Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
1 сыныпқа қабылдау

Құрметті ата-аналар!

№17 ЖОББСОБ 2024 1 акпанан бастап 30 тамызға дейін бірінші сыныпқа қабылдау жүргізіледі

Құжаттарды қабылдау уақыты 9:00-18:30 дейін.

Дүйсенбі-жұма

Үзіліс 13:00-14:30 дейін

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢМЕКТЕПТЕРІНЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАЛАЛАРДЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Баланы бірінші сыныпқа тіркеу оңай бола бастады. Енді ата-аналар үйден шықпай-ақбірінші сыныпқа балаларын онлайн түрде тіркей алады. Жаздыңбасталуымен «Mektep Pavlodar» цифрлықжобасы іскеқосылды. «Бұл жоба білім беру ұйымына 1 сыныпқа балаларды автоматтандырылған түрде тіркеу болып табылады. Енді ата-аналар өтінішті электронды түрде бере алады, білім беру ұйымына қабылдау үшін керекті құжаттарды беруді жүзеге асыра алады, білім беру ұйымын және сыныпты таңдауға және оқыту тілімен танысуға мүмкіндіктері бар. Өтінішті қарау нәтижесін ата-аналар ұялы телефонға жеткізілетін PUSH-хабарландыру арқылы біле алады», - деп баяндады Павлодар қаласының білім беру бөлімі.

Уақытты үнемдеу - электрондық жүйенің басты артықшылығы. Сонымен қатар цифрлық формат барлық іс-әрекеттердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Әркім бірінші сыныпқа баласын өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта, үйден немесе кеңседен компьютер, ноутбук, планшет немесе тіпті ұялы телефон арқылы тіркей алады.

«Қызмет көрсету мерзімі: өтініш пен құжаттар топтамасын қызмет берушіге тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде push-хабарландырукеледі. 1 сыныпқа қабылдау мерзімі: 1 маусымнан 30 тамызға дейін», - деп атап өтті Павлодар қаласының білім беру бөлімі.

Сонымен қатар балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін төмендегідей құжаттар қажет:

1) ата-анасының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтініші;

2) баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

3) денсаулық жағдайы туралы анықтаманың (форма 026/у-3) электрондық көшірмесі;

4) 3х4көлеміндегі цифрлық фотосурет;

5) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия қорытындысының электрондық көшірмесі (қажет болған жағдайда).

Айта кететін жайт, бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептер білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сайтында https://bilim-pavlodar.gov.kz/content/view/1/20706?lang=kz -«Бірінші сыныпқа қабылдау» қосындысы ашылған.