Телефон доверия
email: sosh7@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-57-10 Басшы:62-45-15
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Біздің мектепте оқыған қызықты ма?
Голосовать
иә - 27
жоқ - 11
білмеймін - 10
Всего проголосовало: 48
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ Дарынды балалардың ата-аналарының проблемалары өте ауқымды және әр түрлі болады. Мысалы: 10 ата-ананың 9-ы дарындылықты анықтауды және оларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолдауды біле бермейді, ал 10 ата-ананың 7-і дарындылықты анықтауды өз құзырларына жатқызбайды, сондықтан да қазіргі уақытта 100 баланың тек 2-6 ғана дарындылығы анықталып, жұмыс жүргізілуде. Дарынды балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс жүйесінің қалыптасуы ата-аналардың оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімдермен тең құқықты екендігін айқындайды. Дарынды балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс жүйесі мұғалім мен ата-аналардың біріккен жұмыстарының тәсілдері мен формаларын құруға бағытталған.
  1. Түрлі жаңалықтар ашуда табысты оқу еңбегін қамтамасыз ету;
  2. Даусыз қарым-қатынас, жағымды адами көзқарас қалыптастыру;
  3. Баланың өзін ұнаған ісімен айналасуына, сонымен қатар, қолданбалы біліктілік пен дағдының кең аспектісін алуына жағдай жасау.
Негізгі мақсат – дарынды балалардың ата-аналары мен балаларының ынтымақтастығын қалыптастыра отырып, олардың жеке өзіндік қасиеттерімен танысу. Дарынды балалардың ата-аналарымен ынтымақтаса жұмыс жүргізудің негізгі міндеттері.
  • Баланың дамуына қолайлы жағдай жасау үшін ата-ана мен мұғалімнің біріккен жұмыс әрекеті.
  • Отбасы тәрбиесінің пайдаланылмаған ресурстарын орнату;
  • Баланың отбасы тәрбиесіндегі жақсы жақтарымен танысу, тәжірибе алмасу.
  • Ата-аналарының сыныппен мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесімен, оның балаларға қоятын талап-тілектерімен танысу.
  • Ата-аналарды сынып өміріне қатыстыру.
Осы міндеттерді шешуде мұғалімнің қызметі төмендегі принциптерді ескергенде ғана жүзеге асады.
  1. Ашықтығы.
  2. Бірлескен шығармашылық қызмет.
  3. Жеке және жас әрекшеліктерін есепке алу.
  4. Серіктестік қатынас.
  Мұғалімнің дарынды балалардың ата-аналарымен жұмысының құрылымы.
Мұғалімнің ата-аналармен жұмысы
Ұйымдастыру
Диагностика-аналитикалық
Ақпараттық-әдістемелік
Танымдық зерттеу
                      Ұйымдастыру жұмыстарына ата-аналармен ынтымақтаса жүргізетін жұмыстар жатады. Олар ата-аналар жиналысы, ата-аналар комитеті және т.б. Ата-аналар жиналысы – мұғалімнің ата-аналармен бірлескен қызметінің ең қажетті бөлігі. Кез келген педагогикалық іс-шаралар сияқты ата-аналар жиналысын өткізудің де өзіндік тәртібі бар. Яғни ата-аналар жиналысы ой-пікірлері бір жерден тоғысатын, серіктестер кездесуі сияқты болып өту керек. Мысалы, ата-аналармен өткізген ең бірінші жиналыстың құрылымын атап өтейік:
  • сәлемдесу;
  • өз балаларын осы мектепке оқуға бергені үшін ата-аналарға алғыс білдіру;
  • ата-аналарға ескертумен емес, ұсыныстармен шығу;
  • әр түрлі педагогикалық проблемаларды еске сала кету. Мысалы: «Ия, бұл кез-келген жанұяда кездесетін жайт...» «Осы жастағы балаларда болатын қасиеттер...» т.б. яғни, мұғалім өз тәжірибесінде әр түрлі қиындықтармен кездескенін, бұл қиындықтарды оңай жеңе алатындығын айта кеткені жөн.
  • тәрбиелеуде әр түрлі қиындықтардың кездесетінін, оған мұғалім өз көмегін аямайтындығын атап өткені дұрыс.
  • жиналыстың соңына таман мектеп бойынша немесе сыныпта қандай іс-шаралардың белгіленгенін, оған ата-аналардың қатысуы қажет екендігін де еске сала кеткен жөн.
Ата-анамен ынтымақтастық, түсінушіліктің, келісушіліктің өте маңызды негізі – диалогтық қарым-қатынас. Мұғалім оқушының жанұясына аса құрмет көрсетуге, онымен сөйлесуге дайын болу керек. Мұғалімге де, ата-анаға да бала тәрбиесі туралы біліммен қарулану керек. Ата-аналармен кездесуде оқушының тәртібі, оның мінез-құлқындағы өзгерістерді талқылап, бір шешімге келе керек. Мұғалім ата-аналарды баласының жеке даму картасымен таныстырып, кейбір мәселелерді шешу жолдарын іздестіру керек. Диагностикалық-аналитикалық жұмыс ата-аналармен байланысудағы басты бағыт. ата-аналардың пікірі, оны талқылау ата-аналардың оқу-тәрбие процесіне, мұғалімге деген көзқарастарының қандай екендігін көрсетеді. Жұмысты ұйымдастырудың формалары:
  • анкета, тест жүргізу, сұрақ-жауап алу.
  • Ата-ана туралы шығарма жазғызу, сурет салу.
  • Бала даму картасы бойынша жұмыс.
  • Баланың ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынасын қадағалау, оның әрекетін қадағалау.
Ақпараттық-әдістемелік жұмыс, ата-аналарды сыныптан тыс іс-шараларға қатыстыруға бағытталған. Егер ата-аналар мұғалімнің берген тапсырмасын тек орындаушы ғана емес, әртүрлі идеялар ойластырып соны мұғаліммен бірге талқылап, қолданса тиімді болады. Мысалы: ата-аналар «Білім күні», «Соңғы қоңырау», «Наурыз мейрамы», «Әкем, шешем және мен» сияқты іс-шараларға ғана қатыспай, басқа да музыкалды, интеллектуалды ойындарға, мысалы: «Білгірлер клубы» немесе «Классикалық музыканы ұнатушылар клубына» қатысса, оның берері мол болар еді.