайды. Ал бүгінгі күні аталмыш ауруларды да антибиотиктердің көмегінсіз емдеуге болатынын дәрігерлер де мойындай бастаған сияқты. Мұнда да халық еміне жүгінуге болады. Ол сұйықтықты көп ішу, тамақты тұзды сумен шаю т.б. Дегенмен өз бе-тінше ем қабылдаудың да қауіпті тұстары бар. Сондықтан салқын тиіп ауырған адам үшін зиянды заттарды да жазып отырмыз. Мысалы, дене қызуы 38 градусқа жетпесе, қызуды түсіруге ұмтылудың қажеті жоқ. Бірақ, кейбір кішкентай нәрестелердің мұндай қызуды көтере алмайтынын да ескерген абзал. Ол үшін әрине, тағы да міндетті түрде дәрігердің кеңесіне құлақ түрген дұрыс. Ал, артық дәрі, дәрмек беру ең алдымен кішкентай сәбилер үшін аса қауіпті. Дәрігердің ұсынысынсыз берілген дәрілер баланың бауырын зақымдауы әбден мүмкін. Және бір жасқа толмаған баланы ыстығы көтерілген сәтте әртүрлі майлармен сылауға да болмайды. Негізі ересектерге тамағына иод жағудың қауіпті екендігін де көбіміз біле бермейміз. Ал, баспасы бар адамдар көбіне тамағын қыздыр-ғанды ұнатады. Ауру уақытша тынышталған сияқты болады. Бірақ, керісінше ауруды асқындырып алатынын көпшілік біле бермейді. Сарымсақ кез келген жұқпалы дертке шипа. Балалы үйдің дастарханында сарымсақ міндетті түрде тұруы керек. Әсіресе, күз көктем айларында, бала бақшаға мектепке баратын балалар үшін аурудың алдын алуға оның көмегі көп. Тыныс жолдары аурулары да негізінен жедел тарайтын жұқпалы аурулар қатарына жатқызылады. Тіпті, ғалымдар кәдімгі сарымсақтың өзі аурудың алдын алуға арналған басты дәрілік құрал екендігін дәлелдеумен келеді. Сарымсақтан моншақ жасап та балаларды жұқпалы дерттен сақтауға әбден болады.