Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақ хандығының құрылуы

Қазақстан территориясында мемлекеттік құрылымдар монғол шапқыншылығына дейін болған.VI-VII ғасырларда Қазақстанның оңтүстігінде ерте феодалдық мемлекет Батыс-Түрік қағанаты құрылып, кейін, X ғасырда Қарахан феодалдық мемлекеті Қарлұқтар (VIII-IX ғ.) пайда болды. X ғасырда Қазақстанның солтүстігінде Қимақтар мемлекеті құрылды, кейін Қыпшақтар аталған. Монғол шапқыншылығынан кейін сол кездегі мемлекеттік құрылымдар жойылды.Қазақ жері Шыңғысхан ұлыстарына бөлінді. Жошы мен Шағатай, Темір шабуылдары егін-шаруашылық, қоғамдық-экономикалық, патриархаттық-феодалдық тәртіпті баяулатты. Алайда, XIV-XV ғасырларда Қазақстан территориясында болған әлеуметтік-экономикалық, және этносаясаттық процестер Қазақ хандығының құрылуына әкелді. XV ғасырдың екінші жартысында құрылған хандықтар Алтын Орда, оған жақын мемлекеттік құрылымдардан айырмашылығы – олар жаугершілік нәтижесінде емес, жергілікті экономикалық және этникалық негізде пайда болған. XV ғасырда Әбілхайыр хандығы құрамына Сырдариядан Сібір хандығына дейін ауқымды территория кірген. Хандық «көшпелі өзбек» аталса да, негізгі тұрғындары қазақтар болған. Бұл кезде Өзбек хандығында жошы мен шайбани ұрпақтарының арасында әулеттік күрес өршіп кетті. Шайбани әулетінің көсемі Әбілхайыр хан жауы жошы әулетіне күн көрсетпеді. XV ғасырдың 50-60 жылдары Ұрұс ханның ұрпағы, Ақ Орда билеушісі Барақ ханның ұлы Жәнібек және оның туысы Керей көшпелі, жартылай көшпелі халықтың ішіндегі өзіне бағынышты ру топтарын біріктіріп, Оңтүстік-Батыс Жетісу, Моғолистанға көшті. Жошы әулетінің басшылары Жәнібек пен Керейдің қоластындағы рулардың Шу мен Талас өзендері алқабына көшуі Қазақ хандығының негізін құруға жол салды. XV ғасырдың 50-60 жылдары, он жыл көлемінде қазақ халқының Жетісу өңіріне ығысуы сұлтандардың қалыпты көшуі болмайтын.Қарамағындағы халықпен феодалдық топтар ғана емес , мыңдаған қарапайым шаруа да көшті. Бұл езілген халықтың феодалдық шиеленістерге, соғысқа, салық пен жазалауларға наразылығы болатын. Қазақ хандығына қарсы тұруға, Жәнібек пен Керейдің билігін ыдыратуға Әбілхайыр ханның күші жетпеді.

1468 жылдың қысында Әбілхайыр хан Қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанады, бірақ сапары сәтсіз аяқталып, осы жорық кезінде қаза табады. Жәнібек ханның, Керей ханның қоластындағы рулар саны қазақ даласы, Жетісу тайпалары мен руларының қосылуы есебінен көбейеді. Жазбаларға қарасақ, Сырдария қалалары мен Дешті Қыпшақ даласында өз билігін нығайтуға, хандығын кеңейтуге бағытталған алғашқы қазақ хандарының белсенді ішкі саясаты байқалады. XV ғасырдың соңғы отыз жылы Қазақстан мен Орта Азия тарихында ірі саяси оқиғалар кезеңі. Қазақ хандығы күшейіп, Қазақстанның барлық территориясын басып алуды көздеді. Бірнеше феодалдық иеліктерге бөлініп кеткен Моғолистан әлсірей бастады. Біртіндеп Темір ұрпақтарының әскери қуаты мен ықпалы түсе бастады. Хан тағы үшін күресте билікті Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани(1451-1510ж.) тартып алды.Мұхаммед Шайбани Дешті Қыпшақ пен Сырдария территориясында билігін сақтау үшін қазақ хандарымен үш жыл шайқасты. Бұл шайқас 1486 жылы Мұхаммед Шайбанидің жеңілісімен, оның Хорезмге кетуімен аяқталды.Қазақ пен монғол күштерінің бірнеше үлкен шайқасынан кейін Жетісудың қазақ тайпалары мен рулары қазақ хандарына қосылды. XVI ғасырда Қазақ хандығы қазақ халқын құратын барлық этникалық топтарды біріктірді.