Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Адамгершілік тәрбие

«Адамгершілік» термии сөзі өзінің бастапқы «адамдық» сөзінен алынады. Латынша адамдық сөзі /moralis/– мораль. «Адамдық» – бұл, өзінің күнделікті іс- әрекетінде, өзінің мінез- құлқымен адамдармен қарым- қатынасқа түскенде қолданылатын өлшем. Адамдық қасиет мәңгілік емес және өзгеретін санатқа жатпайды, олар әдет күші бойынша қалыптасады, қоғамдық көзқарасты белсенділікпен қолдайды»

Моральдық талаптармен бірге, адамның қалай өмір сүру керектігі , қоғамдық орындарда өзін қалай ұстау қажеттілігі туралы ұсыныс түрінде нақты адамдық қалыптасады.

Тарихи мораль қоғамның дамуымен үнемі өзгеріп отырады. Халықтар мен барлық кезеңдерге арналған бірыңғай ғибрат жоқ. Қоғамдық –экономикалық маусым бойынша адамгершілік туралы ұғым ауысып отырды.

Л.А. Григорович келесі анықтаманы береді, «адамгершілік» – бұл ұжымдық, тәртіптілік, кісілік, қайырымдылық сияқты сапалы қасиеттерді біріктіретін жеке мінездеме»

И.С. Марьенко «адамгершілік –мінез- құлқының дұрыстығын, дәлдігін, өлшемін сақтауды жүзеге асыратын жеке тұлғаның құрамдас жағы. Олар Отанға, қоғамға, ұжымға, жекелеген адамдарға, өзіне – өзі және еңбекке құрметпен қарайды..» деп түсінік береді.

«Адамдық өлшем» – бұл адамның нақты жағдайларда қалай іс- әрекетке баруын анықтайтын талап пен ережелер.

Адамдық өлшем балалардың нақты бір іс- әрекетін оятуы немесе одан сақтандыруы мүмкін.

«Тәрбие» - жеке тұлғаның қалыптасуына бағытталған процесс. Бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өз- ара басқарылатын және бақыланатын арнайы ұйымдастырылған , соңында қоғамға қажетті және керекті жеке тұлғаның қалыптасуын өзінің мақсатында қолданатын іс-әрекет.

«Адамгершілік тәрбиенің» түсінігі көлемді. Ол адамның барлық өмірлік іс- әрекетінің жағына кіреді.

Сондықтан атақты педагог В.А. Сухомлинский жеке тұлғаның барлық жағынан дамуы туралы тәрбие жүйесін жасады. «Адамгершілік тәрбиенің өзектілігі – жеке тұлғаның адамгершілік сезімін дамыту»

«Адамгершілік тәрбие» - бұл тәрбиеленушілердің қоғамдық моральдық талаптарына сәйкес, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында мінез- құлқы мен сезімдеріне, түсініктеріне жүйелі және мақсатты түрде әсер ету»

Адамгершілік тәрбие жалпы адамдық ғибрат мөлшеріне сәйкес, кіші жасөспірімдердің барлық өмірін ұйымдастыратын педагогикалық процесс түрінде жүйелі түрде жүзеге асырылады:, олардың жеке және жас ерекшелігі есебімен іс-әрекет, қарым- қатынас.

Толық процесс нәтижесі қоғамдық бағалы құндылықтарды, әдет, дағды, адамгершілік еркіндігі, ұят, адамгершілік сезім, толық жеке тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру болып табылады.

Адамгершілік тәрбиесіне: қоғаммен байланыс санасын қалыптастыру , оған тәуелділік, қоғамның қызықты мінез – құлқымен келісуге міндетті ; адамгершілік мүдделермен танысу, қоғам талаптарымен, дәлелдері мен олардың ақылдылығы; адамгершілік білімді адамгершілік нанымға айналдыру, осы наным жүйесін қалыптастыру; төзімді адамгершілік сезімін қалыптастыру, жоғары мәдениеттілігі адамдардың адамға деген негізгі құрметін туғызады. «Жеке тұлғаның адамгершілік тәрбиесі» – педагогикалық және әлеуметтік көріністер туғызатын ,күрделі және көпқырлы процесс. Бірақ адамгершілік тәрбиесі танымал түрде автономиялы. Осы өзгешелікті өз уақытында А.С. Макаренко атап көрсеткен.

Адамгершілік тәрбиенің негізігі міндеттері:

1.Адамгершілік тәрбиені қалыптастыру;

2. Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту;

3. Адамгершілік тәртіптің білімдерін және дағдыларын шығару;

Адамгершілік ақыл –ой – өнегелік қарым-қатынастың , жағдайдың белсенді үрдісінің айнасы.

Адамгершілік ақыл –ой дамытудың субъективті қозғалыс күші болып өнегелік ойлау саналады , ол өнегелік фактілерді үнемі жинақтайтын , ой елеегінен өткізетін, қарым-қатынасқа түсетін, жағдаяттардың, олардың талдауын жасайтын, бағалайтын, шешім қабылдайтын, , жаңа таңдаулар жасайтын үрдіс.

Адамгершілік күйініш, ұяттан іш-құса болу сезімдердің бірлігінің арқасында пайда болады,

Тұлғаның өнегелілігі өзі басқаруға алған қарым-қатынас жүйелерінен тұратын субъективті моралдық принциптерден құралады.

Адамдық сезімдер , ақыл-ой және сана мен ойлау адамдық еркіндікті айқындаудың ынтасы болып табылады. Өнегеліктен тыс және өмірге деген тәжірибелік қарым-қатынассыз адамдық тұлға болмайды. Ол адамдық сезіммен және есті жігерлілік бірлік болғанда өмірге деген адамгершілік көзқарас жүзеге асады.

Моральдық әдеттің бастауы – терең естің және тұлғаның эмоционалдық көріністерінің баға біріліктері, адамдар арасындағы қарым –қатынас, олардың моральдық қасиеттері.

Моральдық әдет – ол моралдық идеяның және көзқарастың әліппесі.

Моральдық әдеттерді қалыптастыру – ол тәрбиешінің, тәрбиеленушінің рухани әлеміне ену жолы, онсыз адамды түсіну және оған нәзік құралдармен әсер ету – бір сөзбен айтқанда –әсемдікпен.

Моральдық әдет арқылы қоғамдық сана мен қоғамдық мораль тұлғаның рухани табысы болып табылады. Моральдық әдетсіз өзін өзі тәрбиелеу, өзін өзі сыйлау болмайды.

Тұлғаның өнегелік тәртібі төмендегідей келесідей тізбектеледі:

-өмірлік жағдай – адамгершілік сезімдік күйініш –жағдайды және тәртіптің себептерін адамгершілікпен түсіну,

- шешімді таңдау және қабылдау – күштің ынтасы –іс. Өмірлік тәжірибеде , әсіресе экстермальды жағдайларда үнемі аталған компоненттер бірлестікте жүзеге асырылады.

Адамгершілік тәрбиенің маңызды құралы болып мәдениетте әр кезеңде қалыптасқан өнегелік идеалдардың тарихи дамуы , оның ішінде адам баласы ұмтылған өнегелі тәрбиенің үлгілері.

Адамгершілік өнеге гуманитарлық дүниетаным ауқымында көзқарастардың жалпылама жүйелерінде және сенімділік, мұнда адам өзін табиғи және әлеуметтік қоршаған ортасына өзінің қарым –қатынасын білдіреді және адамның айналасында шоғырланады.

Сонымен қатар, адамның қарым –қатынасы тек әлемге деген көзқарастан тұрмайды, дегенмен қоршаған ортасындағы өз орнын, өзге адамдармен байланысын бағалайды.