Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
31-66-62
email: soshg9@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Шөкин көш., 90
31-66-64 31-66-67
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі 15:00 - 17:00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ата-аналарға арналған ақпарат

Жаднама

Ата –аналарға кеңес

1.Егер мектепке дейін баламен айналысуға мүмкіндігі және ықыласы болса, мектепке келгенде оқи білуі керек. 7-8 жасқа қарағанда 4-5 жастан бастап  оқуға үйрету оңай.

2.  Баланың оқу жылдамдығы төмен болса,оған шыдаммен көмектес.
3. Балаларды оқуға үйретуде олардың қызығушылығына сүйен. Оқуды күшпенүйренген бала бұл біліктілігін құлықсыз пайдаланады.  
4.Баламен көбірек ойна.Мектепке дейінгі баланы сауаттылыққа үйрету үшін дыбыстар мен  әріптер ойыны арқылы жетеді.
5. Балаларға ертегі айт.Тіпті  едәуір ересек балалар да ұйықтар алдында өлең, ертегілерді жақсы көреді. Оларды бұл тыныштандырады. Жиі отбасымен оқулар ұйымдастыру керек.Ересек балаларға дауыстап оқу кіші балалардан гөрі қызығырақ.  

6. Өздеріңіз де оқыңыздар, себебі балалар әке-шешесінің  бос уақытында  теледидар алдында ғана өткізетінің көрсін.
7. Балалардың кейбір нәрселі мүлде естімегені, көрмегені жақсы: мысалы:ата-аналарының тұрмыс жағдайы  жөнінде дау-жанжалы сонымен қатар т.б.  Бірақ ата-аналарының оқыған кітабы бойынша пікір таласын естуі міндетті.
8. 7-16 жас аралығы – бұл өмір жолындағы оқуға деген қажеттік туып, оны өмір бойы жалғастыратын немесе бұл мүмкіндікті жіберіп алатын кезең  екенін естен шығармау керек.
9. Балалардың сұрағына бірден тез жауап беруге асықпау керек, керісінше өз бетімен өз сұрағына жауапты кітаптардан іздеп табуына кеңес берген жөн.
10. Үйде әртүрлі сөздіктер жинаңыз: түсіндірме сөздігің, орфографиялық, энциклопедиялық, шет ел сөздерінің және де т.б. балаға қажетті сөздіктермен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру керек.
11. Балаларға жақсы кітаптар сатып алуға, не сыйлауға тырысқан жөн, ол  міндетті түрде жазылған болсын. Ұлың не қызың қандай кітап оқитынына назар аударған жөн.
12.Баламен бірлесіп құрамында әртүрлі кітаптар бар кітапхана жасау керек. Онда тек қана  қиял-ғажайып, шытырман оқиғалар  ғана болмауы тиіс. 
13. Бірге кітап сатып алыңыз, оны бірге жөндеңіз, оқыған кітап бойынша бірге пікір талас жасаңыз. Бұл жағдайларда баланың оқу талғамының қалыптасуына ықпал жасау оңай.
14. Баланы  міндетті түрде кітапханаға жазыңыз. Арасында онымен бірге кітапханаға барған жөн.