Оқушыларға ОЖСБ –на дайындалу көмегінің ата –аналарға ұсыныстары
- Баланың тестілеуде алған бағалары үшін сөгіс білдірмеңіз, балаға бұл баға сенің мүмкіншілігіңнің шектеулісі емес деп сенім білдіріңіз.
- Баланың қобалжу сезімін емтихан кезінде көтермеңіз, бұл тестілеу кезінің нәтижесіне әсер етеді, себебі үлкендер өз қобалжуын меңгере алады, ал бала меңгере алмайды.
- Баланы әрқашан мақтай отырып ,ескертіңіз сенің қадамың дұрыс деп.
- Баланың өз-*өзіне сенімін әрдайымда бекіте отырыңыз, себебі баланың неғұрым қорқынышы аз болса ,қателер саны аз болады.
5.Баланың денсаулығын қатал бақылауға алыңыз, себебі сізден артық баланың шаршағанын ешкім сезінбейді.
- Баланың күн тәртібін бақылауға алыңыз, демалыс кезеңдерін пайдалануға мүмкіншілік беріңіз.
- Үйде дайындалу орнын қамтамасыз етіп, ешкімнің кедергі жасауына жол бермеңіз.
- Баланың тамақтануына ерекше назар аударыңыз, әсіресе дайындық кезінде тағамның витамнді көлемі қатал бақылауға алыңыз, балық, ірімшік, жаңғақ, т.б. тағамдар қосымын тағайындаңыз, себебі ми жұмысына жақсы әсер етеді.
- Балаға күн сайынғы дайындық тақырыптар бөлуге көмектесу.
- Алдын ала күн сайынғы дайындықта баланы уақытын дұрыс пайдалануға дағдыландыру, бұл балаға ерекше сенім қуатын береді, емтиханға сағатын беріңіз.
- Емтихан алдында бала ұйқысын қандырып, жақсы демалуын ұйымдастырыңыз.
Есіңізге сақтаңыз: ең маңыздысы -бұл баланың қобалжылығын төмендетіп, дайындық кезеңін нәтижелі қылады!!!!!