ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ Дарынды балалардың ата-аналарының проблемалары өте ауқымды және әр түрлі болады. Мысалы: 10 ата-ананың 9-ы дарындылықты анықтауды және оларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолдауды біле бермейді, ал 10 ата-ананың 7-і дарындылықты анықтауды өз құзырларына жатқызбайды, сондықтан да қазіргі уақытта 100 баланың тек 2-6 ғана дарындылығы анықталып, жұмыс жүргізілуде. Дарынды балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс жүйесінің қалыптасуы ата-аналардың оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімдермен тең құқықты екендігін айқындайды. Дарынды балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс жүйесі мұғалім мен ата-аналардың біріккен жұмыстарының тәсілдері мен формаларын құруға бағытталған.
- Түрлі жаңалықтар ашуда табысты оқу еңбегін қамтамасыз ету;
- Даусыз қарым-қатынас, жағымды адами көзқарас қалыптастыру;
- Баланың өзін ұнаған ісімен айналасуына, сонымен қатар, қолданбалы біліктілік пен дағдының кең аспектісін алуына жағдай жасау.
Негізгі мақсат – дарынды балалардың ата-аналары мен балаларының ынтымақтастығын қалыптастыра отырып, олардың жеке өзіндік қасиеттерімен танысу. Дарынды балалардың ата-аналарымен ынтымақтаса жұмыс жүргізудің негізгі міндеттері.
- Баланың дамуына қолайлы жағдай жасау үшін ата-ана мен мұғалімнің біріккен жұмыс әрекеті.
- Отбасы тәрбиесінің пайдаланылмаған ресурстарын орнату;
- Баланың отбасы тәрбиесіндегі жақсы жақтарымен танысу, тәжірибе алмасу.
- Ата-аналарының сыныппен мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесімен, оның балаларға қоятын талап-тілектерімен танысу.
- Ата-аналарды сынып өміріне қатыстыру.
Осы міндеттерді шешуде мұғалімнің қызметі төмендегі принциптерді ескергенде ғана жүзеге асады.
- Ашықтығы.
- Бірлескен шығармашылық қызмет.
- Жеке және жас әрекшеліктерін есепке алу.
- Серіктестік қатынас.
Мұғалімнің дарынды балалардың ата-аналарымен жұмысының құрылымы. Мұғалімнің ата-аналармен жұмысы |
Ұйымдастыру жұмыстарына ата-аналармен ынтымақтаса жүргізетін жұмыстар жатады. Олар ата-аналар жиналысы, ата-аналар комитеті және т.б. Ата-аналар жиналысы – мұғалімнің ата-аналармен бірлескен қызметінің ең қажетті бөлігі. Кез келген педагогикалық іс-шаралар сияқты ата-аналар жиналысын өткізудің де өзіндік тәртібі бар. Яғни ата-аналар жиналысы ой-пікірлері бір жерден тоғысатын, серіктестер кездесуі сияқты болып өту керек. Мысалы, ата-аналармен өткізген ең бірінші жиналыстың құрылымын атап өтейік:
- сәлемдесу;
- өз балаларын осы мектепке оқуға бергені үшін ата-аналарға алғыс білдіру;
- ата-аналарға ескертумен емес, ұсыныстармен шығу;
- әр түрлі педагогикалық проблемаларды еске сала кету. Мысалы: «Ия, бұл кез-келген жанұяда кездесетін жайт...» «Осы жастағы балаларда болатын қасиеттер...» т.б. яғни, мұғалім өз тәжірибесінде әр түрлі қиындықтармен кездескенін, бұл қиындықтарды оңай жеңе алатындығын айта кеткені жөн.
- тәрбиелеуде әр түрлі қиындықтардың кездесетінін, оған мұғалім өз көмегін аямайтындығын атап өткені дұрыс.
- жиналыстың соңына таман мектеп бойынша немесе сыныпта қандай іс-шаралардың белгіленгенін, оған ата-аналардың қатысуы қажет екендігін де еске сала кеткен жөн.
Ата-анамен ынтымақтастық, түсінушіліктің, келісушіліктің өте маңызды негізі – диалогтық қарым-қатынас. Мұғалім оқушының жанұясына аса құрмет көрсетуге, онымен сөйлесуге дайын болу керек. Мұғалімге де, ата-анаға да бала тәрбиесі туралы біліммен қарулану керек. Ата-аналармен кездесуде оқушының тәртібі, оның мінез-құлқындағы өзгерістерді талқылап, бір шешімге келе керек. Мұғалім ата-аналарды баласының жеке даму картасымен таныстырып, кейбір мәселелерді шешу жолдарын іздестіру керек. Диагностикалық-аналитикалық жұмыс ата-аналармен байланысудағы басты бағыт. ата-аналардың пікірі, оны талқылау ата-аналардың оқу-тәрбие процесіне, мұғалімге деген көзқарастарының қандай екендігін көрсетеді. Жұмысты ұйымдастырудың формалары:
- анкета, тест жүргізу, сұрақ-жауап алу.
- Ата-ана туралы шығарма жазғызу, сурет салу.
- Бала даму картасы бойынша жұмыс.
- Баланың ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынасын қадағалау, оның әрекетін қадағалау.
Ақпараттық-әдістемелік жұмыс, ата-аналарды сыныптан тыс іс-шараларға қатыстыруға бағытталған. Егер ата-аналар мұғалімнің берген тапсырмасын тек орындаушы ғана емес, әртүрлі идеялар ойластырып соны мұғаліммен бірге талқылап, қолданса тиімді болады. Мысалы: ата-аналар «Білім күні», «Соңғы қоңырау», «Наурыз мейрамы», «Әкем, шешем және мен» сияқты іс-шараларға ғана қатыспай, басқа да музыкалды, интеллектуалды ойындарға, мысалы: «Білгірлер клубы» немесе «Классикалық музыканы ұнатушылар клубына» қатысса, оның берері мол болар еді.