Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ОҒҚ
20160122_114526  

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғыы 12 наурыздағы № 194 бұйрығымен бекітілген ЖРВИ және тұмаудың әкелінуі мен таралуына жол бермеу алгоритмі

Төмендегілерге ерекше назар аудару қажет:
  • Болмау себептерін анықтау және балалардың сырқаттпну жағдайлары туралы аумақтық медициналық ұйымдарға хабарлау арқылы балалар мен қызметкерлердің күнделікті келуіне мониторинг жүргізу;
  • Балалар мен жасөспірмдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерде топтық оқшаулауды сақтай отыра, жіті респираторлық аурулар белгілері бар оқушылар мен педагогтарды сабаққа жібермеу үшін әрбір ауысымның алдында таертеңгілік сүзгі ұйымдастыру және жүргізу;
  • Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру объектілерінде, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтарында, интернат ұйымдарында, пасионаттарда, медреседе, баспаналарда сұрау, сырттай қарау, көрсеткіштері бойынша – қызу өлшеу арқылы әрбір ауысымдағы сабақ басталғанға дейін балалар мен жасөспірімдерге күнделікті сүзгі ұйымдастыру; әрбір қабатта немесе сыныпта ЖРВИ мен тұмауға күдігі бар балаларды уақтылы анықтау үшін санитарлық посттардың жұмысын ұйымдастыру;
  • Таңертеңгілік сүзгіде анықталған ЖРВИ мен тұмаудың белгілері бар балаларды (қызметкерлерді)уақтылы сабақтан (жұмыстан)шеттетуді ұйымдастыру, медициналық пунтке немесе учаскелік дәрігерді – үйге шақыру үшін үйге жіберу;
  • Бір күннің ішінде ауырған балаларды ата – аналары келгенге дейін тиісті қүтімді қамтамасыз ете отырып, изоляторға ауыстыруды ұйымдастыру;
  • Медициналық пункт пен изоляторларды қажетті медициналық жабдықпен және дәрі – дәрмекпен (термометрлер, қалақшалар, бетперделер, тұмауға қарсы препараттар) қамтамасыз ету;
  • Үй – жайларда +18-тан +22-қа дейін темпиратуралық режимді қамтамасыз ету;
  • Үзілістердің ұзақтығын 10 минуттан 15 минутқа дейін созу арқылы оқу кабинеттерінде; мектепке дейінгі балалар ұйымдарында балаларды басқа үй – жайларға шығару кезінде желдету режимін күшейту;
  • Санитарлық тораптарды сұйық сабын, бір рет қолданылатын сүлгілермен, сулықтармен камтамасыз ету.
  • Пайдаланылған бетперделер мен сулықтарды жинау үшін педальмен жарақталған қоқыс жәшіктерін орнату;
  • Оқушыларға жеке гигиена ережелерін сқтау және ЖРВИ мен тұмаудың алдан алу мәселелері бойынша тақырыптық диктаннар жаздыру.

Ескерту атап алыңыз!

12548945_1273066626053851_5139236946316446857_n

Зика вирусына карсы күресу дүниежүзілік денсаулық күні.

Зика вирусы 1947 жылы анықталды. Алғаш рет ол Уганда еліндегі Зика орманында өмір сүретін макакадан табылған. 2007 жылға дейін Зика вирусы адам ағзасында сирек кездесті: бар болғаны 15 қана жағдай. Дәл осы жылы Микронезия мен Полинезияда аталмыш вирустан туындайтын ауру жаппай тарады. Вирус масалар арқылы тарайды, алайда жыныстық қатынас арқылы адамнан адамға тараған жағдайлар да болған.

Вирустың белгілері

Вирус тудыратын Зика безгегіне төтеп беру оңай және ол адамды өлтіре қоймайды. Безгектің белгілері – бөртпе, бас ауруы, температураның жоғарылауы. Безгек вирус қанға түскен соң бірнеше күннен кейін басталып, бір аптаға жуық уақытқа созылады және осы уақыт аралығында ешқандай мардымды қиындық тудырмайды.

Зика вирусының каупі неде?

Зика вирусынан адамның өлуі өте сирек, адам өліміне дәл осы ауру себеп болды деген нақты айғақ жоқ десе де болады. Вирусты жұқтырғандар безгекке дәрігерге көрінбей-ақ төтеп береді, оның үстіне ауруға қарсы екпе де жоқ.

Микроцефалия – бас сүйек пен ми көлемінің өспей қалуымен сипатталатын туа біткен ауру. Әдетте ондай балаларда ақыл-ой кемтарлығы байқалады.

Зика вирусы микроцефалияға әкелуі мүмкін. Зика безгегі байқалған аймақта микроцефалиямен дүниеге келген сәбилер көбірек тіркелген. 2015 жылдың күз мезгілінен бастап Зика безгегі тұтанған Бразилияда микроцефалияның тіркелуі 30 есе өскен. Жүктілік кезінде безгекпен ауыру мен микроцефалий арасында байланыс бар екені ғылыми әдіспен дәлелденбеген; 2015 жылдың қараша айына дейін мұндай байланыстың болуы мүмкін екені мүлдем белгісіз болды, алайда Бразилияның Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген бақылаудан қандай да бір байланыс бар деген тұжырым жасауға болады.

Зика вирусының тағы бір қаупі – Гийен – Барре синдромы. Бұл бұлшықеттің әлсіздігінен көрініс табатын өте сирек аутоимундық ауру. 15 пайыз жағдайда синдром сал ауруына әкеледі. Көп жағдайда толықтай емделіп кетуге болады. Алайда тыныс алудағы қиындықтарға байланысты өлім қаупі бар. Микроцефалийдегідей, мұнда да байланыс ғылыми түрде анықталмаған.

Вирустың профилактикасы

Зика вирусын жұқтырмау үшін маса-тасымалдаушылары мен олардың көбейетін орындардан аулақ болу керек. Бұл аурудың санын азайту үшін масалардың көбею ошағына профилактика және бақылау жүргізу керек (көбейетін орындарын және өзгерту жою керек) және масалар мен адамдардың мүмкіндігін төмендету.

Бұл үшін денені толығымен жауып тұратын киім кию керек (мүмкіндігінше ашық түсті), физикалық бөгеулер және есік -терезелерге қауіпсіздік үшін торлар қолдану. Сонымен қатар, маса көбейетін орындарды босату, тазалау және су құйылып кетуі мүмкін ыдыстардың бетін жабу керек. Әсіресе өзін қорғай алмайтын балаларға, науқас адамдарға және адамдарға ерекше көңіл бөлу керек.

Зика вирусы емделе ме?

Зика вирусы ауруы тез өтеді және жұқпа емдеуді қажет етпейді.Зика вирусын жұқтырған адамдар безгекті және ауруды шығару үшін көп демалуды қажет етеді, сұйықтықты және дағдылы дәрі -дәрмектерді қабылдауы керек. Белгілер күшейген жағдайда жедел түрде медициналық көмеке жүгіну қажет. Осы уақытқа дейін бұл ауруға қарсы вакцина жоқ.