Телефон доверия
email: sosh7@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-57-10 Басшы:62-45-15
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Біздің мектепте оқыған қызықты ма?
Голосовать
да/нет/незнаю - 22
Всего проголосовало: 22
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Дарынды бала ол қандай бала?

Қай халық үшін де ұлы мұрат – ана тілі мен төл мәдениетін сақтай отырып, оны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу. Ал болашаққа аманаттау міндеті,ең алдымен білім беру саласымен байланысты. Өйткені білім ғана қоғамды көркейте алады. Тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып,таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды қабілеттер аса жоғары бағаланған. Оларға дұрыс тәрбие берудің біздің міндетіміз. Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса ,олар ұлтымыз үшін мақтаныш .Сондықтан талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және оның бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орынын табуға көмектесу қажет. Жалпы,дарынды баланы таңдап алу ұзақ уақыттың жемісі десек қателеспейміз. Мұнда, «5»- ке оқитын баланың бәрі дарынды емес.Дарынды баланың ақыл – ойы, дербестігі,шығармашылық ой - әрекеті жоғары болады. Ол болып жатқан іске қанағаттанбайды, өздігінен ізденіп,жаңа іс- әрекет жасайды. Сондықтан мұндай баланы дер кезінде танып,бағыт- бағдар беріп , көмек көрсету- әр ұстаздың міндеті. Дарындылық негізі- ізденіс пен белсенділік. Жалпы олимпиадалар, көрмелер, лабораториялық жұмыстар, техника апталықтары, басқада шығармашылық істерге қатысу, түрлі байқауларды қою мен өткізу дарынды балаларды анықтауға көмектеседі. «Дарынды бала» ерекшелігі Дарынды балалардың ерекшелігін бірнеше тұрғыдан байқауға болады: Біріншіден, педогогикалық тұрғыдан: өзгеше ойлайды,көп көлемде білім меңгереді де оны ұмытпайды. Екінші, психологиялық тұрғыдан: Ішкі сезімі ерекше өте сезімтал, толыққанды, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп қояды. Үшіншіден, физиологиялық тұрғыдан: Дамудағы шапшаңдылық, жиі–жиі ойға берілу, қиял күшінің басымдылығы. Төртіншіден, әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: Адамгершілік сезімдері ерте дамыған, моральдық қасиеттері жоғары болуы. Дарынды балаларды анықтау үшін зерттеу жұмысының бөліктері: І. Баланың бағыты: өмірлік позициясы,сенімі, талғамы, қызығуы. ІІ. Танымдық психикалық қасиеттері: зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял. ІІІ. Оның сезімі және ерігі: ІV. Темпераменті: мінез – құлқының табиғи ерекшелігі. V. Мінезі: психикалық сипаты. VІ. Қабілеті: іс әрекет мүмкіншілігі. Мұғалім оқушыны дамыту үшін, бұл бөлімдердің барлығын толық білуі қажет. Сонда ғана ол оқушының дамуын педогогикалық психологиялық тұрғыдан дұрыс басқара алады. Жалпы қабілетті дамыту үшін қойылатын талаптар: 1. Туа біткен қасиетті тану 2. Отбасының жағдайы 3. Ата – анасының қолдауы. 4. Ұстаз біліктілігі. 5. Мектептегі оқыту мен тәрбиенің мәні Міне, осындай талаптар ұштасқан кезде ғана қабілетті, талапты, талантты оқушылардың ерекше қасиеттерін жетілдіру, одан әрі дамыту жұмысы ұйымдастырылады. Дарынды балалармен жұмысқа дайындық: 1. Дарынды оқушылар туралы мәлімет жиналып,қай бағытта екені анықталады. Сол бойынша пәнге бөлінеді. 2. Оларға түрлі зерттеулер жүргізіліп,соның нәтижесінде мінездеме жасалады. 3. Дарынды балалармен істелетін жұмыс жоспары жасалады. 4. Әр сабақ сайын, сынып сағаттарында, үйірме және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында дамыта дайындау жұмысы жүргізіледі. 5. Жоспарға сай жұмыс ұйымдастыру. Дарынды балалармен жұмыс: 1. Оқу материалын толық игеру. 2. Қосымша матералдармен, тестпен жұмыс 3. Мектепшілік,мектепаралық жарыстарға, олимпиадаға қатыстыру. 4. Ғылыми жоба қорғау. Ғылыми жұмысқа дайындық: 1. Баланың көңіл күйі, денсаулығы жайлы толық анықтау. 2. Ата – ананың рухани сауаттылықтарын білу 3. Ғылыми жұмыс жасауға ата – аналардың келісімін алу. 4. Ғылыми жұмыс жүргізуге кірісу. 5. Кездескен проблеманы шешу. Мұнда әр мұғалім табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыру үшін аянбай еңбек етіп өз міндетін атқару қажет. Мұғалімнің бірлескен жұмысының нәтижесінде ғана дарынды оқушылар жемісті еңбек етіп, күткендей жетістіетерге қол жеткізуге болады. Мұғалімге қойылатын талаптар: 1. Дарынды баланы анықтау. 2. Ата – анасымен мәдениетті сөйлесе білу 3. Дарынды балаларға арнап бағдарламалар түзе білу 4. Сабақта жаңа технологияның тиімді пайдалы жақтарын орынды пайдалана білу. 5. Балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін қосымша жаңа, тың тапсырмалар беру. 6. Оқушы жұмысын дұрыс бағалай білу. Бала бойындағы дарынды ашуда әрбір ұстаз өз жұмысын нақтылы жүргізсе, онда баланың өмірге деген көзқарысын қалыптастыра алады.