Нормативтік құжаттар
жоба
Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған
жол картасы
- Бағдарламаның төлқұжаты
Бағдарламаның атауы | 2015-2020 жылдары үш тілде білім беруді дамыту жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы ) |
Әзірлеу үшін негіз | Елбасының 2015 жылғы 23 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында берген тапсырмасы, сонымен бірге, «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет - 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 89-тармағын іске асыру шеңберінде |
Бағдарламаны әзірлеуші | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі |
Жол картасын іске асыруға жауапты ұйымдар | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
Мақсаты | Қазақстан Республикасында білім берудің барлық деңгейлерінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін үш тілде білім беруді кезең-кезеңмен енгізуді қамтамасыз ету және адами капиталды дамыту |
Міндеттер | - үш тілде білім беру шеңберінде тілдерді оқытудың бірыңғай стандартын әзірлеу есебінен бірыңғай білім ортасы контекстінде үш тілде білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету; - тілдерді үйрету талаптарына сәйкес оқу бағдарламаларының мазмұнын, білім беру ресурстары мен бағалау жүйесін жаңарту; - Қазақстанда үш тілде білім беру саласында тиімді ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету; - тілдерді үйретудің, оқытудың және бағалау жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкес қазақ тілін оқытудың эталондық рамасын әзірлеу- үш тілде білім беруді тиімді енгізу үшін педагог кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесін жетілдіру; - мүдделі тараптардың (мемлекеттік органдар , білім беру ұйымдары, ҮЕҰ, бизнес құрылымдар, ата-аналар қауымы, БАҚ және т.б. ) өзара тиімді іс-қимылын дамытуға ықпал ету; - үш тілде білім беруді іске асыру процесін ақпараттық қолдауды (үш тілде білім беру саясаты мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, теледидарларда, баспасөз құралдарында жариялау және т.б.) қамтамасыз ету |
Іске асыру мерзімі (кезеңдер) | 1-кезең – 2015 жыл2-кезең – 2016-2020 жылдар |
Мақсатты индикаторлар | Бағдарламаға сәйкес ағылшын тілінің сөздік қорын меңгерген мектеп жасына дейінгі балалардың үлесі (2015 - 7 %, 2020 - 30%).Тілдерді оқытудың деңгейлік жүйесіне сәйкес қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген бастауыш мектепті бітіруші оқушылар үлесі – 2015 - 52 %, 2020 – 75%.Тілдерді оқытудың деңгейлік жүйесіне сәйкес қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген негізгі мектепті бітіруші оқушылар үлесі – 2015 - 60 %, 2020 - 90%.Тілдерді оқытудың деңгейлік жүйесіне сәйкес қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген жоғары мектепті бітіруші оқушылар үлесі – 2015 - 70 %, 2020 - 95%.Үш тілде білім беретін мектептер саны (2015 - 110, 2020 - 700). Жаратылыстану-ғылыми пәндері мұғалімдерінің жалпы санынан жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді (физика, биология, химия, АКТ) ағылшын тілінде оқытатын педагогтардың үлесі (2015 - 2,5% , 2020 жылы - 25%).Үш тілде білім беру шеңберінде жоғары оқу орындарының арнайы бөлімдерінің күндізгі бөлімін бітірген түлектер үлесі (2015 ж - 12% , 2020 ж - 25%).Базалық циклдер пәндер мен бейіндік пәндерді ағылшын тілінде оқытатын ЖОО-ғы оқытушылар үлесі (2015 ж - 8%, 2020 ж. - 20%).Үш тілде білім беруді іске асыру үшін біліктілікті арттырудан өткен ЖОО-ғы профессорлар-оқытушылар құрамының үлесі (2015 ж. - %, 2020 ж. - %). |
Қаржыландыру көздері және көлемдері | Мемлекеттік бағдарламаны республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жыл сайын 6,38 млрд. теңгені құрайды.Жергілікті бюджеттен қаржыландыру білім беру жүйесін дамыту үшін тиісті жергілікті бюджеттерден жыл сайын көзделетін қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады |
- Ғылыми зерттеу қызметі
- Әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
- Кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру
- Институционалдық қолдау
- Ақпараттық қолдау
- Қаржыландыру