Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақ халқының пайда болуы туралы тарихи алғы шарттар

Қазақ халқының пайда болу тарихын екі топқа бөлуге болады: лексикалық және антропологиялық. Бірінші кезеңі шаруашылық, мәдениеттік дәстүрлермен, этникалық бірлесумен, нәсілдік құралумен айқындалады. Қола дәуірінің андронов мәдениеті кең таралған. XV-XVI ғасырларда қазақ халқы мен оның этникалық территориясының көп ғасырлы қалыптасу процесі аяқталды. Қазақстандағы этникалық процестердің шешуші кезеңі біздің дәуіріміздегі 1-мыңжылдық ортасында түріктердің жаппай қоныстануымен байланысты.Монғол империясының құрылуы және ұлыстардың қалыптасуымен тайпалар мен халықтың ықпалдастығы жеделдеді. XV-XVI ғасырлардың 2-ші жартысында қазақ халқының негізгі этникалық топтарының, этникалық территорияларының мемлекеттік бірлесуі қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуын жылдамдатты. Монғол шапқыншылығы қазақ халқының құрылу процесіне бөгет жасады, бірақ тоқтата алған жоқ. Шаруашылық өмірі қалыптасып, шығуы, тектік, тілдік, материалдық және рухани мәдениеті ортақ тайпалар қарым-қатынасы нығая бастады.Қазақ халқының бірігуі этникалық тұтас территориялардың қалыптасуымен қатар жүрді. Әртүрлі этно саяси, шаруашылық, географиялық факторлардың әсер етуінен Қазақстан территориясында үш этно территориялық бірлестіктер пайда болды. Ол Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз. Олардың қалыптасуына географиялық, саяси, экономикалық факторлар әсер етті. Қазақ – түркі сөзі. Түркі термині «қазақ» бастапқыда «тәуелсіз», «көшпелі», «еркін кезбе» мағынасында халықтың әлеуметтік мәртебесін анықтау үшін қолданған. Сондықтан, Жәнібек хан мен Керей хан Әбілхайырдың көшпелі өзбек хандығынан қоныс аударғанда, олар «өзбек –қазақ »- деп, кейін олардың хандығының нығаюына қарай «қазақ» атала бастады. 1465 жылы Керей хан билікке көшкенде жаңа мемлекет Қазақ хандығы деп аталды.