Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұялы телефондарды қолданудың Ережелері

Павлодар қ. №15 ЖОМ-нің оқу процессі уақытында ұялы телефондарды қолдану Ережелері

  1. Жалпы ережелер.
    1. Берілген ереже мектеп оқушылары мен жұмыскерлері үшін қойылады және № 15 ЖОМ мектебінің жұмыс кестесін ұйымдастыруды жақсарту мақсатын ұстанады, оқу процессінің барлық субъектілерінің: оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің білім туралы заңына сай азаматтық құқығын қорғау.
    2. Ережелерді ұстану білім беру қызметтерінің сапасы мен тиімділігін арттыруға, білім беру процессінің ыңғайлы психологиялық жағдайына кепіл болады.
  2. Негізгі ұғымдар.
    1. Ұялы телефон – коммуникация құралы және белсеңді жариялауға арналмаған қазіргі заман адамы иммиджінің бөлігі..
  3. Ұялы телефондарды мектепте пайдалану шарттары:
    1. Қандай да болмасын қолданушы мектепте ұялы телефонды қолданудың келесі ережелері мен шарттарын білуге және ұстануға міндетті:
      1. Мектеп ғимаратында телефонды вибровызов режиміне қою.
      2. Сабақ уақытында телефонды сөндіріп, алып тастау қажет.
      3. Есте сақтау керек, телефон сақтығы үшін міндет телефон иесіне (ата-аналарға, заңды иесіне) жүктеледі. Әкімшілік ұялы телефон жоғалған жағдайды қарастырмайды.
  4. Қолданушылар құқығы.
    1. Қолданушылар сабақтан тыс уақытта шұғыл жағдайларда мектеп ғимаратында қазіргі уақыттағы коммуникация құралы ретінде ұлы телефонды қолдануға құқылы.
  5. Қолданушылар міндеттері.
    1. Қолданушыларға тыйым салынады:
      1. Телефонды сабақта әртүрлі режимде қолдануға (сонымен қатар калькулятор, жазу кітапшасы ретінде, себебі білім беру процессінде техникалық оқу құралы қатарына міндетті түрде кірмейді).
      2. №15 ЖОМ-де болған кезде дауысты режим мен мелодия тыңдау режимдерін қолдануға. 
      3. Қатігездік, зорлық-зомбылық мәліметтерін сақтауға, таратуға, насихат жүргізуге.
      4. Ұялы телефон қолдану арқылы саналы түрде мектеп имиджіне зиян келтіруге.
      5. Айналадағылардың келісімінсіз ашық фото- мен видео- түсірілімдерді жасауға
  6. Ережелерді бұзғаны үшін міндеттеме. Берілген Ережелерді бұзғаны үшін келесі міндеттемелер қарастырылады:
    1. Ереженің 5 пунктін бір рет бұзғаны үшін оқушыға күнделікке жазу енгізілуімен ескерту жарияланады, егер 5.1.1. пунктін бұзғанда мұғалім телефонды мектеп әкімшілігіне беру үшін алады.  
    2. Ережелер қайталанып бұзылған жағдайда – директор атына шағым хат (оқушының түсініктеме хатымен бірге) және телефонды комиссиялық алып қоюы, мектеп әкімшілігінің ата-аналармен әңгімелесуі және телефонды оқушының заңды өкілдеріне беру, белгілі мерзімге телефон қолдануға тыйым салу.  
    3. Бір реттік дөрекі бұзылу фактілері кезінде (5.1.1, 5.1.3, 5.1.4, 5.1.5) телефонды алып қою, мектеп әкімшілігінің ата-аналармен әңгімелесуі, бүкіл оқу жылына ұялы телефонды қолдануға тыйым салуға дейін барады.