ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл
«2016 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 115 қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «2016 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының Премьер Министрі К. Мәсімов 2016 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының жылы деп жариялау туралы Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайту, Қазақстан халқын рухани-мәдени топтастыру, дәйекті және озыңқы дамуды қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2016 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының жылы деп жариялансын. 2. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының жылын ұйымдастыру және өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) құрылсын. 3. Қоса беріліп отырған: 1) Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы; 2) Мемлекеттік комиссия туралы ереже; 3) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы № Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН «БІРЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ 25 ЖЫЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ Мазмұны
- Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамалық негіздері 2. Мерекенің идеологемалары 3. Мерекелеудің мақсаты мен негізгі міндеттері 4. Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі кезеңдері 5. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу күнтізбесі 6. Мерекенің сыртқы атрибуттары 7. Күтілетін нәтижелер
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамалық негіздері
- Мерекенің идеологемалары
- Мерекелеудің мақсаты мен негізгі міндеттері
- Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі кезеңдері
- Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеудің күнтізбесі
- Қаңтар– Кәсіпқой және тиімді мемлекет Ай Қазақстанның кәсіпқой және тиімді мемлекет құрудағы жетістіктеріне арналады. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Мемлекет басшысының саясаты арқасында Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты. Стратегиялық көзқарас Қазақстанға барлық салаларда табысқа жетуге мүмкіндік береді. Экономикалық және саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен ашық азаматтық қоғам құрылды. Бүгінде Қазақстан – мемлекеттік дамудың түйінді бағыттары жөнінен әлемнің 50 мемлекетінің қатарына енген табысты ел. Ай бойы Қазақстанның егемен, тәуелсіз, мықты және біртұтас мемлекет ретіндегі табыстарын таныстыру іс-шаралары өткізілетін болады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес кәсіпқой мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі 15 қадам шеңберінде қабылданған шаралар таныстырылатын болады. 2. Ақпан – Саламатты Ұлт. Спортты Қазақстан. Ай жоғары жетістіктер спорты саласындағы жетістіктер мен саламатты өмір салтын дәріптеуге арналады. Нақ осы салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып табылады. Ай бойы спорттық іс-шаралар топтамасы, БАҚ-тың барлық түрлерінде қазақстандық спорт жетістіктерінің таныстырылымы өткізіледі. 3. Наурыз – Біртұтас болашақтың ұлты. Ұлы дала дәстүрлері. Ай Қазақстан халқы Ассамблеясы шаңырағының астында біріккен Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығына арналады. Ай бойы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының негізінде қазақстандық қоғамның одан әрі топтасуына бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIII сессиясы өткізіліп, онда тарихта тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы ретінде Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының есебі, оның ішінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру бойынша есебі ұсынылады. 4. Сәуір – Зияткер ұлт. Нұрлы болашақ. Ай Қазақстанның индустриялық дамуда инновациялар құру саласындағы жетістіктеріне арналады. Мемлекет басшысы индустрияландыруды экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оны әртараптандырудың аса маңызды элементі ретінде жариялаған. Индустрияландыру шеңберінде бүгінде жүз мыңдаған қазақстандық жұмыс істейтін 1000-ға жуық жаңа кәсіпорындар салынды. Сәуірде индустриялық және инновациялық жетістіктердің тұсаукесерлері, форумдар, Ашық есік күндері өткізіледі. 5. Мамыр – Бейбітшілік. Келісім. Достық. Ай Нұрсұлтан Назарбаевтың моделі бойынша Қазақстанның бірлік пен келісімді нығайту, қазақстандық қоғамды дамыту жөніндегі жетістіктеріне арналады. Мамыр бойы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай этномәдени бірлестіктерді, шығармашыл зиялы қауымды жұмылдыра отырып, мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық құндылықтарының сенімді қорғаушысы болып табылатын қазақстандық армияға ерекше назар аударылатын болады. 6. Маусым – Мемлекеттік рәміздер. Ай мемлекеттік рәміздерге – Тәуелсіздіктің басты атрибуттарына – арналады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығының жылында мемлекеттік рәміздер «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі мемлекет» Ұлт жоспары шеңберінде енгізілген жаңа форматта іс-шараларда және тұрмыста қазақстандықтар үшін шек қойылмай қолданылады. Патриоттық форумдар, құрылтай, жас ұрпаққа арналған әр форматтағы байқаулар өткізіледі. 7. Шілде – Астана. Отан. Жаңа қазақстандық патриотизм. Бұл ай Қазақстанның елордасы – Астанаға арналады. Астана – ел жүрегі, Еуразия жүрегі. Астана – Тәуелсіздік символы, әл-ауқат символы. Астанадағы және өңірлердегі барлық іс-шаралар Астанаға арналады. Іс-шараларда еліміздің жетістіктері Астананың дамуы тұрғысынан айшықталады. 8. Тамыз – Жаһандық бастамалар. Бітімгер Қазақстан. Ай Қазақстанның білім, ғылым, зияткер ұлтты қалыптастыру саласындағы жетістіктеріне арналады. Оқуда, ғылыми жобаларда жоғары жетістіктер көрсеткен жас дарынды қазақстандықтарды ілгерілету жөніндегі іс-шаралар желісі өткізіледі. Ерекше назарда – еліміздің беделді ғалымдары. Тамызда Қазақстанның жаңа тарихындағы екі ерекше күн: 29 тамыз – Қазақстан бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Халықаралық ядролық қарудан бас тартқан күн және 30 тамыз – Конституция күні. 9. Қыркүйек – Еңбек. Отбасы. Әл-ауқат. Ай «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарына: енбексүйгіштік пен адалдыққа, отбасылық құндылықтарға арналады. Қазақстандықтардың қалтқысыз еңбегі елімізге бұрын-соңды болмаған табыстарға жетуге мүмкіндік берді. Бүкіл ай бойы Еңбек адамын құрметтеуге арналған іс-шаралар өткізіледі. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы күнтізбесіндегі ерекше күн – Мемлекет басшысы бекіткен Отбасы күні. Бүкіл ел бойынша «Үздік отбасы» атағына өңірлік байқаулар өткізіледі. Оларды жеңімпаз-отбасына құрмет көрсетілетін гала-концерт қорытындылайды. 10. Қазан – Мәңгілік мұра. Ай Қазақстан халқының ұлы мәдени игіліктеріне, өнер мен шығармашылықтың баға жетпес және бірегей үлгілеріне арналады. Дарынды қазақстандықтардың арасында байқаулар мен сыйлықтар беру, театр фестивальдері, еліміздің музейлері арасында байқау өткізіледі. 11. Қараша – Индустриялық және инновациялық Қазақстан. Ай Тәуелсіздіктің 7-ші шыңы – «Жаһандық жауапкершілік, барша адамзат үшін ортақ бастамалар», Қазақстанның халықаралық бітімгершілік бастамалары саласындағы жетістіктеріне арналады. Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемге Тәуелсіздіктің 25 жылы ішіндегі өзінің тамаша табыстарымен әйгілі. Мемлекет басшысының сарабдал сыртқы саясатының арқасында біздің елімізді халықаралық аренада басты бітімгер ретінде де таниды. Ай бойы Қазақстанның бітімгер ел ретіндегі имиджін алға ілгерілету жөніндегі бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Оларға жетекші халықаралық сарапшылар қатысады. 12. Желтоқсан – Тәуелсіздік тарихы. Қазақстан жолы. Ай мерейтойлық жылдың жалпы оқиғалық күн тәртібін аяқтайды және Тәуелсіздік тарихын дәріптеуге, қалыптасудың, даму мен табыстың қазақстандық жолының айрықша бірегейлігін ілгерілетуге арналады. Желтоқсанның басты тақырыптары Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын мерекелеу болмақ. Бұдан басқа, 21 қарашадан бастап 15 желтоқсан аралығындағы кезеңде жеке жоспар бойынша Тәуелсіздіктің мызғымас негіздері айшықталатын 25 жұлдызды күн өткізіледі. Жер-жерде мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында Елбасының қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастырудағы ерекше рөліне назар аударыла отырып, қоғамның топтасуы мен бірігуіне бағытталған айтулы оқиғалар өткізіледі.
- Мерекенің сыртқы атрибуттары
- Күтілетін нәтижелер
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Мемлекеттік комиссия төрағадан, екі орынбасардан, хатшыдан және Мемлекеттік комиссия мүшелерінен тұрады.
- Мемлекеттік комиссияның міндеттері, функциялары және өкілеттіктері
- Мемлекеттік комиссияның міндеті 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының жылын мерекелеуге дайындық және оны ұйымдастыру болып табылады. 5. Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Мемлекет басшысының қарауына енгізу; 2) мемлекеттік органдардың 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны ұйымдастыру жөніндегі қызметін үйлестіру. 6. Мемлекеттік комиссия өз құзыреті шегінде: 1) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан өзіне жүктелген міндетті орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға; 2) Мемлекеттік комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекеттік комиссия отырыстарында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдерін тыңдауға; 3) Мемлекеттік комиссияның құзыретіне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында кіші комиссиялар, жұмыс топтарын құруға; 4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
- Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру
- Мемлекеттік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі. 8. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан жағдайда Мемлекеттік комиссияның отырыстары заңды болып саналады. 9. Мемлекеттік комиссияның шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады. 10. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына Мемлекеттік комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін. 11. Мемлекеттік комиссияның төрағасы: 1) Мемлекеттік комиссияның қызметіне басшылық жасайды және оның отырыстарында төрағалық етеді; 2) Мемлекеттік комиссияның атқарған жұмысы туралы Қазақстан Республикасының Президентін хабардар етеді. 12. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін төраға айқындаған орынбасар орындайды. 13. Мемлекеттік комиссияның хатшысы: 1) Мемлекеттік комиссияның мүшелерін оның отырыстарының уақыты мен орны туралы хабардар етеді; 2) Мемлекеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады; 3) Мемлекеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын ресімдейді; 4) Мемлекеттік комиссияның төрағасына қабылданған шешімдердің уақтылы және сапалы орындалуын бағалай отырып, атқарылған жұмыс туралы оның мүшелері әзірлеген есепті ұсынады; 5) Мемлекеттік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады. 14. Орталық мемлекеттік органдар Мемлекеттік комиссияға жүктелген міндеттерді орындауда оған жәрдем көрсетуге міндетті. 15. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы | - | Комиссия төрағасы |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары | - | Комиссия төрағасының бірінші орынбасары |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі | - | Комиссия төрағасының орынбасары |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі | - | Комиссия хатшысы |
Мемлекеттік комиссия мүшелері: | ||
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары | ||
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) | ||
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі | ||
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы (келісім бойынша) | ||
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша) | ||
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы (келісім бойынша) | ||
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы | ||
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі | ||
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi | ||
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі | ||
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі | ||
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | ||
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі | ||
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | ||
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі | ||
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі | ||
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі | ||
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі | ||
Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі | ||
Алматы қаласының әкімі | ||
Астана қаласының әкімі | ||
Ақмола облысының әкімі | ||
Ақтөбе облысының әкімі | ||
Алматы облысының әкімі | ||
Атырау облысының әкімі | ||
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | ||
Жамбыл облысының әкімі | ||
Батыс Қазақстан облысының әкімі | ||
Қарағанды облысының әкімі | ||
Қостанай облысының әкімі | ||
Қызылорда облысының әкімі | ||
Маңғыстау облысының әкімі | ||
Павлодар облысының әкімі | ||
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | ||
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі | ||
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (келісім бойынша) | ||
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша) | ||
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) | ||
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) | ||
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттар партиясының төрағасы (келісім бойынша) | ||
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) | ||
«Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) | ||
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры | ||
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты» мемлекеттік мекемесінің директоры | ||
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша) | ||
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) | ||
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» жеке мекемесінің жетекшісі (келісім бойынша) | ||
«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы (келісім бойынша) | ||
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) | ||
«Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) | ||
«Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) |