Қысқы мезгілде Павлодар қаласының мектептерінде сабақты тоқтатуға рұқсат етілетін температуралық жағдаймен таныс болыңыздар.
1. Ауа- райы желсіз немесе желдің орташа жылдамдығы секундына 5 метрге дейін болғанда:
* 1-4 сыныптарда t – 30°С және төмен болғанда;
* 1-9 сыныптарда t – 33°С және төмен болғанда;
* 1-11 сыныптарда t – 38°C және төмен болғанда.
2. Желдің күшеюі секундына 5 метрден немесе одан көп болғанда:
* 1-4 сыныптарда t – 28°С және төмен болғанда;
* 1-9 сыныптарда t – 30°С және төмен болғанда;
* 1-11 сыныптарда t – 35° және төмен болғанда.
3. Желдің жылдамдығы секундына 20-25 метрге дейін болғанда 1-11 сыныптарда температураға қарамастан сабақ болмайды.
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті сынып жетекшілері, ата-аналар, оқушылар!
Ауа райына байланысты суық күндері сабақ болмауы туралы ақпаратты
Павлодар қаласының білім беру бөлімінің сайтынан қарау bilim-pavlodar.gov.kz
Таңертеңгі сағат: – 645 I – ауысым
Түскі сағат:- 1215 II – ауысым
Қазақстан-Павлодар, Ирбис телеарнасынан таңертеңгі сағат: -700де
қарауға болады.
Павлодар радиосын тыңдау керек
Таңертеңгі сағат: -715 I – ауысым
Түскі сағат:- 1210 II – ауысым