Бірінші күн - "Танысу күні"
Второго июня в пришкольном оздоровительном центре «САМИ» при СОШ №4 был день знакомств. После торжественного открытия лагерного сезона ребята отправились на концерт «Золотой дождь» в музыкальную школу №1. После зажигательных номеров молодых артистов ребята посетили поликультурный юрточный лагерь «Бірлік». Где ознакомились с бытом и традициями разных народов. В память об этом ребята с собой принесли в лагерь книгу и газету.Екінші күн - "Кітап күні"
Үшінші маусым «Кітап күні» деп аталған болатын. Тәрбиешілермен мектептің алаңында «Кітап аялдамалары» атты ойын жүргізілді. Ойыннан кейін балалар Гайдар кітапханасына барып, қызықты кітаптармен танысып, ойындар ойнады. Кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының рәміздері жайлы ақпарат берді. Балалар суретке түсіп, уақыттарын қызықты өткізді.
Үшінші күн - "Таланттар күні"
Маусымның алтысы күні жазғы лагерьде «Таланттар күні» аталған болатын. Балалар ән айтып, би билеп, түрлі музыкалық аспаптарда ойнап, өз өнерлерін көрсетті. Ең белсенді балалар түрлі номинацияларға ие болды. Таланттар сайысынан кейін балалар «Балалар техникалық мектебіне» барып өз шеберліктерін көрсетіп, ұшақтар жасады. Кейін балалар Ж.Аймауытов атындағы қазақ театрында «Маугли» қойылымын тамашалады.Төртінші күн - "Деңсаулық күні"
Жетінші маусым күні жазғы лагерьде «Денсаулық күні» аталып өтті. Балалармен мектебіміздің медициналық қызметкері «Көзіміз жақсы көрсін десеңіз…», «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі», «Жаман әдеттер» атты тақырыптарға дөңгелек үстел отырысын өткізген болатын. Балалар өздері үшін жаңа, қызықты ақпарат алды. Кейбір топтар көздері нашар көретін адамдарға арналған кітапханаға барды. Балалар нашар көретін адамдардың кітапты оқи алу әдістерімен танысып, қызықты мәліметтер алды. Кейін А.П.Чехов атты театрдың «Мыстандар жиылысы» атты қойылымын тамашалады.
Бесінші күн - "Достық күні"
Сегізінші маусым күні жазғы лагерьде «Достық күні» аталып өтті. Таңғы жаттығулардан кейін «Денсаулық және біз» атты флеш-моб ұйымдастырылды. Жақсы көңіл-күймен біз «Балалар техникалық мектебіне» барып, жаңа үйірмелермен таныстық. Денсаулығымызды нығайту мақсатында Нептун бассейініне бардық.Алтыншы күн - "Тыныштық күні"
Тоғызыншы маусым күні жазғы лагерьде тыныштық күні болды. Балалар күні бойы үйірмелерде жұмыс істеді. Олар ағылшын тілінен үйірмеге қатысып, жаңа сөздермен танысты. Сонымен қатар сенім орталығында, мектеп психологымен жұмыс жүргізілді. Тәрбиешілер «Су-тіршілік көзі» атты экологиялық ойын өткізді.Жетінші күн - "Еске алу күні"
Оныншы маусым күні балалар «Жігер» атты аула клубында «Мен, сен, ол – барлығымыз деніміз сау елміз» атты меркелік іс-шараға қатысты. Қалған топтар Гайдар атындағы қалалық кітапханада «Акварельді дала» атты ойынға қатысып, акварель бояуымен салаған суреттерін естелікке қалдырды. Балалар Ж.Аймауытов атындағы театрда “Мысықтың үйшігі» атты қойылымды тамашалады. Балалар қойылымнан қалған ерекше әсерлерімен өзара бөлісті. Тәрбиешілермен «Ешкім, ешқашан ұмытылмайды» тақырыбында іс-шара өткізіліп, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымызды еске алды.
Сегізінші күн - "Өнер күні"
Он үшінші маусым күні жазғы лагерьде «Өнер күні» аталып өтті. «Біздің өміріміздегі роботтар» атты көрме ұйымдастырылды. Балалар түрлі материалдардан роботтарды құрастырып, көрмеге ұсынды. Мектебіміздің акт залында «Жаңа заманауи қадаммен» атты презентация көрсетілді. Балалар роботтардың түрлерімен, оның ішінде Asimo атты заманауи роботпен танысты.
Тоғызыншы күн - "Тыныштық күні"
Он төртінші маусым күні балалар Гагарин паркіне барып, «Жазғы ғажайыптар» атты қалалық жоба негізінде ұйымдастырылған «Қағаздан жасалған қанаттар» атты іс-шараға қатысып, бүктеу арқылы жасаған ұшақтарын ұшырды. Ең жақсы деп аталған жұмыстар мадақтама қағаздарымен марапатталды. Балалар Ш.Айманов атындағы кинотеатрға барып «Сезон охоты» атты қызықты мультфильмді тамашалады. Кейін көтеріңкі көңіл-күймен мектепке оралып, «Сенім» атты психологиялық орталығында өз жұмыстарын жалғастырды.
Оныншы күн - "Табиғат күні"
Он бесінші маусым күні жазғы лагерьде «Табиғат күні» аталып өтті. Балалар «Біздің кішкентай достарымыз» атты станциялар ойынына қатысты. Әр отряд табиғат аясында өзін дұрыс ұстау ережелерімен танысып, қысқаша ақпарат алды. Балалар жануарлар туралы ертегілерді еске түсіріп, басты кейіпкерлерге қысқаша сипаттама берді. Кейін «Нетун» бассейініне барып, денелерін шынықтырды.
Он бірінші күн - "Қауіпсіздік күні"
Он алтыншы маусым күні жазғы лагерьде «Қауіпсіздік күні» аталып өтті. Балалардың «жолда жүру ережелері» тақырыбына салынған суреттеріне сай, ақпараттық көрме ұйымдастырылды. «Жолда қауіпсіздік ережесін сақтау қажет!» атты ойын жүргізілді. Балалар жолда кездесетін қауіпсіздік белгілерін еске түсіріп, өз ойларынан жаңа белгілерді ойлап тапты. Қалған отрядтар Ұлы Отан соғысы мұражайына барып, экскурсияға қатысты.
Он екінші күн - "Туған өлкем күні"
Он жетінші маусым күні жазғы лагерьде «Туған өлкем» атты күн аталып өтті. Балалар Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына экскурсияға барды. Экскурсияда Павлодар облысының мәдени мұрасымен танысты. Балалармен «Қазақстан Республикасының рәміздері» атты викторина жүргізілді. Балалар рәміздердің пайда болу тарихын еске түсіріп, Қазақстанның тарихында болған түрлі оқиғаларды шолып өтті.
Он үшінші күн - "Ертегілер әлемәне саяхат" күні
20 маусым күні БЫЖЕ (белсенді ынталы жастар елі) жазғы лагерінде «Ертегілер әлеміне саяхат» күні аталып өтті. Балалар Ж.Аймауытов атындағы қазақ театрында «Алдар Көсе» атты қойылымды тамашалады. Кейін Бұхар Жырау атындағы мұражайда «Ең жүйрік, ең мықты» атты ойынға қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Облыстық наркологиялық орталығының қызметкерлері «Нашақорлықпен күрес» атты презентацияларын ұсынды. Қарастырылған басты тақырыптар: «Есірткінің қазіргі замандағы алатын орны», «Темекінің әсері».
Он төртінші күн - "Нептун күні"
Шуақты 21 маусым күні, жазғы лагерьде Нептун күні ерекше аталып өтті. Балаларға Нептунның ұсынысымен алты тапсырма берілді. Оның ішінде логика мен шапшаңдыққа берілген тапсырмалар басым болды. Балалар әндетіп, әр отрядтан ең сүйкімді Нептун мен Су перісін таңдады. Кейін балалар Ш.Айманов атындағы кинотеатрда «В поисках Дорри» атты мультфильмді тамашалады.
Он бесінші күн - "Спорт күні"
22 маусымда «Спорт күні» аталып өтті. Мектептің үлкен спорт алаңында отрядтар арасында спорттық ойындар ұйымдастырылды. Өткізілген эстафеталарда балалар әр түрлі бөгеттерден өтіп, қызықты ойын көрсетті. Жазғы лагерьдің бірінші аусымының жабылуына орай концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Осы уақыт аралығында отрядтардың алған грамоталары мен жүлделі орындары үшін балаларға тәтті сыйлықтар берілді.