Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодар қаласының К. Макпалеев атындағы №4 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Асылбекова Назигуль Қырықбайқызының әдістемелік құралына

 

 

                       Павлодар  облыстық білім басқармасы

Павлодар облыстық педагог мамандар біліктілігін  арттыру институты

 

Павлодар қаласының  К. Макпалеев атындағы  №4 жалпы орта  білім  беру

мектебінің  мұғалімі Асылбекова Назигуль Қырықбайқызының

әдістемелік құралына

 

                                                         П  і  к  і  р

        

            Еліміздің  егемендік алған  соңғы  жылдары, арғы тарих қойнауынан басталып, ғасырлар бойы халқымыздың  бойына сіңіп  қалыптасқан, әсіресе жас      буынды  тәрбиелеуде басты рөл  атқарып келген әдеп – ғұрпымыз, салт - дәстүріміз, ән – күйіміз  бен өнеріміз   қазіргі мектептердің  оқу – тәрбие  үрдісіне  мықтап ене бастады.

             Әр түрлі оқу – тәрбие үрдісіне байланысты  бағдарламалар өмірге келіп қолдау  тауып  отыр.  Соның бірі – « Мұрагер» бағдарламасы.

Бағдарламаның негізгі  мақсаты – халқымыздың  тұрмыс - тіршілік көріністерін, салт-дәстүрін, өнерін, оның бай ән-күйлері мен сазды әуендерін  алғаш мектеп табалдырығын аттаған уақыттан бастап бала бойына терең сіңіріп тәрбиелеу.

        Осы бағытта «Музыка» пәні мұғалімі Асылбекова Назигуль Қырықбайқызы  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру курсында  «Мұрагер»  бағдарламасымен  жұмыс істеудің әдіс-тәсілдері және  панарамалық сабақтар арқылы  іс - тәжірибесімен бөліскен. «Ашық сабақ үлгілері» атты жұмысында  әр сабақ нақты жүиеленген , әр түрлі әдіс – тәсілдер қолданған. Аңыз-күйлер, атақты күйші - композиторлар Қорқыт, Құрманғазы, Қазанғап,  Дина, Қазақстанның кәсіби композиторы  А. Жұбанов шығармашылығы жан - жақты қамтылған. XIX ғасырдағы Біржан сал мен  қыздың айтысы,  қазіргі  заман  Мұхамеджан  мен    Қуаныштың    айтыс өнерінің ерекшеліктерін өте жақсы талдаған.  Оқушылардың   тілін   және   ойлау   қабілетін    дамытумен    қоса,   қазақтың   ұлттық  аспабы   домбырада да  шебер  ойнауды  меңгерген.  Бұл халық  әндері   «Еркем-ай»,   «Қалаулым», «Сәулем-ай»,  «Гүлдерайым», халық  күйлері  «Келіншек»,   «Салкүрең» т.б. айтыс әуені, термелер.

               Ұстаз  оқушыларға  сабақ  беруде өз шеберлігін  жоғары деңгейде  меңгергенін көрсете алды.

 

ОПМБАИ  әдіскері:                                                 Е.Қ.Тақырбасов

 

 

 

Павлодар қаласының  К.Макпалеев  атындағы №4 жалпы  орта

білім беру  мектебінің  мұғалімі  Асылбекова  Назигуль Қырықбайқызының

әдістемелік  құралына

 

П і к і р

 

          Қазіргі    кезеңде  ұлттық   құндылықтарымызды    жетілдіруде мектептің   ролі   айрықша   десек,  соның  ішінде   оқушыларды    өнерге   тәрбиелеудің  маңызы зор. «Өнер арқылы балалардың шығармашылық    қабілетін  дамыта  отырып, өзі халқының асыл қазынасының  мұрагері  сезінетін   жеке  тұлға ретінде  қалыптасуына  ықпал  ету»   тақырыбына   сүйене отырып  өнер арқылы балаларды  өзінің    тілін,  дінін,    дәстүрін,

өнерін, әдет - ғұрыптарын біліп,  өз елін,  туған жерін,  ата - мекенін сүйетін  Қазақстан  Республикасының   азаматын   тәрбиелеу    басты      мақсаты.

           Ұстаздық    оқыту   әдістері    бағытының    негізі     «Мұрагер»    бағдарламасы болып табылады.    Оқытушы  «Ашық сабақ  үлгілері» атты  жұмысында «Мұрагер»

бағдарламасы  бойынша  бірнеше сабақ   үлгілерінің   түрлерін    ұсынып     отыр.   Бұл   сабақтар    «Мұрагер»    бағдарламасының    Республикалық     семинарларында  өткізілген.  Әр сабақ  балалардың  жас   ерекшеліктерін   ескере отырып, нақты жүйеленген және әр түрлі әдіс- тәсілдер қолданған.

            Аңыз-күйлер, атақты күйші - композиторлар Қорқыт, Құрманғазы, Қазанғап,  Дина, Қазақстанның кәсіби композиторы  А. Жұбанов шығармашылығы жан - жақты қамтылған. XIX ғасырдағы Біржан сал мен  қыздың айтысы,  қазіргі  заман  Мұхамеджан  мен    Қуаныштың    айтыс өнерінің ерекшеліктерін өте жақсы талдаған.  Оқушылардың   тілін   және   ойлау   қабілетін    дамытумен    қоса,   қазақтың   ұлттық  аспабы   домбырада да  шебер  ойнауды  меңгерген.  Бұл халық  әндері   «Еркем-ай»,   «Қалаулым», «Сәулем-ай»,  «Гүлдерайым», халық  күйлері  «Келіншек»,   «Салкүрең» т.б. айтыс әуені, термелер.

            Назигуль  Қырықбайқызы - педагогикалық   деңгейі  жоғары,   өз   мамандығын   жетік   меңгерген   кәсіби    маман.

                 

 

       Павлодар Мемілекеттік педагогикалық

    институтының Музыкалық білім беру

    теориясы және әдістемесі кафедрасының                   

    доценті, кафедра меңгерушісі                                                  Еркін Жанайхан

                         

 

Ғасырлар сазы – аспаптар үні

1 сынып

Сабақтың тақырыбы:  Халық күйі «Аңшының зары»

Сабақтың мақсаты:     

Білімділік:«Аңшының  зары» күйінің шығу тарихымен және жетіген   аспабымен танысу.  Жетігеннің пайда болуы туралы аңызды тыңдау

Дамытушылық:Күй тілін ұғыну.  Домбыра ойнауда  жаңа жаттығуды меңгеру.

Тәрбиелік:Балаларды қайырымдылыққа  тәрбиелеу.

Сабақ түрі:Жаңа сабақ.

Қолданылатын әдіс- тәсілі:Әңгімелеу.

 Көрнекілік: Слаид сурет, аспаптар, бейне таспа, үн таспа.

 Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (әнмен сәлемдесу)

                                     2. Өткен тақырыптарға сұрақтар

                                     3. Жаңа тақырып

                                     4. Домбыра Халық әні «Еркем-ай»

                                     5. Жаңа сабақты қорыту сұрақтары

                                     6. Үй тапсырмасы

 1. М: Ассалаумағалейкум  

     О: Уағалейкумассалам

        Мұрагер сабағында  күй тартып, ән саламыз

        Аңыз -күйді тыңдаймыз, аспапта да ойнаймыз.

        Бабалардың ән - жырын үйренбей біз қоймаймыз.

  2.- Балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын бізге қандай аспаптар

   үн  қатып тұр?Ажырата аламыз ба?(үн таспа ойналады)

    - Сыбызғы

    - Сыбызғы аспабы жайлы не білеміз?

    - Сыбызғы аспабында қандай күймен таныстық?( Сыбызғы сыры)

    - Дүниедегі ең кішкентай аспап қандай аспап?( шаңқобыз)

    - Аспап не деп сөйлеп тұр? Қандай күймен таныстық?(«Боташым», «Бозінген»)

    - Бұл қандай аспаптың үні?(сазсырнай)

    - Сазсырнай аспабында қандай шығармамен таныстық? (Халық әні «Елім-ай»)

  3. - Балалар естімеген аспаптың үні естіледі ол аспап жетіген. Біздің бүгінгі  жаңа тақырыбымыз  болмақ. Жетіген деген сөздің түбінде 7 деген сан жатыр.

        Ал оның  не себепті жетеу болғанын мен сендерге айтып берейін. (Шал   мен    кемпірдің  жеті  ұлы туралы) Ел арасында көне жоқтау – күйлер көп сақталған.

     «Аңшының   зары».(Әңгімелеп айту) Күйдің  буынында  жеңгесінің  сөзі:

     «Неге,неге кешіктің,қайным-ау». Інісінің сөзі: «Қайран менің ағам-ай,қапы

    кеткен ағам-ай»- деп  жоқтайды.

  4.Сергіту сәті: 1.2кі,    1, 2кі,   1, 2кі

                             Домбыраны баппенен,

                             Қолға алып еркем-ай.

                             Алақай,алақай,ала деп,

                             Ән шырқайық еркем-ай.

                               1, 2 кі,  1,2 кі,    1, 2 кі

    Домбырада «Еркем-ай» әнінің келесі буынын үйрету.

   5. Қорытынды сұрақтар:

         - Не себепті аспап «жетіген» деп аталды?

         - «Жетіген» аспабында қандай жоқтау күймен таныстық?

         - Не себепті інісі ағасын атып алды?

         - Жеңгесі қайнысына не деп айтады?

         - Жетіген не деп сөйлейді?  

    Сабақты қорытындылау: Не білдік , не үйрендік?

    Үй тапсырмасы:  Жетіген аспабына байланысты сурет салу. «Еркем-ай»

                              әнінің үйренген буынын ойнап келу.

                                            

 

 

 

 

 

 

2 сынып

Сабақтың  тақырыбы: «Күй құдіреті»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Күйші композиторлардың күйлерімен таныса отырып,   күйлерінің шығу тарихын, құдіреттілігін түсіне, сезіне білу. Динаның «Қарақасқа ат» күйімен танысу.

Дамытушылық:Домбыра ойнаудағы шеберлігін шыңдау.

Тәрбиелік:Сұлулықты сезіне білетін, ішкі рухани дүниесі бай, адамгершілігі мол жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың  барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі

                                     2. «Сырлы саз» күй сандығы 4 қақпа арқылы өтіледі.

                                     3. Аспапта: Халық күйі «Келіншек» саға буыны.

1.Сәлемдесу ( әуенмен)

Бүгінгі сабағымыз «Сырлы саз» күй сандығы арқылы өтеді. Әр қақпа ашылу  үшін  сұрақтар мен тапсырмаларды  орындау  керек.

     1- қақпа

            Қарағайдың түбінен,

            Қайырып алған қобызым.

            Үйенкенің түбінен,

            Үйіріп алған қобызым.

            Желмаяның терісін,

            Шанақ қылған қобызым.

            Ортекенің мүйізін

            Тиек қылған қобызым

            Бесті айғырдың құйрығын

            Ішек қылған  қобызым, ...

Осы өлең жолдарда қандай аспап жайлы айтылып тұр, ол аспапты жасаған кім?

(оқушылар жауабы) 1-қақпа ашылады «Қорқыт»

Сұрақтар:1. Қорқыт қай ғасырда өмір сүрген?

          2. Күйлерін үн таспада тыңдап ажырату. («Қорқыт», «Башпай», «Ұшардың ұлуы»)

2 – қақпа.

Өмір бойы теңсіздікпен, байлардың жасаған зорлық – зомбылығымен күресіп.

Сол кездегі Ресей  патшалығының  қазақ даласын басып алу саясатына қарсы тұрып

бас көтерген күй атасы кім? «Құрманғазы»

Сұрақтар:   1. Қандай күйлерін білесіңдер?

  1. Күйлерін тыңдап  күйдің атын, шығу тарихын айту.

( «Аман бол, шешем, аман бол», « Түрмеден қашқан», «Қызыл қайың»)

  3 - қақпа.

Үсен төремен танысып, күй ойнаған қай күйші ?( көрініс арқылы кім екенін табу).  «Қазанғап»

 Сұрақтар:  1. Күйші қай ғасырда өмір сүрген?

                     2. Шығармаларын ата?

                     3. «Шынаяқ тастар»  күйін кімге арнаған?

  4 – қақпа.

             Он жасында керемет күйші атанған,

             Өнер сүйер қауымды тамсандырған.

             Бекетай құмы деген асыл жерге,

             Құрманғазы күйші әдейі іздеп кімге барған?

          

             Атақты күйшілерден бата алған,

             Із басар атағына ие болған.

             Талай, талай күйлерімен таң қалдырған,

             Өнер атты ұлы жолда із қалдырған.

Бұл өлең жолдарда кім жайлы айтылған? «Дина».

Сұрақ:1. Динаның ұстазы кім?

                 Динаның «Қарақасқа ат» күйімен танысу.( үн таспада тыңдау.)

Домбыра  аспапта:«Келіншек» күйінің саға буынын үйрену.

Ойнау:Халық әндері «Еркем-ай», «Қалаулым».

Қорытынды:Не білдік, не үйрендік? (Оқушылар жауабы)

Бағалау.

Үй тапсырмасы:

Күйдің мазмұнын айту, домбырада үйренген буынды жаттау.

 

 

 

 

 

 

3 сынып

Сабақтың тақырыбы: А. Жұбановтың «Ақ көгершін» әні 

Сабақтың мақсаты: Білімділік:А. Жұбановтың  өмірі мен  әндерінің байланысын ашу. А. Жұбанов   туралы деректерді  кеңірек түсініп,  ұғынуға дағдыландыру. «Ақ көгершін» әнін тыңдату арқылы оқушылардың  ой – қиялының  ұшқырлығын дамыту.      

Тәрбиелік:Музыка және бейнелеу өнері арқылы әсемдікті, сұлулықты сезіне білетін, ішкі рухани дүниесі бай жеке тұлға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Домбырада ән-күй ойнаудағы шеберліктерін шыңдау, қазақтың  ою -  өрнегі «Орта табақ» нақышына келтіріп,әдемі салуды үйрену.

Сабақ түрі:Кірістірілген сабақ

Көрнекілік:Домбыра аспабы, ән таспа, беинеслайд, көрнекі плакаттар.

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі.

                                   II. Үй тапсырмасын тексеру.

                                   III. Ою- өрнек қию

                                   VI. Домбырада  «Жар-жар» әнін үйрену

I.Сәлемдесу (әнмен) .Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру ( бейнеслайд). Бүгінгі   сабағымызда Ахмет Жұбанов туралы оқыған білгенімізді есімізге түсіріп алдын ала дайындаған тест сұрақтарына жауап берейік.

II. Тест

1.А. Жұбанов қай жылы дүниеге келді? 

   А)  1925  Б) 1906*  С)  1931

 2.Құрманғазы оркестірін құрған  және  көркемдік жетекшісі кім?

  А)  Н.Тілендиев  Б) А.Жұбанов*  С) Ш. Қалдаяқов

 3. А. Жұбановтың әні:

    А) «Еркем-ай»   Б) «Ақ көгершін»*  С)  «Сәулем-ай»

 4. Оркестрді кім басқарады?

    А)  Дирижер*  Б) Композитор   С) Концертмейстер

 5.  Ерте жаста қандай аспапта ойнауды үйренді?

    А)  жетіген    Б) скрипка*  С) қобыз

А. Жұбанов Қазақстандағы кәсіби  музыканың ірге тасын қалаушылардың бірі.

Ал,балалар, Ахмет атамыздың құстарға арнап шығарған қандай шығармаларын білесіңдер? Оқушылар жауабы: «Ақ көгершін», «Қарлығаш».

Қазақ халқы аққуды аялап, қастерлейді. Аққу – ең сұлу құстардың бірі.

Аққуды атпаған, етін жемеген. Ал Европалықтар үшін  ақ көгершін хабар әкелетін жаршы құс. Адамдар қасиетті құс санаған. Европалықтар үшін  Ақ көгершін адалдықтың, тазалықтың, беибіт өмірдің белгісі. А. Жұбанов  Европалық үлгіде ең алғаш қазақ әндерін жазған. Сондай әнінің бірі «Ақ Көгершін» (әнді таспада тыңдап  әннің әуенін, ырғағын ажыратады).

III.Тақтаға салынған ою- өрнекті  түрлі - түсті қағазға салып қию «Орта табақ» 

(түрлі – түсті қағаз, қайшы) 

Сергіту сәті :  Қолымызды билетіп, қошқар мүйіз жасайық,

    Енді сәл – сәл сілкіллеп ,шапалақтап соғайық.

                         Домбыраны қолға алып әдемілеп ойнайық,

                         Көтерінкі көңілмен, ән мен жырға салайық.(Еркем-ай әніне)

VI. Домбырада«Жар – жар» әні

        «Салкүрең» халық күйі, «Сәулем-ай» халық әні

Қорытынды.

Балалар,біз бүгін сабағымызда А. Жұбанов әлеміне саяхат жасадық .Қандай

әсер алдыңдар?(Оқушылар жауабы)

Үй тапсырма:

А. Жұбановтың  әнін жаттау, домбырада «Жар-жар» әнін ойнап келу.

                        

5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мұхамеджан мен Қуаныштың айтысы.

Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Қазіргі заман айтысымен танысу. Айтыс өлеңдерінің мәнін тереңінен  ашып түсініп, ұғына білу. Өлең құрап үйрену.

Дамытушылық:Домбырада күй орындаудағы шеберліктерін шыңдау.

Тәрбиелік:Айтыс өлеңдерінің мәні мен маңызына терең бойлау.

Сабақ түрі:Жаңа сабақ

Ұйымдастыру формасы: топпен

Көрнекілік:Беинеслайд, домбыра.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

                                   2. Жаңа тақырып

                                   3. Домбыра үйрену

1.Ассалаумағалейкум,  ұландарым!

    Биікке  самғап ұшар қырандарым.

    Иіліп сәлем берді ұландарың,

    Биікке самғап ұшар қырандарың.

    Әрдайым домбыраны қалға алып,

    Тербетер ән мен жырға ұл - қыздарың.( айтыс әуенімен)

2.Балалар,   бүгінгі  жаңа  сабағымызда  белгілі  айтыс     ақындары Мұхамеджан Тазабеков пен Қуаныш Мақсұтовтың  айтысымен танысамыз. Сабақты бастамас бұрын 3 топқа бөлінейік. Әр топқа бүгінгі тақырыбымызға  байланысты тапсырмалар беріледі.

Тапсырмалар

     1-топқа: а) Айтыстың түрі, ерекшелігі.

                    ә) Тақырыбы, идеясы.

                    б) Өлең құрастыру (1,2 жолды құрастыру)

     2-топқа: а) Өлеңнің құрылысы.

                    ә) Ақындардың тілі, сөздігі.

                    б) Өлең құрастыру ( 2,3 жолын құрастыру)

     3-топқа:  а) Өмірдерек.

                     ә) Ақындарға тән қасиеттер.

                     б)  Өлең құрастыру (3 жолын құрастыру)  

Әр топқа тапсырмалар таратылып 10 минут уақыт беріледі .  Дайын болғаннан    кейін  түсіндіріп   айтып береді. Құраған  өлеңдерін домбыраман  айтыс әуеніне

салып айтады. Мұғалімнің  жауаптарымен сәйкес келеме тексеріледі.

 

 

 SHAPE  \* MERGEFORMAT

Айтыстың түрі, ерекшелігі

Өлеңнің құрылысы

Тақырыбы, идеясы

 

Өмірдерек

Ақындар тілі, сөздігі

Ақындарға тән қасиеттер

Мұхамеджан мен Қуаныштың  айтысы

 

3.  Домбыра үйрену:Халық күйі «Кеңесті» үйренуді жалғастыру.

                               Күй «Балбырауын»  Құрманғазы, «Шынаяқ» Қазанғап,

                               «Ақ сиса» Жаяу Мұса,

Қорытынды:  Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?( оқушылар жауабы)

Үй тапсырмасы:«Кеңес»күйін толықтырып ойнап келу.

 

5 сынып

Сабақтың тақырыбы:  «Қысқа қағыспа айтыс»

Сабақтың мақсаты:  Айтыстың жаңа түрімен танысу.                                                                         Айтыс өлеңдерінің мәнін тереңінен ашып түсініп, ұғына білу. Өлең құрап үйрену.

Дамытушылық: Домбырада күй орындушылық шеберліктерін шыңдау,  дамыту.

Тәрбиелік:Айтыс өлеңдерінің мән-мағынасына терең бойлап, өнеге алу.

I.Ұйымдастыру: 

                            Мұғалім:  Ассалаумағалейкум, ұландарым!

                                                 Биікке самғап ұшар қырандарым.

                                Оқушы:  Иіліп сәлем берді ұландарың,

                                                Биікке самғап ұшар қырандарың.

                                                Әрдайым домбыраны қолға алып,

                                                Тербетер ән мен жырға ұл-қыздарың.

II.Ал, балалар, өткен сабақта айтыс түрлерімен танысқан болатынбыз. Тақтаға  көңіл аударайық. Берілген өлең шумақтар арқылы айтыстың қай түріне  жататындығын  анықтаңдар.

               1. Атыңды шешең сүйіп қойған еркін,

                   Той болса түзетесің кәмшат бөркің.

                   2. Тұманда адасушы ем із болмаса,

                       Асқан асың татымас тұз болмаса.

          3. Бақа қызын беріпті көбелекке,

              Қара шыбын жүріпті жеңгелікке.

               4. Нұржаным, білдірейін сізге тағы,

                   Құс көрдім өзі жансыз бір аяғы.

               5. Байлардың жейтін асы – жая мен жал,

              Шығады нақ кедейден осындай сал.

              III. Бұл өлең жолдары бізге таныспа?( жоқ)

              Осы айтыстың   түрі  сабағымыздың   тақырыбы  Қысқа қағыспа айтыс.(5)

Біржан сал жолаушылап бір кедей адамның үйіне кездеседі. Сол үйдің  қызы қатықсыз  қара көже  құйып берсе, Біржан ернін ғана тигізіп қайтарады.

             

Сонда қыз:  -Байлардың жейтін асы - жая мен жал,

                   Шығады нақ кедейден осындай сал.

                   Қыс аяғы шаруаға қиын болды,

                   Көжеге кекіреймей ерніңді мал!- деген екен.

Біржан:        -Атанғам   ақындықпен  Біржан сері,

                                    Серінің күнде думан жүрген жері.

                                    Қарындасым, ағаңа сөзің өтті,

                                    Көжеңді басып-басып әкел бері,- деген екен.

Бұл айтыс XIX ғасырда шығарылғандықтан, мұндағы кейбір сөздер  ескіріп, қолданыстан шығуы мүмкін. Сол себептен  мағынасы  түсініксіз сөздермен танысып алайық. Өлең жолдарындағы асты сызылған сөздерге көңіл бөліңдер.

         Енді  сөздікке тақтаға қарайық

Сөздік:  1. Жая - жылқының екі жамбас сүйегінің түйіскен тұсындағы                         

                             дәмді, майлы еті.

               2. Жал - жылқының, құланның жал майы.

               3. Нақ - нағыз.

               4. Сал - сәнді киініп, ерекшеленіп жүретін сері әнші, мырза.

               5. Кекіреймей - бәлдену, бұлдану, тәкаппарлану.

                   ( Адамның    мінезі - құлқына байланысты айтылған сөз)

               6. Басып - басып  - құйып - құйып.

               7. Қатықсыз - еті, майы жоқ.

Көрініс   (Біржан мен қыздың айтысына)

Осы көріністін ақынға тән қандай  қасиеттерді байқадыңдар? (ұтқыр ой,

суырыпсалмалық, сөзге шешендік, шапшандық)

Осы өлең  жолдарда  не басым? (сын)   Сыңның қандай түрлері бар?

 

Қалжың

 

Әзіл

       
  Овальная выноска: Әзіл
    Овальная выноска: Қалжың
 

 


                                              

 SHAPE  \* MERGEFORMAT

Сын

Сықақ

 

кекесін

 

Сонымен, балалар тақтаға шыққан сөздерді байланыстыра отырып, қысқа  қағыспа айтыс дегеніміз  не екенін айта аламыз ба?

  • Ақындардың аяқ астынан бір-бірімен сын - сықақпен ұтқыр жауаптасуы.
  • Біржан сал мен қыздың айтысын, айтыс әуеніне салып айту.

IV. Шығармашылық кезең.

Қыздар – ұлдар  болып  екі топқа бөлінейік.

  Әр топқа тірек сөздер беріледі, осы сөздер арқылы сын, әзіл – қалжыңы

  басым өлең  құрастырып  көрейік.  Сіздерге берілетін  уақыт 5 минут.

                      

                   Қыздар:  Есепті_________________есектейсің,

                                   Қосуды________________есептейсің.

                                   Доп___________________жүгіріп-ап,

                                   Сабақтан______________сезінбейсің.

                                   Ұлдар-ау______________бұлданасың,

                                   Ермін деп_____________  мақтанасың.

                                   Тәкаппар______________   түзететін,

                                   Шартымнан___________ құтылмайсың.

 

                   Ұлдар:    Қыздар-ау____________  майысасың,

                                    Сымпылдап___________сын айтасың.

                                    Біліммен _____________  ойламайсың,

                                    Түлкідей_____________ бұлаңдайсың.

                                    Қыздар – ау,__________  күш саласың,

                                    _________   келмейтінін  байқамайсың.

                                    Сын айтып ___________ шаршағанша,

                                    ___________    түзетуге тырыспайсың.

 

Тамаша, керемет, жарайсыңдар! Ақын болуға лайық екенсіңдер.

Осы өлең жолдар арқылы не  айттыңдар? ( сын, қалжың, сықақ, кекесін)

Сонымен, қысқа қағыспа айтыс дегеніміз не? (анықтамасын айту)

 

V.Сабағымыздың  II  бөліміне  көшейік.   Құрманғазының  күйі «Балбырауын» саға буынын үйрену. Күйді үйреніп болған соң, Жаяу Мұсаның «Ақ  сиса» әні, Халық күйі «Келіншек», Қалық әні «Қалаулым» нақышына келтіріп ойнау.

             Қасиетті домбырамның үні бар,

                           Құдіретті әсем әннің үні бар.

                           Мәңгілікке мұра болар ұрпаққа,

                           Бұл өнердің өнегелі нұры бар.

                                

                          Ән «Нұр шашқан – Мұрагерім»

                          Өлеңін жазған:  Дүйсенбина Г. А.

                                                      Асылбекова Н.Қ.

                          Әнін жазған:      Асылбекова Н.Қ.

VI.Сабаққа белсене қатысқандарың үшін «5» деген бағамен бағалаймын.

Сабағымыз аяқталды , сау болыңдар.